Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру болып табылады



бет39/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   234
4) Мектептегі отбасылық тәрбиенің мақсаты келесі құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.
2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ сәйкес білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының маңыздылығы басым болады. «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында мектептерде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» құру қажет. Бұл мектептерді құрудың мақсаты бала тәрбиесіндегі отбасы ролін көтеру болып табылады.
Мұғалімдердің отбасымен өзара әрекеттесу сипаты негізінен мектепке әр түрлі көзқараспен қарайтын, мектепте және сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлін көретін, балаларын отбасында басқаша өсіретін және әртүрлі интеллектуалдық деңгейге ие ата-аналардың ұстанымына байланысты.Сондықтан жаңа форматта ата-аналарға арналған дәрістер мен ата-аналардың қатысуымен бірлескен іс-шаралар өткізу ұсынылады.
Отбасымен және ата-аналармен жұмысты дифференцияланған түрде құру керек, бәріне бірдей қарым-қатынас орнатпай, бірақ ата-аналардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, әсіресе отбасы мен отбасылық тәрбиеге назар аударып, оларды мектеп, сынып және баланың болмысына табандылықпен енгізе алады. Бұл үшін ата-аналармен және балалармен жеке әңгіме жүргізу үшін педагогикалық және ата-аналар консилиумдарын құру маңызды, оның нәтижесінде баламен жүргізілетін педагогикалық іс-әрекеттердің нақты бағдарламасы мен жүйесі үйлестіріледі. Атап айтқанда, баланың үй жағдайымен танысу үшін отбасына бару, отбасылық мәселелер және бала тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер өткізуді қамтиды.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша ұсынымдамалар орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмыстарында отбасылық құндылықтарды жүзеге асырудағы жетекші құрал болып табылады (https://www.nao.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет