ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



бет25/29
Дата08.09.2017
өлшемі10,81 Mb.
#30920
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті толығымен түзету пәндері бойынша жүргізілетін сабақтарға бөлінеді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған элективтік курстар, мектеп компонентінің курстары өткізілмейді.

Инклюзивті және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер Жеке бағдарламаларына сәйкес іске асырады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтер (тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.

Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.

Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.



Мұғалімдерге арналған ұсынымдамалар

Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне назар аударған жөн. Сонымен қоса мұғалімге жасына сай тұрмыстық міндеттерді шешу үшін балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс.

Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет.

Адам және қоғам білім саласына қатысты пәндердің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда оларды қоғамға бейімдеу және мінез-құлықтарын түзету үшін бұл пәндердің жағымды әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді.

Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін, жалпы және ұсақ моториканы дамытуын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескерген жөн. Сонымен қоса, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары болғандықтан , олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген маңызды.

Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің «ерекше балаларға» ұстанымын өзгерту болып табылады.



Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

Жаңартылған білім мазмұнына өтуге байланысты 1, 2, 5, 7 сыныптардағы білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖБС-да көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып, қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек:



  • арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

  • білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

  • әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

Білім беру ресурстары мен технологиялары

Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22:

1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.

2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау.

3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.

4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.

5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.

6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.

7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.

9. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі

10. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру

11. Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру

12. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі



13. Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығының ережесі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет