Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы республикада қашықтан оқыту бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысын талдау мынаны көрсетті



бет28/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   234
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы республикада қашықтан оқыту бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысын талдау мынаны көрсетті.
1. Білім алушылардың қашықтықтан оқытудың әртүрлі құралдарын пайдалануы:

  • орыс тілінде оқытатын мектептердің мұғалімдері сандық оқу материалдарын көбірек пайдаланды;

  • Респонденттердің 22,2%-ы өз мұғалімінің сабағы арқылы видеобайланыс, телеабақтар режимінде қашықтан оқитындарын айтқан;

  • оқушылардың 49% - дан астамы қашықтан оқыту кезінде дербес оқуға төселді.

2. Зерттеу қорытындысы бойынша қашықтан оқыту түрінің артықшылықтары:

  • тұрғылықты жеріне қарамастан қол жетімді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға мүмкіндік береді;

  • жеке білім беру траекторияларын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, үлгерімі нашар оқушылар, педагогтердің пікірінше, оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарады;

  • білім алушыларды өзіндік жұмысқа ынталандырады;

  • елдің географиялық ерекшеліктерін және ауыл мектептері үшін қашықтан оқытудың қолжетімділігін ескере отырып, оқытудың осындай нысанын қолдану өзекті болып табылады.

2. Зерттеу қорытындысы бойынша қашықтан оқыту нысанының қиындықтары:

  • жаңартылған бағдарламалар бойынша педагогтердің пәндік білімдері мен жұмыс дағдыларының жеткіліксіздігі;

  • мұғалімдердің қашықтан жұмыс істеуге дайын болмауы. Білім беру платформаларында жұмыс тәжірибесінің, желіде жұмыс істеу дағдыларының болмауы;

  • жүйелі түрде интернет пен сандық платформалармен қиындықтар туындады.

Дәстүрлі емес жағдайларда оқытудың жаңа және өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологияларын белсенді меңгерген, өзінің кәсіби қызметі үшін жағдайларды түбегейлі өзгертуге дайын болған педагогтердің басым көпшілігінің жақсы бейімделу қабілеті қалыптасқаны байқалды.
Субъективті және объективті сипаттағы қиындықтар қашықтан оқыту технологиясына техникалық және әдістемелік қолдауды күшейту; қашықтан білім беру процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің жүйелі курстық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігіне себепші болды.
Оқу бағдарламасы мазмұнының көлемін оңтайландыру, тақырыпты барынша ашу үшін тапсырмалар түрлерін таңдау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар контекстінде қолда бар электрондық цифрлық ресурстарды бағалау мен қолдануды ұйымдастыру мәселелері біліктілікті арттыру курстарының мазмұнында өз орнын табуы тиіс.
Қиындықтар мен проблемаларға қарамастан, қашықтан оқыту оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып және білім беру мазмұнының тұтастығын сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін жалғастыруға мүмкіндік берді.


2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқуға көшуге байланысты «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» әзірленді (ҚР БҒМ 13.08.20ж №345 бұйрығымен бекітілген)


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

  • Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етіледі. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады.

  • 5-тен 180 адамға дейін контингенті бар шалғайдағы ауыл мектептерінде, санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейін штаттық режимде оқыту жүзеге асырылады.

  • Халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептердің аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.

  • Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға) ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.

  • Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.

  • 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар мынадай тарауларды қамтиды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет