«Физика» пәнінен үй жұмысын тек оқулық параграфтарын жаттау, есептерді орындаумен шектеуге болмайды. Шығармашылық, эксперименттік сипаттағы және проблемалық элементтері бар тапсырмаларды көбірек қолдану қажет;
үй жұмысына оқушыларды өз іс-әрекетінің нәтижелерін өздері талдауға бағыттайтын элементтерді қосу қажет;
мазмұны мен орындау формасы бойынша сантүрлілігімен ерекшеленетін үй жұмыстарын қолдану қажет;
үй жұмысының мазмұны мен көлемін анықтауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет.
«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат; 11-сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат; 11-сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында - 102 сағат.
Химия
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың химия бойынша теориялық білімін білік пен дағдыларын дамыту арқылы әрі қарай тереңдету, оларды оқуды жалғастырғанда және болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінде қолдану, заманауи химиялық технология мен өндіріс саласында білім мен дағдысын дамыту, экологиялық мәдениетін дамыту.
Оқыту міндеттері:
химия ғылымы және технологиясы саласындағы оқушылардың іргелі және қолданбалы білімін, практикалық біліктігін дамыту;
табиғатта, лабораторияда, өндірісте және күнделікті өмірде жүретін химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру дағдыларын игеру;
146
химиялық тәжірибелерді жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, химиялық заттар мен зертханалық құралдарды қолдана білу дағдысын жетілдіру;
эксперименттік жұмысты жүргізу барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын және зияткерлік қабілетін дамыту, химиялық білімді өздігінен игеру қажеттілігіне дағдыландыру;
химияға ғылыми-жаратылыстанудың іргелі компоненттерінің бірі ретінде және жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарастарын дамыту;
химияның қоғамдық мәнін, гуманистік бағыттылығын, оның адамзат алдында тұрған проблемаларды шешудегі өскелең рөлін ашып көрсету;
химиялық құбылыстар мен заттардың қасиеттерін, оларды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз қолдануды, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізетін құбылыстарды ескертуді түсіндіру үшін химиядан алған теориялық білімді қолдану.
Химия пәнінің мұғалімі жаратылыстану-математикалық сыныбындағы сабаққа дайындалу кезінде химиялық материалдың мазмұнының физикалық-математикалық аспектісін, сондай-ақ оқушылардың кеңістіктік қиялын, ойлаудың талдаушылық сапасын, таңбалар мен сандарды абстракциялау және пайдалану қабілеттерін дамытатын оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілдерін ойластырған жөн. Сонымен бірге, нақты ғылым ретінде химияның математикалық аппаратын күшейту маңызды.
Химиялық білім мазмұнының физикалық компоненті химиялық материалды түсіндірген кезде физикалық заңдар мен теорияларды пайдалануды; физикалық шамаларды қолдануды және олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті анықтауды; зерттеудің физикалық және химиялық әдістері арасындағы өзара байланысты орнатуды талап етеді.
Химиялық білім мазмұнындағы математикалық компонент химиялық заңдар мен теорияларды негіздеуде математикалық дәлелдеу әдістерін; химиялық заңдылықтарды бейнелеп көрсету үшін графиктерді; заттардың қасиеттеріне молекулалардың кеңістіктік пішінінің әсерін негіздеу үшін геомериялық ережелерді; химиялық есептерді шешу үшін математикалық теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін және т.б. пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Химия курсы мазмұнының биологиялық компоненті заттардың химиялық қасиеттерін және олардың биологиялық функцияларын түсіндіру үшін химия және биология бойынша білімдердің кіріктіру; биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде химиялық теорияларды пайдалану; табиғатта және адамның ағзасындағы биологиялық үдерістерді модельдеуші химиялық экспериментті жүргізу; пән аралық (химиялық-биологиялық) мазмұнды химиялық есептерді пайдалану жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың химия бойынша білімдерін және қоршаған болмыстың ғылыми-жаратылыстану сипаты туралы түсініктерін
147
жетілдіру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, әмбебап коммуникативтік дағдылары мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту, денсаулыққа және қоршаған табиғатты қорғауға деген экологиялық-гуманистік қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.
Теориялық және практикалық мәселелерді қарастыруда оқушылардың өзіндік іс-әрекеттеріне, алған білімдері мен дағдыларын қолдана алуларына басымдылық беріледі. Химиялық эксперимент оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға және қолданбалық сипаттағы жаңа білімді алуға, танымдық есептерді шешуге, жоспарлау және жобалау дағдыларын меңгеруге, химияны оқуға деген қызушылықтарын арттыруға пайдаланылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін химиялық экспериментті таңдауда гуманитарий оқушылардың танымдық қызығушылығы мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған байланысты гуманитарий-оқушылар үшін химиялық
эксперимент:
оқылатын материалға қызығушылықты қалыптастыру үшін тиімді
болуы;
оқылатын заттар мен химиялық үдерістердің практикалық мәнін көрсетуі;
табиғатта болып жатқан үдерістерді модельдеу (фотосинтез кезінде оттектің бөлінуі және оны табу) немесе экологиялық зілзалалардың салдарынан болатын зардаптарға имитация жасауы;
тарихи материал негізінде химиялық экспериментті қайта жасауы қажет. Химияны оқыту үдерісі арнайы жабдықталған кабинетте – химиялық
реактивтер, зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар, диа-, кино- және бейнефильмдер, басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрде болуы мүмкін:
зерттеу жобаларын ұсыну және қорғау;
олимпиада, байқау, тақырыптық кештер өткізу;
қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар;
химия ғылымы мен өндірісі орындарына танымдық саяхаттарды ұйымдастыру;
қашықтықтан оқыту, он-лайн сабақтарына, олимпиадаларға, тестілеулерге қатысу.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұсынылады:
дидактикалық және мультимедиалық ресурстарды пайдалана отырып, оқу материалын меңгеруге бағыттап оқытуды ұйымдастыру;
әртүрлі ақпарат көздерімен қосымша оқу және анықтамалық әдебиетпен, мәліметтердің электрондық базасымен, каталогтармен және картотекалармен өздігінен жұмыс істей білуді дамыту;
диаграммалар, сызбалар, талдау және қорытындылау кестелерін жасау, оқу материалын суреттеу, сипаттау, салыстыру, талдай білуді қалыптастыру;
148
денсаулық сақтау мен экологиялық аспектілерін ескере отырып, оқытудың өмірмен, химиялық өндіріспен және технологиялық үдерістермен байланысын күшейту;
зертханалық тәжірибелерді, тәжірибелік және зерттеу жобаларын, шығармашылық тапсырмаларды өздігінен орындауды ұйымдастыру. Оқушылардың өздігінен орындаған презентацияларын таныстыруды, оқу жетістіктерін бағалау түрі ретінде, әрбір тоқсан аяғында өткізіп тұру ұсынылады.
химиялық өнеркәсіп пен өндірістің аймақтық дамуы және химиялық ластанудан жергілікті табиғат ландшафтын қорғау мәселелерін оқыту процесінде пайдалану;
оқушылардың сөздік және терминологиялық қорын байыту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізу, қажетті дәлелдемелер жүргізу, қорытындылау және жинақтау жасау.
10-11-сыныптардағы алғашқы сабақ «Қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықтар» тақырыбында, сынып журналына жазу арқылы өткізіледі (ҚТ б-ша алғ.нұсқау.,Сабақ тақырыбы).
Мұғалімдерге көмекші ретінде оқушылардың зерттеу дағдыларын, сондай-ақ сыни ойлау мен өздігінен іздену дағдыларын дамыту көлемінде «Математика және информатика» білім саласы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құралы, 10-11 сынып оқушыларына арналған дидактикалық материалдар әзірленіп, Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz).
Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде дайындалған ««Жаратылыстану» білім саласы аймағы бойынша қолданбалы курстар мазмұнын жобалау және жүргізу» атты әдістемелік құрал ұсынылады және ол Академияның сайтында орналастырылған (www.nao.kz).
«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
жаратылыстану-математикалық бағытында: 10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағаттан. қоғамдық-гуманитарлық бағытында:
10-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан; 11-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағаттан.
5.4 «Адам және қоғам» білім саласы
Қазақстан тарихы
Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі оқиғалары, соның ішінде Тәуелсіз
149
Қазақстан Республикасының тарихының негізгі кезеңдері Қазақстанның әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде оқытылады. Осы бағытта тарихи білім беруде Қазақстан тарихы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде анықталған ғылыми деректерді оқу үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылады. Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) 27-тармағын орындау мақсатында 11-сынып оқу бағдарламасы мазмұнында келесідей тақырыптармен жүзеге асырылады.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» бағдарламалық стратегияларының тарихи маңызы, ұзақ жылдарға арналған басым мақсаттары және жүзеге асыру стратегиялары.
Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (1 сағат), Н.Ә.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі, Н.Ә. Назарбаев және Еуразия идеясы.
Білім мазмұнын таңдауда тәрбие беру компонентіне ерекше назар аудару керек. Мәтін мазмұны қазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарына - қазақстандық патриотизм, толеранттылық, «Mәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру аясына бағытталу керек.
«Қазақстан – 2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сратегиясының негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұлттық тарихты дамытудағы және тарихи сананы жаңғыртудағы рөлін айқындау және «Қазақстан тарихы» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №554 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген 10-11 сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Оқу пәнінің базалық білім мазмұнына Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы «Тәуелсіздік толғауы» атты сөйлеген сөзі, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай материалдар қосылды.
Осыған орай, пәнді оқыту барысында «Ұлы Отан соғысы қаһармандарының естеліктеріндегі отты жылдар жаңғырығы», «Ата заң – болашақ кепілі», «Ұлт бірлігі және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыптарына ерекше назар аудару керек.
150
Саяси, әлеуметтік және экономикалық құбылыстар мен процестерді оқыту арқылы оқушылардың білімін тереңдету, тарихи құбылыстарды талдау, түсіндіру және бағалау дағдыларын тереңдету көзделеді.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық әдістер мен технологиялар қолданылады. Тереңдетіп, бейінді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылады, дереккөздермен жұмыс жасау дағдылары, талдау және синтездеу меңгертіледі. Пәннің негізгі мазмұнына: тапсырмалар мен қызмет түрлерін таңдау; пән міндеттерін шешу стратегиясын жасауға ықпал ету; оқушылардың зерттеулері мен зерттеу тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды қолдау; оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, дағдыларды дамыту үшін жағдай жасау қосылатын болады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; 11-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Дүниежүзі тарихы
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың мақсаты – ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдағы дүниежүзі елдері мен халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының негізгі бағыттарын талдап-түсіндіру.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Қазіргі білім үдерісінде тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау кезінде тарихи білімді қолдану мен қазіргі қоғам дамуындағы түрлі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) талдау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл адамзаттың жаһандық мәселелерін саналы түсінуіне білім негізін қалыптастырады.
Оқытудың түрлі әдістері мен технологияларын таңдау кезінде оқушылардың танымдық деңгейлерін ескеру керек. Мысалы, оқытудың құрылымдық-логикалық технологиясы қойылған дидактикалық міндеттерді кезеңдер бойынша ұйымдастыру процесі мен оларды шешу тәсілдерін таңдауды, алынған нәтижелерді диагностикалау және бағалауды қарастырады. Мұндай міндеттердің құрылымдық логикасы әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан күрделіге, теориядан практикаға немесе керісінше. Жоба технологиясы – жеке тұлғаға бағытталған білім жүйесі. Бұл технология оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, бастамашылдық, шығармашылық қабілеттілігі сынды сапаларын ашуға мүмкіндік береді және оқу жобаларын ретті орындауға бағытталған. Интерактивті технология – бұл іс-әрекет арқылы және өзара әрекет арқылы оқыту, оқушылардың өз бетінше шешім қабылдау, жеке жауапкершілік сезімін, топпен және ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін
151
қалыптастырады. Оқу курсының вариативті бөлігі мынадай таңдау курстары бойынша жүзеге асырылады: «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіптің даму тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар» т.б.
Оқу жүктемесінің көлемі: қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат; 11 сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат.
жаратылыстану -математикалық бағыт:
10 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Адам. Қоғам. Құқық
Пәнді оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы, негізгі элементтері және тарихи түрлері, философияның адам мен қоғам өміріндегі рөлі, адамның әлемге деген танымдық қатынасы, қоғамдық қарым-қатынас жүйесі мен құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалыптастыру. Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен қарауын тәрбиелеу.
Оқу пәнін оқытудың міндеттері, базалық мазмұны және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген.
Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Адам. Қоғам. Құқық» пәнінің типтік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сынып үшін «Оқу пәнінің базалық мазмұны» бөліміне жан жақты ашуды қажет ететін келесі ұғымдар енгізілді:
кәсіби этика және жемқорлықты қабылдамау;
жемқорлыққа қарсы заңнамаларды іске асыру механизмі және негізгі ұғымдар, жемқорлық көріністері барысында қазақстан азаматтарының құқықтары мен еркіндігін қорғау, жемқорлыққа қарсы тұру саласында негізгі халықаралық-құқықтық актілер және шетелдік тәжірибе.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11-сынып үшін «Оқу пәнінің базалық мазмұны» бөліміне жан жақты ашуды қажет ететін келесі ұғымдар енгізілді:
жемқорлық әлеуметтік шиеленіс ретінде;
жемқорлық кәсіпкерлік үшін кедергілердің бірі ретінде;
мемлекеттік қызмет ұстанымдары және жемқорлыққа қарсы әрекеттері;
152
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Өзгертулер енгізілгеніне байланысты оқушылар оқуды аяқтағанда білуі және меңгеруі тиіс:
мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясатының негіздерін;
кәсіби этика және жемқорлықты қабылдамау нормаларын;
құқықтық және жемқорлыққа қарсы нормаларды;
этикалық және жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау ұстанымдарын. Осыған орай, пәнді оқыту барысында тұлғаны қазақстандық париотизм
және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға ерекше назар аудару керек.
«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу, қарым-қатынас жасау мен IT-технологияларды қолдану дағдылары дамитын болады. Мәтін мазмұны коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алып, топта диалог жүргізуге бағытталу керек.
Оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
Өзін-өзі тану
Адамның жеке тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде және кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тәрбие білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
153
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде
шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы
болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Өзін-өзі тану пәнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, 10-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын анықтайды.
Өзін-өзі тануды жеке міндетті пән ретінде оқыту оқу жоспарының инвариантты бөлімінде 10-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, әрбір сыныпта бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
5.5 «Технология» білім саласы
Технология
«Технология» пәні оқушылардың өзіндік еңбек өмірі, дайындыққа жәрдем етеді, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықталуына мүмкіндік жасайды.
10-11 сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелілігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту.
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:
техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік,
154
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрметкөзқарасын қалыптастыру.
«Технология» пәнін оқыту барысында барлық төрт компонент кіреді азаматтардың әлеуметтік тәжірибесі: біліп тану саласының тәжірибесі (түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал әдістер саласында тәжірибе орындау, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен эмоциональды-құндылықтар қатынас объектілеріне және адам қызметіне тәжірибе құралдары. Бұл барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.
Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында ер балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (7-кесте).
7-кесте. Ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
|
Ауыл мектептерінде
|
|
Қала мектептерінде
|
1.
|
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
|
1.
|
Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
|
2.
|
Ауылшаруашылық өндірісіндегітехника
|
қорғау.
|
және технология.
|
2.
|
Ағашты және ағаш материалдарды
|
3.
|
Ағашты және ағаш материалдарды қолмен
|
қолмен және механикалық өңдеу
|
және механикалық өңдеу технологиясы.
|
технологиясы.
|
4.
|
Металды қолмен және механикалық өңдеу
|
3.
|
Металды қолмен және механикалық
|
технологиясы.
|
өңдеу технологиясы.
|
5.
|
Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен
|
4.
|
Сәндік қолданбалы өнерінің
|
көркем материалдардыөңдеу технологиясы.
|
элементерімен көркем
|
6.
|
Электротехника және электроника
|
материалдардыөңдеу технологиясы.
|
негіздері.
|
5.
|
Электротехника және
|
7.
|
Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы
|
электрониканегіздері.
|
жөндеу жұмыстар.
|
6.
|
Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы
|
8.
|
Шығармашылық жобалау саласы.
|
жөндеу жұмыстар.
|
9.
|
Қазіргі заман өндірісі және техникалық
|
7.
|
Шығармашылық жобалау саласы.
|
кәсіби білім.
|
8.
|
Қазіргі заман өндірісі және техникалық
|
|
|
кәсіби білім.
|
|
|
|
|
«Қазіргі заман өндірісі және жоғарғы білім» жаңа бөлім, оқу барысында тұлғалық қасиеттер және мамандық таңдау, қазіргі заман талабы, кәсіптік саласы, жоғарғы оқу орындары және жоғарғы білімді алып меңгеру жолдарын оқыту кіреді. Ұйымдастыру пішіндері технологиялық дайындау оқушының дамыту деңгейі анықталу және әдістерді қолдану, олардың оқуына еңбекке, қызмет көрсету саласына дайындығы.
Сабақ өткізу барысында қазіргі заман оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу үдерістерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыру дидактикалық талаптар.
Басым әдістер жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жасалуы және жобаларын қорғау. Жобалардың көбі – дербес. Сонымен қатар жоба топ оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.
155
10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар сана-сезімімен қажеттілік «өңдеу» негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау пішін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қабілеттерінің дамуы, керекті кәсіптік мобилділік үшін және бәсекеші қабілеттілік.
ҚР «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру «Технология» пәнінің барлық бөлімдері арқылы іске асырылады, бірақ негізгі тірек «Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне жасалынады. Көркем мәдениеттік бастапқы қағидаларға, «Технология» пәнінің мазмұны мүмкіндіктері алдын-ала қарастырылған жалпы адамдық және ұлттық мәдени құндылықтарын қалыптастыру үшін, еңбек өзіндік құндылық пен өмір саласының негізі ретінде қарастырылады.
Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (8-кесте).
8-кесте. Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
|
Ауыл мектептерінде
|
|
Қала мектептерінде
|
1.
|
Тағам әзірлеу технологиясы.
|
1.
|
Тағам әзірлеу технологиясы.
|
2.
|
Құрастыру, моделдеу және иық киім
|
2.
|
Құрастыру, моделдеу және иық киім
|
өнімдерін өндіру. Қазақтың ұлттық киімін
|
өнімдерін өндіру. Қазақтың ұлттық киімін
|
тігіп өндіру.
|
тігіп өндіру.
|
3.
|
Жобаны қорғау.
|
3.
|
Жобаны қорғау.
|
|
|
|
|
Қолөнермен шұғылданушылық әрбір халықтың мәдениетінің материалдық қолданушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекшілдік, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.
Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.
10-11-сыныптарда «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
5.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпы адамзат мәдениеті саласында белсенді шығармашылық
156
түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;
өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдердін шыңдау;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс;
– қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты
157
жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;
– оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау
– сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;
– дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.
«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесіорталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарттарының типтік жоспарына (ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:
10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты; 11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.
Алғашқы әскери дайындық
«Алғашқы әскери дайындық» меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери даярлауға негіз болып табылған құжаттар мыналар:
158
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылдың 16 ақпандағы Заңы.
«Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысы.
Алғашқы әкери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
Оқу пәнінің мақсаттары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу пәнінің міндеттері:
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны өткізіледі.Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.
11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.
10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі
159
заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады: қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған оқу бөлмесі, алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс бойынша арнайы жабдықтарды сақтауға арналған бөлме, саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы, рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін орын, сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын, тактикалық алаң, кедергілерден өту жолының кешені, ату тирі, әскери және еңбек даңқының бұрышы.
Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;
11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.
160
6 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
2015-2016 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша), (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.
Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, оларды оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда ескеру қажет: материалдық-техникалық базасының әлсіздігі, және инфраструктураның нашарлығы, параллель сыныптардың болмауы, оқушылар санының аздығы, біріктірілген сыныптарда оқытудың қиындығы, оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.
Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі – ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:
– білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;
– бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;
– біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;
– даралап және саралап оқыту;
– оқу процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;
– білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
– тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;
– оқушылардың оқу барысындағы бір–біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.
Типтік ережеге сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып кіші топтарға бөлінеді.
Сыныптарды басқа бір сынып-кешенге біріктіргенде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10-нан аспауы тиіс. ШЖМ-тегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі.
Мектептiң бастауыш білім беру деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: 2+3, 3+4; 2+4,
2+3+4.
1-сынып оқушылары жеке оқытылуы тиіс, себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейінің тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), әрбiр сыныппен сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.
161
Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:
жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан; математика сабағы бойынша: 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
20 минуттан аспауы тиiс.
Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.
Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде бір пәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады.
Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Сабақтас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқытуды: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика және т.б. ұсынылады.
Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:
білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай игеру;
оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде кешенді игеруге бағыттау;
ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.
9, 11-сыныптар мектепті бiтiрушiлер болғандығын ескере отырып, олардағы бала саны аз болған жағдайдың өзінде де өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.
Шағын жинақты мектептің қызметін ұйымдастырудың тиімді әдістерінің
бірі - қолайлы
|
педагогикалық
|
орта қалыптастыру, оның негізінде
|
оқушылардың өздігінше білім алу
|
қабілетін дамыту және әртүрлі жастағы
|
оқушылардың өзара тиімді қарым-қатынасын ұйымдастыру болып табылады. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді
педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.
Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылардың арасында олардың танымдық өзара қарым-қатынасын, бірін-бірі оқытуын
162
ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында балалардың қарым-қатынасының тапшылығын азайтуға, монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.
Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы ғылым мен мәдениет және т.б. салаларда ақпараттардың дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдалану, қашықтан оқыту, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) сессияаралық кезеңде байланыс орната отырып, олардың білім қорларын пайдалану жүзеге
асырылады.
|
|
|
|
Пән мазмұнын игеруге
|
бағытталған өзара әректтесуде және нақты
|
педагогикалық
|
мәселелерді
|
шешуде
|
ақпараттық-коммуникациялық
|
технологиялар арқылы бағдарламалық-техникалық құралдар енгізіледі.
Оқыту үдерісінде мұғалім сабақта жаңа тақырыптарды түсіндіргенде үлестірмелі материалдарды саралап дайындау арқылы электрондық және ақпараттық қорларды қолдануына болады. Визуалдық (көзбен шолу), аудио-ақпараттық қорларды мұғалім сабақты түсіндіргенде және оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырғанда пайдаланады. Компьютерлік тесттер мен тест тапсырмаларын әртүрлі бақылау және білімін бағалауды жүзеге асыруда қолданылады. Сонымен қатар, мұғалім авторлық элективтік курстардың оқу-әдістемелік кешендерін жобалауда әртүрлі электрондық және ақпараттық қорларды пайдалануына болады.
Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеуде дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады.
Оқу үдерісінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:
МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру,
оқушылардың білім сапасын арттыру;
белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне оқушылардың қабілеттерін дамыту;
оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;
оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;
белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;
оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;
қашықтықтан оқыту .
163
Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқа да ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын анықтау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.
Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 120 ресурстық орталық құрылған, оған 450 ШЖМ бекітілген. Тірек мектептері (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.
Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу үдерісіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады.
Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектеп оқушылары оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтар аймағын жоюға жеке нұсқаулар беріледі. Шағын жинақты мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, түзету жұмыстары жүргізіледі.
Тірек мектебі (ресурстық орталықтың) қызметіннің қаржыландыру Типтік ережеге сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады:
– тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) педагогтеріне еңбекақы төлеу аптасына 18 сағат есебінен белгіленеді, оның ішінде 6 сағат ғылыми-әдістемелік және эксперименттік жұмыстарға бөлінеді;
– тірек мектебі (ресурстық орталық) директорының, оның орынбасары-ның, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушының лауазымдық жалақысы жалпы білім беретін мектептегідей білім алушылардың ең көп толықтығымен белгіленеді.
164
7 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері
Дарынды балалардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең меңгеруіне, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдары білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары», сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген «Оқыту бейіні бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алынады.
Үлгілік қағидаларға сәйкес жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламалардың меңгерілуін іске асыратын гимназия мен лицейлерде, бейіндік мектептерде оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламаларына, оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспары мен мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады; мамандандырылған білім беру ұйымдары жарғыларында айқындалатын оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін өздігінен дербес таңдайды; білім алушылардың сұрауларына және кадрлық әлеуеттің мүмкіндіктеріне сәйкес ішкі бейінді пәндер, сондай-ақ қолданбалы курстар мен факультативтердің білім салаларын айқындайды. Оқытудың формалары мен әдістері білім беру нәтижелеріне қол жеткізудің сәттілігін, алынған білімдерді оқу және практикалық қызметте қолдану қабілетін қамтамасыз ететін логикалық, сыни және құрылымдық ойлауды қалыптастыруға бағытталуы керек.
Гимназия, лицей және бейіндік мектептердің жеке оқу жоспарларын білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді және өңірлік білім басқармаларымен (бөлімімен) келісіледі.
Вариативті оқу бағдарламалары және гимназияның кәсіптік бағытталған арнайы курстары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.
Гимназиялық және лицей компоненті:
әрбір гимназияның және лицейдің жеке таңдауымен бейіндік оқытуды, жеке дамыту бағдарламасын, инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын пайдаланумен;
гимназияның және лицейдің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізумен қамтамасыз етіледі.
Гимназияда, лицейде, бейіндік мектепте білім деңгейiн, оқу мерзiмiн, оқуға төленетiн ақы көлемін, басқа да жағдайларды анықтайтын гимназия мен
165
білім алушылардың, тәрбиеленушiлердiң, олардың ата-аналарының (заңды өкiлдердiң) арасындағы шартпен реттелетiн оқу жоспарының пәндері бойынша оқушылардың жеке жұмысын ауыстырмайтын ақылы қосымша білім беру қызметін ұйымдастыру мүмкiн.
Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитариялық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.
Гимназия мен лицей сыныптарында оқушылар саны 25 адамнан аспауы қажет. Сыныптар мемлекеттік, орыс және шет тілдерін, информатика және есептеу техникасы, ырғақ, дене шынықтыру, еңбекке баулу пәндерін оқығанда, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық жұмыстар жүргiзгенде 2 топқа бөлiнедi.
Гимназиялардың, лицейлердің, бейіндік мектептердің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтерге және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есеппен, әр сыныпқа үйірмелер мен студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 ставкада, сонымен қатар шарт негізінде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстары мен дәрістеріне ақы төлеу үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен қаражат бөлінеді.
Факультативтік сабақтар және таңдау бойынша курстар топтарда 10-нан астам адам болған жағдайда өткізіледі.
166
8 Кешкі мектептерде оқыту ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының азаматтарына, жұмыс істейтін және жұмыссыз шетел азаматтарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары шеңберінде) негізгі орта және жалпы орта білім алуға мүмкіндік беретін кешкі (ауысымды) мектеп (бұдан әрі – Мектеп) Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген «Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алынады.
Кешкі мектеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Мектеп мынадай нысандар бойынша оқытуды жүзеге асырады: бір білім беру ұйымының шегінде күндізгі, кешкі, сырттай, жеке, экстернат.
Білім беру бағдарламаларын меңгеру шарттары мен тәртібі осы Қағидалармен және Мектеп Жарғысымен белгіленеді.
Кешкі мектеп пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, түзете оқыту сыныптарын (топтарды) ашады. Кешкі мектептің барлық деңгейіндегі сыныптардың толықтырылуы күндізгі оқыту нысаны бойынша төмендегі құрамда бекітіледі:
қалалық білім беру ұйымдарында – 20 білім алушы;
шағын қалаларда және қала типіндегі кенттерде – 15 білім алушы;
ауылдық білім беру ұйымдарында – 10 білім алушы.
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.
Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдерін және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту кешкі оқытудың сырттай нысанына қарастырылмайды.
Кешкі мектеп білім беру процесін екі сатылы жалпы білім беру бағдарламаларының деңгейлеріне сәйкес жүзеге асырады:
II саты – негізгі орта білім (меңгеру мерзімі: 3 жыл: 7, 8, 9 (10) сыныптар).
III саты – жалпы орта білім (меңгеру мерзімі: 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар).
Кешкі мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.
Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау
167
жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес. Оқу жылы 1 қыркүйектен 25 мамырға дейін жалғасады. Оқу жылының
ұзақтығы – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 апта.
Кешкі мектеп, кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметі, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.
Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
Кешкі мектепті жалпы басқаруды өкілдік орган – Педагогикалық кеңес жүзеге асырады, оның құзыреті мектеп Жарғысымен белгіленеді.
Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
168
9 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша Байқоңыр қаласының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақстандық азаматтарды оқыту мәселесі бойынша 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында және 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарын беру туралы келісімге» сәйкес Байқоңыр қаласындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер (6 мектеп) білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы» ҚР Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын басшылыққа алады.
Байқоңыр қаласындағы оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептердегі ( 6 мектеп) білім беру үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС 1.4.002-2012), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылатын болады.
2015-2016 оқу жылында 1, 10, 11-сыныптарда жалпы білім беретін пәндерді оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жоғарыда көрсетілген сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру және өткізу кезінде осы әдістемелік нұсқау хаттың кіріспесінде жазылған негізгі ережелерді, «Бастауыш білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері» бөлімін, «Жалпы орта білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері» бөлімін және «Орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарының тізбесі» деп аталатын 3-қосымшаны басшылыққа алу ұсынылады.
2-4, 5-9 сыныптарда жалпы білім беретін пәндерді оқыту ҚР МЖМС 1.4.002-2012 сәйкес және әрбір сынып бойынша пәндерді оқытудың базалық мазмұнына жасалған салыстырмалы талдаудың негізінде әзірленген бастауыш, негізгі орта білім деңгейлері үшін өтпелі оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Дегенмен, аталған сыныптарда оқыту үдерісін ұйымдастыру және жүргізу барысында пәндер бойынша төмендегідей оқытудың ерекшеліктеріне назар аудару керек:
«Қазақ тілі» (2-4-сыныптар), «Әдебиеттік оқу» (2-4- сыныптар), «Орыс тілі» (3-4-сыныптар), «Жаратылыстану» (5-сынып), «Дене тәрбиесі»
169
(2-9-сыныптар), «Өзін-өзі тану» (2-9-сыныптар), «Адам. Қоғам. Құқық» (9-сынып), «Сызу» (9-сынып) пәндері бойынша оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, аталған пәндерді оқыту кезінде осы әдістемелік нұсқау хаттың «Бастауыш білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері» бөлімін, «Негізгі орта білім беру деңгейінің пәндерін оқыту ерекшеліктері» бөлімін басшылыққа алу ұсынылады.
«Шет тілі» (2-9-сыныптар), «Математика» (2-6-сыныптар), «Дүниетану» (2-4-сыныптар), «Музыка» (2-6-сыныптар), «Бейнелеу өнері» (2-6-сыныптар), «Еңбекке баулу» (2-4-сыныптар), «Қазақ тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ әдебиеті» (5-9сыныптар), «Орыс тілі» (5-9-сыныптар), «Орыс әдебиеті» (5-9-сыныптар), «Қазақстан тарихы» (5-9-сыныптар), «Дүниежүзі тарихы» (6-9-сыныптар), «Алгебра» (7-9-сыныптар), «Геометрия» (7-9-сыныптар), «Информатика» (5-9-сыныптар), «География» (6-9-сыныптар), «Биология» (6-9-сыныптар), «Физика» (7-9-сыныптар), «Химия» (8-9-сыныптар), «Технология» (5-9-сыныптар) пәндерін оқыту ҚР МЖББС 1.4.002-2012 сәйкес және әрбір сынып бойынша пәндерді оқытудың базалық мазмұнына жасалған салыстырмалы талдаулар негізінде әзірленген жекелеген өтпелі оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Пән бойынша өтпелі оқу бағдарламасы сәйкесінше оқыту курсының бағдарламалық оқу материалымен алдыңғы сыныптардың оқу материалдарынан тұратын кіріктірілген білім мазмұнын қамтиды және 2015-2016 оқу жылына ғана арналған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес 2015-2016 оқу жылында «Шет тілі» пәні бастауыш мектепте 1-3-сыныптарда оқытылады.
Өтпелі оқу бағдарламасы бойынша «Шетел тілі» пәнін оқыту үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен 2-сыныпқа қосымша 0,5 сағат, 3 сыныпқа – 1 сағат және «Информатика» пәнін оқыту үшін 7-сыныпқа – 0,5 сағат, 8-сыныпқа – 1 сағат, 9-сыныпқа – 1 сағат бөлінеді, себебі оқушылар алдынғы өткен сыныптар бойынша оқу материалдарын (кіріктірілген курс) меңгеру тиіс.
Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды Академия сайтына орналастырылған (www.nao.kz) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары және өтпелі оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді.
Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
170
10 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен, ал 1, 7 және 8 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығымен анықталған.
Қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес 2013 жылы 2-сынып пен 9-сыныптар үшін және 5-сынып үшін «Информатика», 1-сынып үшін «Ағылшын тілі» оқулықтары, 2014 жылы 3-сынып пен 10-сынып үшін және 2-сынып үшін «Ағылшын тілі», 6-сынып үшін «Информатика» оқулықтары, биылғы жылы 4-6-сыныптар мен 11-сыныптар және 3-сынып үшін «Ағылшын тілі», 7-сынып үшін «Информатика» оқулықтары қайтадан баспадан шықты.
Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.
171
10 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекет инклюзивті білім беруді іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды білім берудің барлық деңгейлерінде дамуындағы ақаулықты түзету және әлеуметтік бейімдеу, олардың білім алуы үшін арнайы жағдайларымен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ерекше оқытуды қажет ететін балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу қажеттілігін ұйымдастыру негізін құруға ықпал ететін ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысты кешен ұсынылған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыратын іс-шаралар жоспарында:
инклюзивті білім беру үшін жағдайлар туғызатын мектептер үлесін арттыру;
ерекше оқытуды қажет ететін балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалар санын арттыру;
инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша мамандар санын арттыру;
инклюзивті білім беруге арналған АКТ және қашықтан оқытумен қамтылған мектептер үлесін арттыру;
мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;
ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау модельдерін құру;
ерте айқындау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау қарастырылған.
Инклюзивті білім – бұл ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуы мен кедергілердің жойылуына және олардың сапалы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.
Инклюзивті білім беру әр баланы түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, ерекше оқытуды қажет ететін балаларға дербестендірілген ықпалды және білім беру үдерісіндегі кедергілерді жою негізінде оқытуды жетілдіру мен оқу ортасын құруды тұспалдайды. Инклюзивті орта ерекше оқытуды қажет ететін балалардың оқу-тәрбие үдерісінің толыққанды қатысушысы болуын, өзін-өзі бағалауын көтеруін және білім беру ортасында жайлы сезінуін қамтамасыз етуге жағдай туғызатын азаматтық, әлеуметтік, коммуникативтік және т.б. құзыреттерін дамыту мүмкіндігін береді.
Төмендегі санаттар бойынша инклюзивті білім алуға жатқызылатын балалар:
денсаулығында ақауы бар балалар (мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалар);
қоғамда әлеуметтік бейімделуі қиын балалар (әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық төменгі деңгейдегі отбасылардан шыққан
172
девианттық мінез-құлықты балалар); - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың отбасыларынан шыққан
балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті сыныптарға қабылдануы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» нормативтік нұсқамаларымен айқындалған.
Жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті сыныптарындағы оқушылардың саны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.
Инклюзивті сыныптардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР МЖМС 1.4.002-2012 және ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық) ұсынымдарына сәйкес іске асырылады.
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды білім беру ортасына бейімдеу үдерісі қажетті түзету, психологиялық-педагогикалық және материалдық-техникалық қолдау көрсетуді, жеке оқу бағдарламалары мен бағалаудың сараланған жүйесін және қорытынды аттестаттауды, «кедергісіз» білім беру ортасын құруды қосады.
Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету барысында ең әлсіз санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған инклюзивті сыныптарда арнайы білім беру ұйымдарының сәйкес түріндегі типтік оқу жоспары негізінде жеке оқу жоспарлары және баланы оқытуға ұсынылған болжалды бағдарламалар негізінде оқу жоспарының әрбір оқу пәні бойынша жеке оқу бағдарламалары әзірленеді.
Жеке білім беру бағдарламалары – оқушылардың даму деңгейінің өзектілігін ескеріп, оқытылатын пәндер саласындағы және дамудың жақын аймағындағы білім, білік және дағдыларын құрайды.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды бекітеді.
Оқыту сапасын арттыру барысында жұмыстың маңызды бағыттары білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Шетелдіктер балалары мен білім беру ұйымдарында мекендеген (тұрақтанған) азаматтығы жоқ тұлғаларға ана тілін терең меңгеруі үшін жағдай жасалуы қажет. Осы категориядағы балаларды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру мақсатында және қазақ тілі мен орыс тілін меңгеруге қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады.
Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету мақсатында жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу
173
кабинеттерімен серіктестік ұйымдастырады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру отбасының белсенді қатысуымен, түзету-педагогикалық және баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік қолдау мен балалардың жеке ерекшеліктерінің білім алу ортасына бейімделуі және білім алуына қатысты қажеттіліктерін, яғни білім алуға толық жағдайларды жасау жолымен іске асырылады.
Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуы және оларға психологиялық-педагогикалық, коррекциялық қолдау көрсету:
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектеп сыныптарында дені сау балалармен бірге даму мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқыту (инклюзивті сыныптар).
жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беретін арнайы сыныптар оқушылардың даму
мүмкіндіктерінің бұзылу түрлері бойынша:
есту қабілеті бұзылған балаларға арналған (ішінара естімейтін, сөйлеу қабілеті қиын, бірақ есту құралының көмегімен сөздік қорын өз бетінше жинақтау мүмкіндігін сақтайтын балалар);
көру қабілеті бұзылған балаларға арналған (көру өткірлігі ерекше төмендеген нашар көретін 0,05 – 0,5-ке дейін оптикалық түзетілген балалар);
ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған (ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің тұрақты бұзылысы бар, яғни сөйлеу тілінің қарым-қатынас қызметі бұзылған балалар);
тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған (қимыл-қозғалысының жартылай немесе толық бұзылысы);
психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балаларға арналған (психикалық дамуының қалыпты жағдайдан ауытқуы, яғни органикалық минималды зақымдары немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық кемшілігі бар, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы әлеуметтік депривация жағдайында болған балалар);
Арнайы сыныптарда білім алушылардың психофизикалық денсаулығын сақтауға бағытталған сақтаушы педагогикалық режим қамтамасыз етіледі.
Сақтаушы педагогикалық режим – бұл балаға үйреншікті және қолайлы, денсаулығын сақтауға әсер ететін баланың іс-әрекетіне бағытталған, оның тәртібін анықтайтын, барлық іс-шаралар жоспарланған режим.
Сақтаушы педагогикалық режим келесі факторлар арқылы жүзеге асырылады:
сыныптағы оқушы санының аз болуы (нормативке сәйкес);
оқушылардың эмоцияналдық-тұлғалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың арнайы әдістерін қолданудың негізінде психологиялық қолайлы жағдай жасау;
оқушылармен жеке және топтық жұмыс барысында оқу нәтижесінің мониторингі мәліметтерінің негізінде оқу іс-әрекетінің нәтижелі болуын қамтамасыз ету;
оқу материалының күрделілігі мен көлемінің мөлшерленуіне қарай эмоциялық, психикалық, дене жүктемесін ескеру;
психологпен арнайы релаксациялық, психотерапиялық сабақтар;
174
әр сабақта емдік-түзету іс-шараларын қоса отырып динамикалық үзіліс жүргізу;
оқушылардың еңбекке қабілеттілігін және қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып оқушының жұмыс орнын, сынып бөлмесін ерекше жабдықтау;
температура режимін басқару, жалпы мектеп ғимаратының жарықтану талаптарын сақтау.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы білім беру үдерісі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісін ұйымдастыру талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін ұйымдар мыналарды:
1) барлық балалардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлеріндегі сапалы білімге тең қолжетімділігін;
барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы жағдайларды жасауды;
«кедергісіз», қолжетімді орта (білім беру, физикалық және т.б.) құруды;
білім беру үдерісі жағдайында білім алушылардың дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық қолдауды, сонымен қатар қозғалысы шектелген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауды;
оқу кабинеттерін қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау (желілік түрде әрекеттесетін байланыс және коммуникация құралдары, кең жолақты интернет, аудио- және бейнетехника, компьютерлік, мультимедиялық, интерактивтік және зияткерлік жабдықтар), оның ішінде оқушылардың жекелеген білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған көмекші техникалық жабдықтармен және бағдарламалық-техникалық тұрғыда қамсыздандыруды;
оқыту және түзете-дамыту үдерістерін, сондай-ақ бейімдеу және модификациялауды ұйымдастыруға арналған білім беру ресурстарын шоғырландыруды және оқу материалын оқушылардың білімділік қажеттіліктеріне пайдалануды;
қашықтан оқытуды қалыптастыруды, инклюзивті білім беруді қолдауға арналған ақпараттық және басқа да ресурстарды пайдалануды;
білім алушылардың қоғамда өмір сүруіне әлеуметтік бейімделу іс-шараларын жүзеге асыру, еңбек және басқа өмірлік дағдыларын қалыптастыруын қамтамасыз етуі тиіс.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы сабақтар ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту үшін жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |