Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет170/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
«Жаратылыстану» 
білім саласында келесі пәндер оқытылады: 
«Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-
9-сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар. 
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи 
құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты 
танудың ғылыми әдістерін ашып кӛрсетеді. Ол табиғаттың бір бӛлігі ретінде 
адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы ӛзгергермелі әлемдегі ӛз орнын 
сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін 
тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 
«Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның 
кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология 
пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады. 
Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша 
келесі пәндер оқытылады: 
5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»; 
7, 8,9 -сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика». 
Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан 
бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері 
оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін 
және әлемнің біртұтас ғылыми кӛрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің 
болуын жояды, ӛйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» 
пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын. 
«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды 
оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал 
етеді, оған сәйкес осы тӛрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық 
кезеңде зерделенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет