Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



бет41/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   234
6) Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие: эстетикалық сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын көркемдік-эстетикалық қабылдау.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие мектепте өзге мәдениеттердің, ұлттардың, діндердің өкілдерімен толерантты қарым-қатынас орнатуға бағытталуы тиіс. Бұл бағытты іске асырудың негізгі тетіктеріне: Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру; балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмелерін, халықтар достығының фестивальдерін, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру. Жыл сайын тәрбие жұмысының жоспарына білім алушыларды көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиелеу шараларын енгізу ұсынылады (төзімділік сабақтары, Жер күніне арналған акциялар, Халықаралық бейбітшілік күніне арналған бір сағаттық ақпарат және т.б.).
Көркем-эстетикалық тәрбие аясында орта білім беру ұйымдарында отандық мәдениет жетістіктерін – кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық әуендер, халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мұралары – ертегілерді, аңыздарды, оқиғаларды, өсиеттерді, эпостарды меңгеру және жетілдіру жатады. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Театр өнері арқылы адамгершілік-эстетикалық тәрбие балаларға адамның іс-әрекеттерін қалыптастыратын әрекеттерді қабылдау, түсіну және түсіндіру шеберлігін қалыптастыруға негіз болатын, оның көркем тілімен танысуға көмектеседі. Өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында әр мектепте «Балалар мен театр» ағартушылық жобасын жүзеге асырудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет