3. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ
Педагог мәртебесін Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңы айқындайды және педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін, шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
Педагог кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.
«Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына сәйкес, педагог бес еңбек қызметін жүзеге асырады: :
Оқытушылық: оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуды үйретеді
Тәрбиелік: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады
Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады
Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді
Достарыңызбен бөлісу: |