ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы


Физика Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаты



бет16/20
Дата10.06.2017
өлшемі6,55 Mb.
#18700
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Физика
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика» пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және дағдыларды меңгеру негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды қалыптастыру.
Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі:


  • қазіргі жаратылыстанудағы физиканың маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;




  • оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан ойлауын дамыту;




  • оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға;




  • қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;




  • базалық білім негізінде экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.




«Физика» пәнін оқытқанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасындағы талаптардың ерекшелiктері, яғни оқушылардың өз бетінше жасайтын практикалық және жобалық жұмыстардың орындалуына мән беріледі. Пәнішілік және пәнаралық байланыстар, оқу процесінің логикасы, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.


«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады.
Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», ««Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», және т.б.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану көзқарасын қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қамтамасыз етіледi:


  • қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық құбылыстарды әр жағынан және әртүрлі жағдайда қарастыру дағдысы;




  • физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс орнату;




  • физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 144



Жалпы орта білім беру / «Жаратылыстану» білім саласы


ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;




  • физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану;




  • әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;




  • физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне орынды қатынас және тапсырмаларды бірлесе орындау үдерісінде ынтымақтастықтың тiлегi;




  • қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімі, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды бағалауға дайындық; ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Физиканы оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу үдерісінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдерді және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуы қажет.


Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бiлiм беру мазмұнында адамзат қызметінің әр түрлі саласында қолдана алуы үшін теориялық және практикалық білімдерді органикалық үйлестіру, физикалық тәжiрибелерді орындағанда оқушылардың дағдыларын дамыту және қазiргi заманғы техникада қолданылатын физиканың ең маңызды жетiстiктерін таныстыру ескерілуі қажет. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жобалық және iздену, зерттеушiлік іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы ұсынылады. Пән -оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын жасау қабiлеттiлiктерiн дамытуға, бақылау жүргізу және эксперименттік тапсырмаларды орындау, жобалау жұмысын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.


Физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға келесі қолданбалы курстар ұсынылады: «Физика және техника», «Медициналық техника», «Физикалық есептерді компьютер көмегімен шешу», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника негіздері», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу технологиясы», «Физикадан қиындығы жоғары есептерді шешу әдістері», «Физикадан эксперименттік есептер шешу» және т.б.


Мұғалімдерге көмек үшін дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты (Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz)) әдістемелік құрал ұсынылады.
10-11-сыныпта мұғалiм физика кабинетіндегі оқу жабдықтары, құрылғылар және электрондық оқу құралдарының мүмкіндігіне қарай өзі практикалық және зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды таңдауға құқығы бар.
Лабораториялық жұмыстар мен физикалық практикум жұмыстарын (зертханалық жұмыстарға арналған дәптерлерде) өткізу барысында сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті болып табылады. Практикалық жұмыстар


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 145



Жалпы орта білім беру / «Жаратылыстану» білім саласы


өткізу барысында (жұмыс дәптерлерінде) сыныптың барлық оқушыларын бағалау міндетті емес.




«Физика» пәнінен оқушылардың үй жұмысы – оқу үдерісіндегі қажетті элементтердің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ол сабақ кезінде алынған білімді бекітуге және тереңдетуге ықпал етеді.


Үй жұмысын ұйымдастыруда төмендегілер ескерілуі қажет:


  1. «Физика» пәнінен үй жұмысын тек оқулық параграфтарын жаттау, есептерді орындаумен шектеуге болмайды. Шығармашылық, эксперименттік сипаттағы және проблемалық элементтері бар тапсырмаларды көбірек қолдану қажет;




  1. үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздері талдауға бағыттайтын элементтерді қосу қажет;




  1. мазмұны мен орындау формасы бойынша сантүрлілігімен ерекшеленетін үй жұмыстарын қолдану қажет;




  1. үй жұмысының мазмұны мен көлемін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет.


«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:


10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат; 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат; 11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.
Химия
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың химия бойынша теориялық білімін білік пен дағдыларын дамыту арқылы әрі қарай тереңдету, оларды оқуды жалғастырғанда және болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінде қолдану, заманауи химиялық технология мен өндіріс саласында білім мен дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетін дамыту.
Оқыту міндеттері:


  • химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту;




  • табиғатта, лабораторияда, өндірісте және күнделікті өмірде жүретін химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру;




  • химиялық тәжірибелерді жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын жетілдіру;




  • эксперименттік жұмысты жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен игеру қажеттілігіне дағдыландыру;




  • химияға ғылыми-жаратылыстанудың іргелі компоненттерінің бірі ретінде және жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарастарын дамыту;


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 146



Жалпы орта білім беру / «Жаратылыстану» білім саласы




  • химияның қоғамдық мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету;




  • химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз қолдануды, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін химиядан алған теориялық білімді қолдану.

Химия пәнінің мұғалімі жаратылыстану-математикалық сыныбындағы сабаққа дайындалу кезінде химиялық материалдың мазмұнының физикалық-математикалық аспектісін, сондай-ақ оқушылардың кеңістіктік қиялын, ойлаудың талдаушылық сапасын, таңбалар мен сандарды абстракциялау және пайдалану қабілеттерін дамытатын оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілдерін ойластырған жөн. Сонымен бірге, нақты ғылым ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды.


Химиялық білім мазмұнының физикалық компоненті химиялық материалды түсіндірген кезде физикалық заңдар мен теорияларды пайдалануды; физикалық шамаларды қолдануды және олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті анықтауды; зерттеудің физикалық және химиялық әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.
Химиялық білім мазмұнындағы математикалық компонент химиялық заңдар мен теорияларды негіздеуде математикалық дәлелдеу әдістерін; химиялық заңдылықтарды бейнелеп көрсету үшін графиктерді; заттардың қасиеттеріне молекулалардың кеңістіктік пішінінің әсерін негіздеу үшін геомериялық ережелерді; химиялық есептерді шешу үшін математикалық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті заттардың химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру үшін химия және биология бойынша білімдердің кіріктіру; биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде химиялық теорияларды пайдалану; табиғатта және адамның ағзасындағы биологиялық үдерістерді модельдеуші химиялық экспериментті жүргізу; пән аралық (химиялық-биологиялық) мазмұнды химиялық есептерді пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың химия бойынша білімдерін және қоршаған болмыстың ғылыми-жаратылыстану сипаты туралы түсініктерін жетілдіру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, әмбебап коммуникативтік дағдылары мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту, денсаулыққа және қоршаған табиғатты қорғауға деген экологиялық-гуманистік қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.
Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдылық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуға, танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 147



Жалпы орта білім беру / «Жаратылыстану» білім саласы


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін химиялық экспериментті таңдауда гуманитарий оқушылардың танымдық қызығушылығы мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған байланысты гуманитарий-оқушылар үшін химиялық



эксперимент:

  • оқылатын материалға қызығушылықты қалыптастыру үшін тиімді

болуы;



  • оқылатын заттар мен химиялық үдерістердің практикалық мәнін көрсетуі;




  • табиғатта болып жатқан үдерістерді модельдеу (фотосинтез кезінде оттектің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық зілзалалардың салдарынан болатын зардаптарға имитация жасауы;




  • тарихи материал негізінде химиялық экспериментті қайта жасауы қажет. Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық

реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады.


Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:

  • зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;




  • олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;




  • қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар;







  • қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтарына, олимпиадаларға, тестілеулерге қатысу.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады:




  • дидактикалық және мультимедиалық ресурстарды пайдалана отырып, оқу материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру;




  • әртүрлі ақпарат көздерімен қосымша оқу және анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электрондық базасымен, каталогтармен және картотекалармен өздігінен жұмыс істей білуді дамыту;




  • диаграммалар, сызбалар, талдау және қорытындылау кестелерін жасау, оқу материалын суреттеу, сипаттау, салыстыру, талдай білуді қалыптастыру;




  • денсаулық сақтау мен экологиялық аспектілерін ескере отырып, оқытудың өмірмен, химиялық өндіріспен және технологиялық үдерістермен байланысын күшейту;




  • зертханалық тәжірибелерді, тәжірибелік және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру. Оқушылардың өздігінен орындаған презентацияларын таныстыруды, оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде, әрбір тоқсан аяғында өткізіп тұру ұсынылады.




  • химиялық өнеркәсіп пен өндірістің аймақтық дамуы және химиялық ластанудан жергілікті табиғат ландшафтын қорғау мәселелерін оқыту процесінде пайдалану ;


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 148



Жалпы орта білім беру / «Адам және қоғам» білім саласы




оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытындылау және жинақтау жасау.
10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында, сынып журналына жазу арқылы өткізіледі (ҚТ б-ша алғ.нұсқау.,Сабақ тақырыбы).
Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай-ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы, 10-11 сынып оқушыларына арналған дидактикалық материалдар әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz).
Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құрал ұсынылады және ол Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz).
«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
жаратылыстану-математикалық бағытында: 10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан. қоғамдық-гуманитарлық бағытында:
10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан; 11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақстан тарихы
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі оқиғалары, соның ішінде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихының негізгі кезеңдері Қазақстанның әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде оқытылады. Осы бағытта тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді оқу үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) 27-тармағын орындау мақсатында 11-сынып оқу бағдарламасы мазмұнында келесідей тақырыптармен жүзеге асырылады:
«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және

Жалпы орта білім беру / «Адам және қоғам» білім саласы




«Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттары және жүзеге асыру стратегиялары.


Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1 сағат), Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.
Білім мазмұнын таңдауда тәрбие беру компонентіне ерекше назар аудару керек. Мәтін мазмұны қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарына - қазақстандық патриотизм, толеранттылық, «Mәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына бағытталу керек.


«Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сратегиясының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамытудағы және тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін айқындау және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 10-11 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.


Оқу пәнінің базалық білім мазмұнына Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы» атты сөйлеген сөзі, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай материалдар қосылды.
Осыған орай, пәнді оқыту барысында «Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы», «Ата заң – болашақ кепілі», «Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыптарына ерекше назар аудару керек.
Саяси, әлеуметтік және экономикалық құбылыстар мен процестерді оқыту арқылы оқушылардың білімін тереңдету, тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру және бағалау дағдыларын тереңдету көзделеді.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылады. Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылады, дереккөздермен жұмыс жасау дағдылары, талдау және синтездеу меңгертіледі. Пәннің негізгі мазмұнына: тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын жасауға ықпал ету; оқушылардың зерттеулері мен зерттеу тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды қолдау; оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 150



Жалпы орта білім беру / «Адам және қоғам» білім саласы




Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:


10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Дүниежүзі тарихы
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.


Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.


Қазіргі білім үдерісінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.
Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады. Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.
Оқу жүктемесінің көлемі:

қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат; 11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
жаратылыстану -математикалық бағыт:
10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 151

Жалпы орта білім беру / «Адам және қоғам» білім саласы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет