53
екенін, ата-аналар балаларды тәрбиелеуге жауапты және бала үшін отбасы-бұл
тәрбие негізі, адамдарға, табиғатқа деген карым-қатынас қаланатын әлем екенін
түсінуге кӛмектесу.
Балалардың құрдастарына мейірімді қарым-қатынасын дамытуға,
адамдарға деген құрмет сезімін, игі істер жасауға ұмтылысын тәрбиелеуге
ерекше кӛңіл бӛлу қажет .
Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі
құзыреттерді
қалыптастыру
«Денсаулық»,
«Қатынас»,
«Таным»,
«Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге
асырылатын болады:
1) креативтілік-шығармашылыққа деген қабілеттілік, жаңаны ойлап
шығару мүмкіндігі. Креативті ойлау дағдылары:
- қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша затты табу;
- екі немесе одан да кӛп объектінің жалпы және әртүрлі белгілерін табу;
- объектінің сипаттамасы бойынша мүмкін болатын әрекеттерді тану;
- бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқа затқа ауыстыру;
- шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру.
Сыни ойлау технологиясын қолдану балаға тәрбиешінің сұрақтарына
жауап беруге, ӛз сұрақтары мен мәселелерін ойлануға мүмкіндік береді.
Педагогтің сыни ойлау технологиясының тиімді тәсілдері мен әдістерін
қолдануы балалардың пікірін білдіруін қалыптастырады, дербестігін,
жауапкершілігін, әлеуметте бағдарлай білуін дамытады.
2) коммуникативтілік-қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, тіл табысу,
үйлесімділік орнату қабілеті (бірлесіп жұмыс істеуге қабілеттілік).
3) командада жұмыс істей білу - бұл бір-бірімен келісе білу, ӛзара пікір
алмасуды қолдау, басқа адамдарды түсінуге тырысу, ӛзінің және ӛзге
адамдардың әрекеттерін бағалай білу. Командада жұмыс істеу дағдыларын
үйрету балаларға кез келген әлеуметте (балабақша, құрдастары және т.б.)
бейімделуге септігін тигізеді.
4) сыни ойлау- нәтижелі түрде пікір алмасу үшін қажетті қасиеттерді:
тӛзімділікті, ӛз әрекеттеріне жауап беруді, тыңдау қабілетін дамытатын
(жұппен және топтық жұмысты қолдану, пікірталас) әлеуметтік ойлау.
Сыни ойлауды дамыту мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- баланың пікірін қалыптастырмас бұрын білім алуға деген ұмтылысын
ояту;
- баланы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, ӛз сұрақтары мен
мәселелерін ойлануға үйрету;
- баланы дайын білімді қолданбай, әрекет процесінде туындайтын білімін
қолдануға деген ынтасын тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: