1 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН СЫНЫПТАРЫНДА
ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М
ектепалды даярлық білім беру жүйесі алғашқы саты ретінде мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді, 6-7 жастағы балалардың зияткерлік және денесінің дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Қазіргі таңда мектепалды даярлық мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеті – балалардың мектепте оқуға уәжін және оған эмоциялық дайындығын қалыптастыру.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы, зияткерлік, дене дамуын, олардың білімді игеруге дайындығын қамтамасыз ету, оқу әрекетін меңгеру үшін балада тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
– балаларды мектепте оқуға мақсатты бағытпен және жүйелі дайындау;
– жеке қабілеттері мен дарындылығын дамыту;
– ұлттық, жалпы адами этикалық және мәдени құндылықтарға балаларды баулу, баланың зияткерлігін дамуы;
– рухани-адамгершілік құндылықтарды, отансүйгіштік, төзімділікті қалыптастыру;
– балалардың коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру;
– білуге құмарлықты, шығармашылық белсенділік пен бастамашылықты дамыту;
– балалардың денесі мен психикалық саулығын нығайту;
– білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
2016-2017 оқу жылында мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылады.
Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт талаптарына сәйкес балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепалды даярлық сынып педагогтері мен мамандарының қызметін ұйымдастыруды қарастырады.
Аталған хат мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және мектепалды даярлық сынып педагогтері мен мамандарына, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығы үшін әдістемелік нұсқаулық болып табылады.
Мектепалды даярлық сыныптарындағы жаңартылған тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары
«Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
Бағдарлама құрылымы мен мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушы, оқытушы міндеттерінің бірлігі мен кіріктірілуі, бірізділігі, жүйелілігі, сабақтастығы сияқты педагогикалық қағидаттар негізінде құрылған.
Бұл бағдарламаның негізін құрайтын идеялар: балалардың мектепке психологиялық даярлығын қалыптастыруды көздейтін бағыт; бағдарламаның мақсатына жетуде барлық субъектілердің ынтымақтастығы мен бірлескен шығармашылығы болып табылады.
Барлық іс-шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастарымен және ересек балалармен қарым-қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді.
Бағдарламада «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары мазмұнының негізгі аспектілері анықталады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала таниды, тани отырып, білгенін әңгімелеп береді; талқылау және зерттеу барысында құрдастарымен және ересектермен өзара әрекет етеді. Білім беру салаларының өзара байланысы және өзара әрекеттестігі қоршаған ортаның тұтастай бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі. Бағдарлама:
– оқытуды ұйымдастырудағы тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады;
– мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді;
– балаларда басты жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көмектеседі;
– 6-7 жастағы балалардың зияткерлік және дене дамуы үшін жағдай жасайды;
– күнделікті өмірде қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, өңдеуге, жеткізуге және коммуникативтік міндеттерді шешуде балалардың оларды қолдануы мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері ретінде төрт тілдік дағдылардың: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымның қалыптасуы мен дамуына көмектеседі;
– балалардың толықтай эмоционалдық, когнитивтік және әрекеттік қызыға қатысуы арқылы, топтағы тұлғааралық өзара әрекеттің ұйымдастырылған кеңістігіне баланың табиғи бейімділігін ынталандырады және дамытады;
– ата-аналармен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ басқа да мамандармен және қоғамдастықтармен өзара тығыз әрекеттестігіне көмектеседі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды, оның ішінде 20 сағаты сабақтарға, 4 сағаты–вариативтік компонентке қарастырылған. Мектепалды даярлық сыныптарында ұзақтығы 25-30 минутты құрайтын төрт сабақ өткізіледі. Олардың арасындағы үзілістердің ұзақтығы 10-12 минут болуы тиіс, үзілістерде баяу қарқынды қимылды ойындар ұйымдастырылады.
«Денсаулық» білім беру саласы белсенді қимыл әрекеті дағдылары мен денелік өзін-өзі жетілдіру қажеттілігіне деген қызығушылықты қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулуға бағытталған.
«Қатынас» білім беру саласы айналасындағы адамдармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу ептіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынас жағдаяттарын ажырату, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстауға бағытталған.
«Таным» білім беру саласы танымдық-зерттеу әрекеті үшін жағдай жасауға бағытталған.
«Шығармашылық» білім беру саласы мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоционалды-сезімдік аясының, өзінің ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамытуға жағдай жасау, өнер құралдарымен тәрбиелеуге және музыкалық-көркемдік әрекет тәсілдері мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға бағытталған.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы әлеуметтік ортаға бейімделу, кез келген ортада еркін бірлесе әрекет ету, өз Отанына сүйіспеншілік таныту біліктерін қалыптастыру, адамгершілік-рухани білім негіздерін дамытуға бағытталған.
Мектепалды даярлық сыныптарында балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау
Стандарт талаптарын іске асыру үшін әрбір мектепалды даярлық топтарында келесі талаптармен жағдайлар жасау қажет:
Психологиялық-педагогикалық жағдайларға қойылатын талаптар:
1) ересектердің балаға құрметпен қарауы, балалардың жағымды өзін-өзі бағалауын, өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенімділігін қолдау;
2) білім беру әрекетінде жұмыстың балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану;
3) мектепалды даярлық сыныптарының педагогтері, мамандары және ата-аналарының бірлескен әрекеті негізінде әрбір баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне бағытталған білім беру әрекетін құру;
4) ересектердің балалардың бір-біріне жағымды, қайырымды қатынастарын, әртүрлі әрекет түрлерінде олардың өзара бірлескен әрекеттерін ересектердің қолдауы;
5) дене және психикалық озбырлықтың барлық түрлерінен балаларды қорғау;
6) балалардың даму бұзылыстары мен әлеуметтік бейімделуін диагностикалау және түзету үшін қажетті жағдайларды жасау;
7) балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулықтарын қорғау мен нығайтуда ата-аналарды қолдау, ата-аналарды білім беру әрекетіне тарту.
Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1) мектепалды даярлық сыныптарын мектепке дейінгі білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз ету;
2) педагог кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыру;
3) баланы тәрбиелеу мен дамыту соның ішінде инклюзивті білім беру мәселелерінде педагогтерге кеңес беру;
4) білім беру процесін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету.
Сабақтарды өткізуге қойылатын талаптар
1) сабақтардың ең жоғарғы мүмкін көлемі мен ұзақтығын қамтамасыз ету;
2) сабақтарды ұйымдастыру санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы қажет;
3) сабақтар Үлгілік оқу жоспарларында белгіленген.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаға қойылатын талаптар
Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.
Заттық-кеңістік дамытушы орта:
- бағдарламаның мазмұнын тиімді іске асыру үшін қазіргі дидактикалық материалдарды, жабдықтар мен мүккамалдарды қолданып дамыту мен тәрбиелеуге;
- балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға;
- балалардың дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету, инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасауға;
- әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимылдық белсенділіктерін қамтамасыз етуге;
- заттық-кеңістік ортада балалардың айналасындағы ересектермен және балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде эмоционалдық саулығына;
- балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған.
Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құру кезінде гендерлік тәсілді ескеру және ұлдар мен қыздарға тән заттар, ойыншықтар және материалдармен қамтамасыз ету.
Заттық-кеңістік дамытушы орта білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріліп құрылады. Бір білім саласына арналған материалдар мен жабдықтарды басқа білім беру салаларын жүзеге асыру кезінде де қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау балалардың шығармашылық, психологиялық және дене дамуына барынша мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске асырылады: ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық, көркем әдебиетті қабылдау және т.б.
Мектепалды даярлық бойынша оқу материалдары пәндік кешен түрінде берілген. Әрбір кешеннің құрамында әліпби-дәптер, дидактикалық материалдар, мультимедиялық-анимациялық электрондық құралдар және әдістемелік нұсқаулық бар.
Барлық мектепалды даярлық сыныптары өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №217 бұйрығымен бекiтiлген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.
Білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері
Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда сапалы тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету үшін келесі ұстанымдар мен тәсілдер қарастырылуы қажет:
- тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары – педагогтер, психологтар, ата-аналармен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда кешенді тәсіл;
- балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамытуда әрекеттік тәсіл;
- тәрбие мен оқытудың мазмұны мен әдістерінің бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін интерактивті құру.
Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі мақсатында балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.
Аталған технологиялар электронды контент ресурстарымен дидактикалық үлестірме материалдарды үйлестіреді, бұл логиканың, ойлаудың, сенсорлық қабілеттердің дамуына мүмкіндік береді.
Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінде көрінеді: мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы; мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету; - балалардың білім беру әрекетіне қатысуында.
Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы «Новые решения», «Алматыкітап» және «Арман-ПВ» баспаларымен әзірленген әдістемелік ұсынымдармен, оқу әдістемелік кешендермен, оқу және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіледі.
Педагогтердің қызметін ұйымдастыру
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін:
- балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етеді;
- топтағы білім беру әрекетін жоспарлайды;
- денсаулықты сақтау шараларын жүргізеді;
- білім беру салаларын кіріктіруді ескеріп, заттық-кеңістік дамытушы ортаны құрады;
- балалармен жұмыста тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
- жеткен нәтижелерді талдау негізінде бала мен сыныптың алдағы әрекетін жобалайды;
- озат педагогикалық тәжірибені зерделейді, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданады;
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсетеді;
- мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі сыныптың күн тәртібіне сәйкес келесі әрекеттерді жүзеге асырады: сабақтарды жүргізу, балалармен қатысу, ойындар, ата-аналармен жұмыс және т.б.
Мемлекетік, орыс, шет тілдері педагогтері:
- үйретілетін тілдің ерекшелігін ескеріп, сабақтарды жоспарлайды және ұйымдастырады;
- оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, тәсілдері және құралдарын қолданады;
- балалар тұлғасының сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
- баланың тілдерге жеке қабілеттерін байқайды және оны дамытуға жәрдемдеседі;
- интерактивтік жабдықтар негізінде инновациялық технологияларды қолданады;
- үш тілді оқытудың бірлігін жүзеге асырады.
Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінің мұғалімдері ҮОЖ тілді мақсатқа бағыттап үйретуді жүзеге асырады.
Музыка мұғалімі:балалардың музыкалық дамуын жүзеге асырады; музыка сабақтарын, балалар мерекелері мен басқа да мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырады және өткізеді; музыкаға дарынды балаларды табады; балалармен жеке жұмыс жүргізеді; балаларды музыкаға тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес береді.
Дене шынықтыру мұғалімі:сабақтарды жоспарлайды және өткізеді; дене тәрбиесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені зерделейді;- инновациялық технологияларды қолданады.
2 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім берудің негізгі бағыттарының бірі тәрбие жұмысы болып табылады. Тәрбие жұмысы білім беруде басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұраушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды.
Оның құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік анықталды.
Мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қалануы тиіс. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиіс, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Пәндерді оқыту оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сананы және толеранттылықты дамытуға, зияткерлік құндылықтарды нығайтуға және жастардың лаңкестік пен экстремизм идеяларын саналы түрде қабылдамауын, көпэтникалық Қазақстан жағдайында өзара қатынас жасау білігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Жаһандану және ақпараттандыру процестері, көші-қонның өсуі, әртүрлі мәдениеттер тасымалдаушыларымен түрлі деңгейде халықаралық байланыстың артуы, бірыңғай әлемдік экономикалық, ақпараттық, мәдени, білім беру кеңістігін қалыптастыру білім алушы тұлғасын мәдениетаралық қатынастар субъектісі ретінде тәрбиелеу жұмысын күшейтуді талап етеді.
Уақыттың жаңа сын-тегеуріндері мен тәуекелдері көпмәдениетті тәрбие мәселесі және білім беру ұйымдарының жұмысында мәдениетаралық, этносаралық қатынастарды күшейту өзекті әрі маңызды болады.
Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленушілер тұлғасын үйлесімді дамытуға, ішкі рухани дүниесін және қоршаған дүниемен үйлесімге жеткізуге; оларды өмірдегі өз орнын анықтауға дайындауға, оларда ізгілікті құндылықтар жүйесіне сүйенетін азаматтық ұстаным қалыптастыруға; әрбір жасөспірім үшін тұлғалық өсуін жобалауына, өмірдегі өз орнын анықтау еркінділігіне, олардың табыс жағдаятына қол жеткізуіне, оның өзін-өзі тәрбиелеуге ықпал етуіне психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуге; жеке дамуын құрметтеуге бағытталуы тиіс.
Көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге дайындық және «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» патриоттық акциясын өткізу бойынша шаралар ұйымдастыру қажет. Еліміз Қазақстан-2030 стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, егемен дамуының 25 жыл аралығында әлемнің дамыған 50 елі қатарына енгенін, 2050 стратегиясын, «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастағанын түсіндіре отырып, әрбір оқушының бойында өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру қажет.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мектептерде меркелеудің негізгі мақсаты мемлекеттілікті, халықтар бірлігін және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды одан әрі дамыту: Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығындағы жетістіктері мен табыстарын көрсету; қазақстандық қоғамның одан әрі табысты дамуын біріктіретін түйіні болатын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын және оның құндылықтарын алға бастыру; бірегейлік пен бірлікті нығайту; елі үшін мақтаныш сезімін нығайту; еліміздік барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндетін – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру болуы тиіс.
Оқушылардың сыбайластық жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» 2014 жылғы 14 желтоқсандағы №986 Жарлығын орындау мақсатында «Дүниетану» және «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерін оқытуда тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
|
Мектеп Жарғысы, штаттық кесте, әкімшіліктің, мұғалімдер мен қызмет көрсететін тұлғалардың лауазымдық міндеттері негізінде жүзеге асырылатын және мектепішілік ақпарат жүйесін талап ететін тәрбие жүйесін басқаруды күшейту қажет.
Тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгілік формасы 3-қосымшада көрсетілген.
Осы орайда сынып жетекшісінің қызметі – арнайы білім, біліктер мен қасиеттерді талап ететін ерекше сала. Мектеп қабырғасында ата-аналар мен оқушыларды біріктіретін, уақыт сынынан өткен негізгі мектеп құжаты – оқушы күнделігі болып табылады. Күнделік – оқушының оқып жүрген мезгілдегі басты құжаты. Оны жүргізу және толтыру білім беру процесіне қатысушылардың барлығы сақтауы тиіс белгілі бір тәртіптермен реттеледі.
2-сыныптан бастап 11-сынып оқушыларының барлығы күнделік жүргізуге міндетті. Мұғалімдер мен сынып жетекшісінің ескертулері үшін күнделіктің соңында арнайы бет бөлінген. Мұғалім оқушының жауабын бағалайды, сынып журналына бағаны қояды және бір мезгілде оны күнделікке жазады және оны қол қоя отырып растайды.
Күнделіктің негізгі міндеті – ата-аналарды және оқушыларды келесі мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады:
– мектеп әкімшілігінің құрамы;
– сыныпта сабақ беретін педагогтер;
– аптадағы және тоқсандағы сабақ және қоңырау кестелері;
– үйірмелер, секциялар, факультативтер кестелері;
– үйге берілген тапсырмалар;
– оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі;
– босатылған сабақтар және кешігулер;
– ескертулер мен марапаттар.
Күнделікті сынып жетекшісі аптасына бір рет тексеруі тиіс. Оқушылар сынып жетекшісінің күнделік толтыруға қоятын талаптарын анық білуі қажет. Оқушының күнделігі оның оқудағы нәтижелерін көрсетуі тиіс. Ата-аналар күнделіктің жүргізілуін қадағалап отырады, апта сайын, тоқсанның, жарты жылдықтың және жылдың соңында тексереді және қол қояды. Мектеп әкімшілігі 2-11-сынып оқушыларының күнделік толтыру жағдайын жүйелі түрде бақылайды.
Сынып жетекшілері оқушының оқудағы табыстары мен жетістіктері туралы жазып отыруы тиіс.
Оқушы күнделігіне сынып жетекшісі жазатын жазбалар 2-қосымшаға сәйкес біртекті және стандартты болмауы керек.
Қазіргі кезде заманауи баспа индустриясы оқушы күнделігін түрлі форматты, түрлі-түсті тысы (лакталған, жұқалтырмен жиектелген, күңгірт, ламинатталған), түрлі-түсті форзацы, түрлі анықтамалық материалдар, карталар және т.б. бар сәнді мектеп аксессуарына айналдырған.
Оқушыға күнделік оның оқуға ынтасын және саналылық деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін мектеп құжаты екенін, оны қатаң түрде қойылған нұсқаулықтарға сәйкес толтыруы және жүргізуі тиіс екенін үнемі еске салып отыру қажет.
Сынып жетекшісі тоқсан сайын өз сыныбындағы бір-екі сабаққа міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысуда ол бірнеше мақсатты көздеуі қажет:
– сыныптағы оқушылар үлгерімінің деңгейін көтеру;
– сынып ұжымының сабақтағы ұйымдасуын бақылау;
– оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптың сақталуын бақылау;
– оқушылар жүктемесін меңгерту мақсатында олардың артық болмауын қадағалау.
Өз әріптестерінің сабақтарына қатысуда келесі ережелерді сақтауы қажет:
– әріптесінің сабағына барарда оған алдын ала ескерту, рұқсат алу, міндетті түрде бұл инспекторлық тексеріс емес екендігіне оның көңілін аудару;
– сабаққа қатысу кезінде тек сабақтың мазмұнына ғана емес, сондай-ақ оқушылардың жұмысын, олардың қызығушылық деңгейін, зейінін, сабаққа қатысуын, сыныптың ұйымдасу деңгейін бақылау;
– мұғалімнің сыныппен қатынас жасау формаларына, жеке қарым-қатынас жасауды іске асыруына, оқушыларға бірдей талап қоюды сақтауына, үй тапсырмасын беру көлеміне, сабақты түсіндіруінің түсініктілігіне назар аудару.
Мектептің әлеуметтік мәдени кеңістігінің тұтастығы барлық мектеп жүйесінің құрылымдық компоненттерінің тұтастығы мен өзара қатынасында көрінеді. Бұл әсіресе каникулдарды және жазғы демалысты ұйымдастыруда айқын байқалады. Осы мақсатта Қазақстанның білім беру ұйымдары базасында дәстүрлі түрде жазғы лагерь ұйымдастырылады.
Балалардың жазғы лагерьдегі демалысын ұйымдастыру ерекшелігі оқу жылы бойында жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының мақсат, міндеттері мен құрылымын іске асырудың жалғасы болуы тиіс. Сонымен, каникулдар мен жазғы демалыс кезінде мектептің әлеуметтік-мәдени кеңістігі өз қызметін және балаларға деген ықпалын тоқтатпауы тиіс, ол мектеп жанындағы лагерь деп аталатын жаңа сапалы жағдайға ауысуы қажет.
Сондай-ақ, педагогикалық ұжымның міндеті балалардың өмірлік тәжіибесін дамыту, тәрбиелеу және кеңейту тұрғысынан мектеп жанындағы лагерь ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдалану болып табылады.
Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтан алдын алу
Қазақстанда жалпы орта білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылық маңызды проблема болып табылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте зорлық-зомбылыққа және кемсітушілікке жиі ұшырау жағдайлары байқалуда (яғни, психологиялық зорлық-зомбылық, күш көрсету, бопсалау, жыныстық сипаттағы зәбірлеу мен қысым, кибербуллинг және кемсітушілік).
Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға қатысты балалардың қауіпсіздігі мен зорлық-зомбылықтың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыста мектеп директорлары, мұғалімдері мен мамандары күш көрсетпеу, кемсітпеушілік, гендерлік теңдік, толеранттылық және өзара сыйластық құндылықтарын басшылыққа алуы маңызды. Мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны және жазықты болу қаупі жоғары жай-күйі әлсіз балалардың (жағдайы төмен, толық емес, аз қамтылған отбасылардың балалары, девиантты мінез-құлықты, шалғайдағы ауыл балалары, дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар (оның ішінде мүгедек балалар), тілдік және этникалық топтардың балалары, оралмандар отбасының балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар), интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің, сондай-ақ мектептердегі қыздарға қатысты жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық проблемасына зор көңіл бөлу қажет.
Мектептерде зорлық-зомбылық фактілеріне мониторинг жүргізу қажет. Мектептегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қолдау және әрекет ету механизмдерін қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжым, балалар мен ата-аналардың қатысуымен мектептегі зорлық-зомбылықтың барлық формаларының алдын алу және жою бойынша түсіндіру жұмыстарын (конференциялар, акциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, диспуттар және т.б.) жандандыру. Білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжымның, балалар мен ата-аналардың қатысуымен мектептегі зорлық-зомбылықтың барлық түрінің алдын алу және жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру (конференциялар, акциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, пікірсайыстар және т.б.).
Мектеп қызметкерлері, балалар мен ата-аналар үшін зорлық-зомбылықтың алдын алу және күресу бойынша ақпараттық-насихаттық компаниялар ұйымдастыру.
Оқу жылының басында (қыркүйек-қазан айлары) оқушылардың моральдық-адамгершілік құндылықтарын арттыру үшін отбасы мен мектеп тарапынан оларды қоршаған ортаның теріс ықпалынан, жыныстық және өзге де зорлық-зомбылық түрлерінен қорғауда қажет алдын алу шаралары түсіндірілетін тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізу қажет.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен жүйелі негізде өзін-өзі сақтау ережелері, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау біліктіліктері, моральдық құндылықтар, адамгершілік бастаулары және жыныстық мәдениетті дамыту (жоғары сыныптарда) туралы алдын алу әңгімелерін өткізу керек.
Мұнан басқа, психологиялық қызметтер іс-әрекетінің нәтижелілігіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету және олардың қызметін отбасы мен жасөспірімдер ортасының проблемаларын шешуге бағдарлау қажет. Білім беру ұйымдарында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болған оқушыларды анонимді сауалнама жүргізу арқылы анықтауда мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтер мен медициналық қызметкерлердің жұмысын жандандыру қажет.
Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу қажет.
Мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер және ата-аналар үшін білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесін әдіснамалық қолдау бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалды, олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтына (www.nao.kz) орналастырылған.
3 БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1-сыныпта пәндерді оқытудың ерекшеліктері
2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылады. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық
1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау; АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады.
Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.
Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс.
Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш мектепте:
энциклопедиялық сипаттағы фактологиялық материалды беруге бағытталған оқытудан, акцентті ақпарат алу тәсілдерін үйретуге ауыстыру;
ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметтендіру;
ақпаратты өздігінен алу, талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;
оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;
бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің ең күрделі және жауапты кезеңі – бірінші сыныпта оқу процесін ұйымдастыру.
1 сыныптарда оқыту мақсаты - 6-7 жастағы бүлдіршіндерде буынмен оқу, тұтас сөздерді оқу, мәнерлі мазмұндау, жатқа айту қабілеттерін қалыптастыру, сауатты жазу қабілеттеріне дағдыландыру, байланысты сөйлеуін дамыту және т.б. болып табылады. Сондықтан, бірінші сыныптықтардың танымдық қызметінің оң мотивациясын қалыптастыру ерекше маңызды болып саналады және оқу процесі қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға өту қағидасы бойынша құрылуы тиіс.
Бірінші сыныптардың оқушыларына оқу жылының бірінші жарты жылдығында баға қойылмайды, ынталандырудың басқа әдістері мен тәсілдері қолданылады. Бірінші сыныпта оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
Білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды.
ҚР БҒМ 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына сәйкес 1 сыныпта балалардың оқу процесіне бейімделу кезеңін жеңілдету мақсатында оқу жүктемесі бірте-бірте ұлғайтады, яғни оқу жүктемесін біртіндеп өсірудің «сатылы» сабақ кестесі қолданылады: қыркүйекте ұзақтығы 35 минуттан үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап 35 минуттан төрт сабақ жоспарланады; екiншi жартыжылдықтан бастап сабақтар 45 минуттан болады.
1 сыныпта қосарланған сабақтарды өткізуге жол берілмейді (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары).
Оқу жылының барысында 1 сынып оқушылары үшін ІІІ тоқсанда қосымша 1 апталық демалыс беріледі.
Сабақ кестесіндегі үзілістердің ұзақтығы оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалысын ескеруі қажет.
Ортақ тақырыптар
Пәндерді, бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы – ортақ тақырыптар – жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен, ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан, мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеруі тиіс.
1 сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2-еуден тең бөлінген, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылады. Мұғалім әрбір ортақ тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне байланысты өзі өзгертеді (2-кесте).
2-кесте. Ортақ тақырыптар
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
Барлығы мен туралы
|
Менің отбасым және достарым
|
Саяхат
|
Тағамдар және
сусындар
|
Менің мектебім
|
Бізді қоршаған әлем
|
Салт-дәстүрлер және ауыз әдебиеті
|
Дені саудың жаны сау!
|
Оқу жоспарлары
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар жүйесін құра отырып, нақты оқу пәнінің оқыту мақсаттарында әрбір бөлім бойынша нақтыланады. Пәндер бойынша оқу бағдарламаларына қосымша берілген оқу жоспарлары ұсыныс сипатында болады. Оқытудың мақсаттар жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.).
Ұзақ мерзімді жоспарларда білім беруді дамытудың жалпы қағидалары (оны дамыту тұжырымдамасы); дамытудың басты бағыты және бағдарламалары; көзделген білім беру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды шаралардың мазмұны мен жүзеге асыру бірізділігі көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді жоспарға бір оқу жылына арналған оқыту тақырыптары енеді. Бөлімдер ішінде сағат санын бөлу мұғалімнің қалауы бойынша өзгереді.
Әдетте, орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқыту тақырыптары көрсетіледі. Бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді, сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе отырып, мұғалімдер үшін тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар өткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары, сондай-ақ ресурстар берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейін ескере отырып, тапсырмалардың кейбір түрлерін өзгерту және түзетуі мүмкін.
Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Ресурстар
Мұғалімдерге қолдау көрсету үшін ҚР МЖМБС-2015, оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың үлгілері), критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік-нұсқаулық материалдар, сандық білім беру ресурстары ұсынылатын болады. Мұғалімдерді Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары, онлайн-консультативтік жүйесі арқылы оқыту жүзеге асырылатын болады. Академияда мұғалімдер үшін әдістемелік қамтамасыз ету және көмек көрсету мақсатында «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндері, «Математика», «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінен, «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқытудан қысқа мерзімді жоспарлар дайындау бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстар және басқа материалдар әзірленді.
Аталған құралдар Академия сайтында (www.nao.kz) орналастырылған.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми сайтында http://nis.edu.kz, жаңартылған білім мазмұны бойынша барлық ақпаратты біріктіретін және барлық орталықтардың сайттарындағы сілтемелерден тұратын, жаңартылған білім мазмұнын тарататын бірыңғай он-лайн платформа құрылған.www.cpm.kz, www.cep.kz, www.erc.kz, www.cpi.kz.
Педагогикалық тәсілдер және ынтымақтастық
Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді.
Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Мұғалім әріптестерімен бастауыш сыныпта оқыту бойынша желілік кәсіби қауымдастық шеңберінде, коучинг және менторинг процестерінде кәсіби ынтымақтастық орнату қабілеттерін жетілдіруі қажет.
Қолданыстағы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының оқыту мақсаттарына табысты қол жеткізудегі түрлі әдістер, технологиялар мен стратегияларды қолдану жөнінде мұғалім үшін ұсыныстар берілген «Оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері» бөлімі қосылған.
Мысалы:
стратегиялар: өздігінен басқарылатын, эксперименттік, сыни, коммуникативтік, мәнмәтіндік;
технологиялар: шағын топтардағы (командадағы) жұмыс, кейс-стади (нақты жағдаяттар талдауы), рөлдік және іскерлік ойындар, модульдік оқыту.
әдістер: проблемалық оқыту, жеке оқыту, пәнаралық байланыс, тәжірибе негізінде оқыту, жобалау әдісі.
Мұғалім педагогикалық міндеттерді шешу және оқытуда стереотиптерді жоюға, өзінің тұлғалық және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ұмтылуы тиіс. Ол үшін он-лайн және оф-лайн режимдерінде әріптестерімен белсенді қарым-қатынас және тәжірибе алмасу, талқылау және ынтымақтастық орнатуда, ортақ проблемалар мен инновацияларды енгізуде мұғалімдердің кәсіби желілік қауымдастығын пайдалану ұсынылады.
Бағалау жүйесі
Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен, процестерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталады сондай-ақ бірқатар нормативтік және әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі.
Критериалды бағалау ережелерінде ҚР МЖМБС-2015 сәйкес бастауыш білім беру бағдарламалары апробациядан өтетін және енгізілетін, Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі анықталады. Құжатта формативті және жиынтық бағалау тәртібін ұйымдастыру мен өткізу; тоқсан ішіндегі жиынтық бағалауды модерациялау тәртібі; тоқсандық және жылдық бағаларды қою тәртібі; білім алушылар портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар реттеледі.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық жаңартылған білім мазмұнын енгізу шеңберінде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бойынша мұғалімдердің қызметіне өзгеріс енгізудің теориялық және практикалық негіздерін анықтайды. Көрсетілген ұсыныстар бағалау тәртібінің сапасын, олардың белгіленген стандарттарға және әрбір оқушыны оқыту сұранысына сәйкестігін бағалауды қамтамасыз етеді.
Критериалды бағалауды енгізу бойынша аймақтық және мектептің үйлестірушілері үшін нұсқаулық педагогикалық өлшемдер саласында білім беру саясатын дамытудың көрінісі, мектеп, облыс және аймақ деңгейінде оны іске асыру бойынша негізгі қағидалары мен тәсілдерін көрсететін құжат болып табылады. Нұсқаулықта бағалау процесін ұйымдастыру бойынша қызметтің өзекті бағыттары және үйлестірушілер үшін көмекке практикалық ұсыныстар берілген.
Әр қалалық/аудандық білім басқармалары/бөлімінде және мектепте критериалды бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіретін жауапты адамдар тағайындалатын болады. Аймақтық үйлестірушілер аудандық/қалалық білім бөлімдері әдіскерлерінің, мектептің үйлестірушілерң жалпы білім беретін мектептердің директорлары орынбасарларының қатарынан анықталады. Үйлестірушілердің басты ролі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару, мектептерге формативті және жиынтық бағалауға байланысты процестер мен тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуден тұрады.
Формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге арналған дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұрады.
Тапсырмалар ұсыныс түрінде болып, білім алушылардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделуі мүмкін.
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар бөлімдер/ортақ тақырыптар және тоқсандар үшін жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің тәсілдерін көрсетеді. Құжат бөлімдер/ортақ тақырыпты жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар әзірлемелері бойынша ұсыныстардан; /ортақ тақырыпты дескрипторлармен және баллдармен жинақтап бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен; тапсырмалар әзірлеуге және рәсімді өткізуге арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың ерекшеліктерінен; сызбалармен балл қоюдың тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерінен тұрады.
Критериалды бағалаудың құрылымы
Білім алушының оқу жылындағы үлгерімі және оқудағы жетістіктері туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі: формативті бағалау және жиынтық бағалау іске асырылады.
Жиынтық бағалау, өз кезегінде, бөлім/ортақ тақырыпты, тоқсанды және орта білім деңгейін жиынтық бағалау рәсімінен тұрады.
Бағалау тәсілдері пәннің мазмұнына және критериалды бағалау түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мұғалім арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау, қиындықтарды айқындау, анағұрлым жақсы нәтижелерге қол жеткізу, оқу процесін дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді.
Формативті бағалау оқудағы жетістіктердің өсуіне және дамуына тікелей ықпал ететін және мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз ететін процесс.
Формативті бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен оқу бағдарламасының әрбір бөлімі бойынша күтілетін нәтижелер формативті бағалау практикасының мазмұнын анықтайды.
Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу бағдарламасының барлық оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерилерінен, дескрипторларымен тапсырмалар үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды.
Мұғалім білім алушылардың жеке ерекшеліктері және оқыту мәнмәтінін ескере отырып тапсырмаларды дайындайды немесе таңдайды. Әрбір тапсырмаға дескрипторлар анықталады. Бағалауда мұғалімнің шешімі шынайы болатындай тапсырмалардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, дескрипторлар білім алушы тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиналғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға сындарлы кері байланыс жасауына ықпал етеді.
Жиынтық бағалау 1 сыныпта мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4-тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі. Белгілеу процесінде білім алушылардың оқу бағдарламасына сәйкес білімі мен дағдыларын көрсететін дәлелдер жинау іске асырылады.
Мұғалім жиынтық бағалау нәтижелері бойынша балл/деңгей/бағалар туралы шешімді бағалау критериіне сәйкес қабылдайды. Бұл жағдайда балл қою дескрипторлары мен сызбалары әр білім алушыға қатысты шынайы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Формативті бағалаудан, алынған ақпарат оқыту процесін жоспарлау, түзету және талдау жасау үшін қолданылуы мүмкін.
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар үшін жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Бұл талдау білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: диктанттар, мазмұндама, эссе, тесттер, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.
Паралел сыныптар үшін тоқсандық жиынтық бағалау бірдей жағдайда өткізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіріп жазу) жол берілмейді.
Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілген уақытта дәлелді себептермен (ауру, жақын туысқанының қазасы, конференция, олимпиада, ғылыми және спорттық жарыстарға қатысу және т.б.) болмаған білім алушыға мектепке келген күннен екі апта аралығында оны өтуіне рұқсат етіледі, бұл кезде жиынтық бағалау тапсырмаларының қосымша нұсқалары қолданылады.
Баға қою механизмі
Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындыларының нәтижелерін тіркеу электрондық журналға белгіленеді. Баллдар мен бағаларды есептеу электрондық журналда автоматты түрде іске асады.
Бастауыш сыныптарда тоқсандық бағаларды қою:
1 сыныпта 1 жарты жылдықта жиынтық бағалау жүргізілмейді. Тоқсандық бағалар тек 3-4-тоқсандарда қойылады.
Тоқсандық бағалар бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінен жиналады.
Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық қатынаста қолданылады.
Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес меңгерілген оқу материалының көлемі мен бөлім/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалауы санына байланысты анықталады.
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарда барлық рәсімдердің саны мен байланысы көрсетілген. Бұл кезде бөлім/ортақ тақырыптарды жиынтық бағалау рәсіміне 50%, тоқсандық жиынтық бағалауға – тоқсандық бағаның жалпы жиынтығының 50% бөлінеді.
Журнал жүргізу
Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындылары білім алушылардың нәтижелерін тіркеудің электрондық журналына қойылады.
Дәстүрлі қағаз журналда мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын белгілейді және пәннің тақырыпшасын жазады.
Бастауыш мектептің 1 сыныбына арналған оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері:
1-сыныпта ҚР МЖМБС-2015 сәйкес дайындалған үлгілік оқу жоспарларында «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» білім беру салалары бойынша оқу пәндерін оқыту енгізілген.
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «Сауат ашу», «Қазақ тілі (Т2)», «Орыс тілі (Т2)», «Ағылшын тілі» пәндерін қамтиды.
Сауат ашу
«Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы оқушыларда сөйлесім әрекетінің төрт түрін дамыту қажеттілігімен анықталады (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым). Пәнді оқытуда оқылым және жазылым дағдыларын дамыту жұмысы кіріктіріле жүргізіледі.
Сауат ашу процесінде үш кезеңді көрсетуге болады: әлiппеге дейiнгi, әліппе, әліппеден кейінгі. Сауат ашудың әліппе кезеңі бірінші тоқсанда басталып, үшінші тоқсанда аяқталады. Әліппеден кейінгі кезең 4-тоқсаннан басталады.
Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқыту мақсаттарын меңгеру мен әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін.
Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз және белгі; бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді.
1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы
Бірінші жартыжылдықтың соңында: айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді (3-5 сөз), сөйлемдерді (2-3 сөзден тұратын) жазу; баспа әріптермен берілген мәтінді (10-15 сөзден артық емес) көшіру жұмыстарын орындай алуы тиіс.
Екінші жартыжылдықтың соңында: 1) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді, құрамында дауыстылар, ұяң, үнді және қатаң дауыссыздар, йотты дауыстылар кездесетін сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз); 2) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз және белгі) тыңдау арқылы жазу; 3) сұрақтарға жауап жазу арқылы мәтіннің мазмұнын жеткізу (15-20 сөз және белгі); белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес сыныптар үшін)
«Қазақ тілі» пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдер жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау белсенді әдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген.
Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі. Өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді. Қазақ тілін оқыту Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық, т.б. ерекшеліктерін ескере келе, тілді үйретудің тиімді әдіснамасын жетілдірудің жолын айқындады. Тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріліп, тілдерді оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
1-4-сыныптарда қарапайым деңгейдің 4 игерімін меңгерту талап етіледі:
1) 1-2-сыныптардағы қарапайым деңгей - А1 2 игерімді қамтиды:
бастапқы жеңіл игерім А1 – 1-сынып;
бастапқы орта игерім А1.1 – 2-сынып.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты құрайды.
Орыс тілі (оқыту орыс тілді емес сыныптар үшін)
Особенностью в обучении первому, второму и третьему языкам является введение единого речетематического режима, позволяющего расширить словарный запас, отрабатывать коммуникативные навыки в рамках интегрированной речевой тематики.
По окончании начальной школы ученики должны владеть языком на элементарном уровне А1, А2 (начальный уровень) согласно системе уровней «Общеевропейской рамки владения языками» (CEFR). Важность предмета «Русский язык» в образовательной программе определена статусом русского языка как средства межнационального общения в Республике Казахстан, его значимостью в создании полиязычного пространства.
Система целей обучения определяет содержание предметов и выстроена из пяти разделов: «Слушание», «Говорение», «Чтение», «Письмо», «Языковые нормы».
Объем учебной нагрузки по предмету составляет 2 часа в неделю, в учебном году 66 часов.
Ағылшын тілі
«Ағылшын тілі» пәні оқушыда өз халқының мәдениеттері мен рухани құндылықтарының диалогы, ұлттық біртектілік, азаматтық, мораль және тілдік мінез-құлық нормалары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Шет тілін оқытудағы бастауыш білім деңгейі қарапайым деңгейді меңгеруге бағдарланған және тілді меңгерудің Жалпыеуропалық құзыреттіліктеріне (CEFR) сәйкес А1 қатысты болады (түрткілеу деңгейі - Breakthrough).
Табиғи тілдік орта болмаған жағдайда ағылшын тілін меңгеруді табиғи жағдайларға жақындату мақсатында келесі дидактикалық қағидаларды басшылыққа алу маңызды: оқу материалын азайту, коммуникативтік және функционалдық, кешендік, тәрбиелеп оқыту, белсенділік, көрнекілік, материалды жағдаятты-тақырыптық ұйымдастыру, жүйелілік және бірізділік, меңгерудегі орнықтылық, қолжетімділік (шамаға лайықтылық, дараландыру және сараландыру.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты құрайды.
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «Математика» пәнін қамтиды.
Математика
Математика пәні бастауыш білім деңгейінде «Математика» білім саласындағы кіріктірілген пән.
Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.
1-сыныпта 0 санынан 10 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен; толық ондықтармен; жүз санымен таныстыру басталады; «10-нан 20-ға дейінгі сандар» жаңа материалы енгізілген; 2-сыныпта қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.
3-кесте. 1-сыныпта «Математика» пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмыстарының түрлері және саны
Сынып
|
Жұмыс түрлері
|
1
тоқсан
|
2
тоқсан
|
3
тоқсан
|
4
тоқсан
|
1 сынып
|
Бақылау жұмысы
|
-
|
-
|
3
|
3
|
Өзіндік жұмыс
|
-
|
-
|
3
|
3
|
Барлығы
|
-
|
-
|
6
|
6
|
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат, оқу жылында 132 сағатты құрайды.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «Жаратылыстану» пәнін қамтиды
Жаратылыстану
«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология», «Физика» және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі деңгейлерінде оқытудағы кіріспе курс болып табылады, сондай-ақ білімнің кез келген саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін қалайды.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «Дүниетану», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.
Дүниетану
«Дүниетану» пәнінің мазмұны осы пән қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, оқушыларда ең алдымен өзі, үйі және отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Өзін-өзі тану
Бастауыш сыныпқа арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету, өзіне және өзгелерге қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілік таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, қалыптастыру, өзіне жауапкершілік алу, өз бетінше кемелдену қабілеттерін ашуға бағытталған.
Бағдарлама мазмұны өзін тану, өз қылықтарын салыстыру, талдау, олардың этикалық мазмұнын көру мен бағалауын көздейді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «Музыка», «Көркем еңбек» пәндерін қамтиды.
Музыка
Бастауыш мектептегі «Музыка» пәні мазмұнының ерекшелігі болып табылады: қазақ музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және қазіргі музыканың ең озық үлгілерін; музыкалық сауаттылық негіздерін; тәжірибелік дағдыларды іске асыруда музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мәліметтер); АКТ қолдана отырып, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, суырып салуға арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды қамту; музыканы өнердің басқа да түрлерімен және пәнаралық салалармен пәнаралық кіріктіру.
Оқу бағдарламасының бөлімдері мен бөлімшелерін құру логикасы музыкалық шығарманы ұғыну мен түсіну (музыканы тыңдау және қабылдау, тыңдаған музыканы талдау және сезіну) негізі ретінде ақпаратты қабылдауға негізделген. 6-7 жастағы балалар өз пікірін айтуға, оқыту мазмұны бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап табуға үйренуі тиіс.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
Көркем еңбек
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол кеңістіктік және көру елестерін, қиялы мен байқағыштығын түрлі шығармашылық қызметте көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Түрлі материалдармен жұмыс оқушыларда технологиялық пікір қалыптастыруға, көркем-эстетикалық талғам, шығармашылық қабілет, жады, кеңістіктік қиял, фантазия, қол моторикасын дамытуға, көз мөлшерін жетілдіруге ықпал етеді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ «Дене шынықтыру» пәнін қамтиды.
Дене шынықтыру
Бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтыру негіздерімен, таныстыру, атап айтқанда, спорттық-арнайы қозғалыс дағдылары мен физикалық қабілеттер алуымен қатар, олардың физикалық денсаулығын дамытуға ықпал ету болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімі денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене жаттығуларының өсіп келе жатқан организмге тигізетін ықпалы мәселелері бойынша жеткілікті дайындығы болуы тиіс. Дене шынықтыру мұғалімдері оқушы организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Оқушылар сырқатының ауырлығына және сипатына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушыларды қозғалыс жаттығуларын тағайындауда анағұрлым сараланған тәсілдеме қолдану мақсатында А және Б топшаларына бөлу ұсынылады:
А топшасы – денсаулық жағдайында қайтымды сипаттағы ауытқуы бар, түрлі сырқаттармен әлсіреген оқушылар;
Б топшасы – ағзалары мен жүйелерінің қызметінде ауыр, қайтымсыз өзгерістер бар оқушылар (жүрек-тамыр, зәр шығару жүйелерінің, бауырдың органикалық зақымданулары; көз түбінің өзгеруімен жоғарғы деңгейдегі көз кемшілігін түзетуінің бұзылуы).
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат, оқу жылында 99 сағатты құрайды.
3.2 Қолданыстағы білім мазмұны бойынша 2-4-сыныптарда пәндерді оқыту ерекшеліктері
Біздің республикамызда 2016-2017 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұнына көшеді.
2-4 сынып оқушылары қолданыстағы МЖМБС-2012 мазмұны бойынша оқуды жалғастырады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорт қызметінде дербестікті қалыптастыру, алға қойған мақсаты бар, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.
4-сынып оқушыларын оқытуда білім беру процесіне оқытудың белсенді түрлерін: дәлелдерді құру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдануды енгізуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе оқу, жазу, математика мен жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені 4-сынып оқушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады.
Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің жұмысынан басым болуы қажет. Бұл міндеті шешуде оқуға уәжі жоғары және оқуда қиындықтары бар балалар үшін сабаққа тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын тарту, оқыту түрлерінің көптүрлілігі және бақылау мен өзіндік бақылау түрлері көмектеседі.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр оқушының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, осылайша оқытудың тиімділігін арттырады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қойылатын талаптарында көрсетілген функционалдық сауаттылығын дамыту үшін тұлғалық нәтижелерді, жүйелі-қызметтік және пәндік нәтижелерін қамти отырып, ойлау дағдыларының нәтижесін тиімді бағалауға мүмкіндік береді.
Үй тапсырмасы бастауыш сынып оқушыларына демалыс күндері және демалыс уақытына берілмейді.
Үй тапсырмасының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың 30%-нан аспауы қажет. Күрделі қиындықтағы ерекше белгімен (*) белгіленген тапсырмалар үйге берілмейді. Әр пән бойынша үй тапсырмасы көлемі бойынша қатаң түрде реттелген және басқа пәндер бойынша тапсырмалармен үйлесуі қажет.
Барлық оқыту және бақылау жұмыстары түрлерін орындау үшін оқушыларда жеке дәптерлері болуы қажет (пән бойынша оқушылар дәптерлерінің саны 4-қосымшадан қараңыз).
Бастауыш білім беру мазмұны жеті білім беру саласын құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді сыныптар үшін)
«Қазақ тілі» пәні бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
Пәнді оқыту ерекшелігі – грамматикалық материалдар жүйелi-шоғырлы ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілді. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары» бөлімдерінен тұрады. Тілдік саладағы барлық тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.
«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру.
Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың жетістіктерінің деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлерінде жүргізіледі: диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау мақсатымен көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.
Диктантты ұйымдастыру және өткізу
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады.
Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;
диктанттың қай түрі болмасын, мұғалім мәтінді орфоэпия заңына сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, толық оқиды;
мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазуды қадағалап отыру тапсырылады;
оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн;
жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады.
Оқушылардың грамматикалық талдау білімдерін сынау мақсатында алынған бақылау жұмыстарда 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.
2, 3, 4-сыныптарда мұндай бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі (4-кесте).
4-кесте – Диктант мәтінің көлемі
Сыныптар
|
Тоқсандар/сөздер саны
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
2 сынып
|
19-22
|
22-25
|
25-28
|
28-30
|
3 сынып
|
32-35
|
35-40
|
40-55
|
55-60
|
4 сынып
|
65-68
|
68-70
|
70-75
|
75-80
|
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің саралануы:
Қателер:
сөздердің жазылу ережесін бұзуды қоса алғанда күрделі қателер кеткен жағдайда, орын ауыстыру, алмастыру, сөздерде артық әріптердің кездесуі;
емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;
мәтіндегі тыныс белгілерінің сөйлемнің соңында болмауы және бас әріп сөйлемнің басында жазылмауы;
орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; екі бірдей қате
әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады (қайынның сыңыптын);
бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;
мәтін мазмұны (мазмұндамада) тақырыптан алшақтаған, ойды жүйелі жеткізуде кемшіліктер; мазмұндама жазуда шығарма мазмұнын өзгертетін, авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулар бар;
әр бөлім арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, баяндаудың негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың түсіп қалуы;
сөздердің мағынасына сәйкес қолданылмауы (мазмұндамада).
Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате;
қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы; жазылуы аяқталмаған сөз;
Кемшіліктер: сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы, келесі сөйлем бас әріптен жазылған жағдайда; азат жолдың болмауы;
Диктантта қате деп саналмайды: диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өткен сабақ материалдарында қарастырылмаған жағдайда; ерекше жағдайда бір сөзді екінші сөзбен мағынасын өзгертпей ауыстыру.
«5» бағасы, егер оқушы барлық тапсырмалар қатесіз орындаса, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаса және өз бетінше жұмыс орындау барысында білімдерін қолданған кезде қойылады;
«4» бағасы, егер оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады.
«2» бағасы, оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе) қойылады.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу
2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 10-15 күнде бір рет.
Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет.
2-3-cыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады да, 1 ғана баға қойылады.
4-сыныпта мазмұндама мен шығармалар үшін 2 баға бір тор көзге қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін (5/5, 5/4 сияқты)
«5» деген баға – автордың мәтінін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалған; тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс; сөздік қолданыста 1-2 түзету жіберілсе қойылады.
«4» деген баға – жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету жағдайда қойылады.
«3» деген баға – мәтін мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ой жүйелі жеткізілген, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар. Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;
«2» деген баға – қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан көп алшақ, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.
Бастауыш сыныптардағы мазмұндамалар және шығармалар үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, қанағаттанарлықсыз баға тек қорытынды мазмұндамалар жазғанда ғана қойылады.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (2-4 сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.
Сөздік диктанттар ағамдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктантардың мазмұнын жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.
Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны:
2-сыныпта – 6-8 сөз.
3-сыныпта – 8-10 сөз.
4-сыныпта – 10-12 сөз.
Сөздік диктантты бағалау мөлшері:
«5» – қатесі жоқ;
«4» –1 қате, 1 түзету жіберілсе;
«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе;
«2» – 3-5 қате жіберілсе.
5-кесте. Қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері
Жұмыс түрлері
|
сыныптар
|
II
|
III
|
IV
|
I жарты-жылдық
|
II жарты-жылдық
|
I жарты-жылдық
|
II жарты-жылдық
|
I жарты-жылдық
|
II жарты-жылдық
|
Мәтінді көшіру
|
2
|
2
|
1
|
2
|
1
|
1
|
Бақылау мазмұндама
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Бақылау шығарма
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
Сөздік диктанттар
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
6-кесте. Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық тапсырмамен диктанттар)
Тоқсан
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Барлығы
|
Тақырып
|
Бақылау
|
Тақырып
|
Бақылау
|
Тақырып
|
Бақылау
|
Тақырып
|
Бақылау
|
I
|
5
|
2
|
8
|
2
|
8
|
2
|
21
|
6
|
ІІ
|
1
|
1
|
1
|
3
|
III
|
1
|
1
|
1
|
3
|
IV
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Жыл
|
5
|
5
|
8
|
5
|
8
|
5
|
21
|
15
|
Тест тапсырмаларын бағалау
Тексеруді тест тапсырмаларының барлығы бойынша, сондай-ақ жеке бөлімдер бойынша өткізуге болады. Оқушы 75%-дан артық дұрыс жауап берсе, оның жеткілікті базалық дайындығы бар деп саналады.
Оқушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдындағы сабақтардың бірінің соңындағы 10-15 минутты бөлу керек. Тесттегі тапсырмаларға ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қою және оларды оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
7-кесте. Тест тапсырмаларын бағалау нормасы
Базалық деңгей
|
0 - 60%
|
60 - 77%
|
77 - 90%
|
90 - 100%
|
17 балдан азырақ
|
18 - 22 балл
|
23 -26 балл
|
27-30 балл
|
бағасы «2»
|
бағасы «3»
|
бағасы «4»
|
бағасы «5»
|
Грамматикалық тапсырма
«5» бағасы, барлық тапсырмалар қатесіз орындалса қойылады.
«4» бағасы, егер оқушы кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы тапсырмалардың 1/2 бөлігінен артығын дұрыс орындаса қойылады;
«2» бағасы, егер оқушы кемінде тапсырмалардың 1/2 бөлігін дұрыс орындаса қойылады.
Мәтінді көшіріп жазудан (оқулықтан, тақтадан және т.б.) тұратын оқушылардың жазбаша ағымдық және қорытынды тексеру жұмыстарын бағалауда келесі нормалар қолданылады (8-кесте):
8-кесте. Мәтінді көшірудің бағалау нормалары
сыныптар
|
Тоқсандар
|
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
2-сынып
|
20-25
|
25-30
|
30-35
|
35-40
|
3-сынып
|
40-45
|
45-50
|
50-55
|
55-60
|
4-сынып
|
60-65
|
65-75
|
70-75
|
75-80
|
9-кесте. Жіберілген қателер саны
Бағалар
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
«5»
|
Қате жоқ. Графикалық сипаттағы бір кемшілік
|
Қате жоқ
|
Қате жоқ
|
«4»
|
1-2 қате, 1- түзету
|
1- қате, 1- түзету
|
1- қате, 1- түзету
|
«3»
|
3 қате, 1- түзету
|
2 қате, 1- түзету
|
2 қате, 1- түзету
|
«2»
|
3 қате, 1- 2 түзету
|
3 қате, 1- 2 түзету
|
3- қате, 1-2 түзету
|
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.
2-3-сыныптарда маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.
Бастауыш сынып оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар қойылады:
2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 2-3 өлеңді жатқа айту, 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;
3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеу; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айту; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу;
4-сыныпта көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.
«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-4 сыныптарда – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.
10-кесте. Қорытынды жұмыстар саны
Тоқсан
|
2 сынып
|
3 сынып
|
4 сынып
|
Барлығы
|
|
Тексеру
|
Бақылау
|
Тексеру
|
Бақылау
|
Тексеру
|
Бақылау
|
Тексеру
|
Бақылау
|
I
|
4
|
1
|
4
|
1
|
4
|
1
|
12
|
3
|
II
|
1
|
1
|
1
|
3
|
III
|
1
|
1
|
1
|
3
|
IV
|
1
|
1
|
1
|
3
|
жыл
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
12
|
12
|
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы
Қателер: қате оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу); екпінді дұрыс қоймау; мәтіннің бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғагы мен анықтығын бұзу; қойылған оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу; мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сойлемді таба алмау, мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу; дайындалған мәтіннен жатқа айтудан берік емес білім; бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы.
Кемшіліктер: дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы; орнатылғаннан біршама жоғары уақытта оқылған мәтінді түсінуі; шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік; мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкер мінезін көрсетудегі мәнерлеудің жеткіліксіздігі.
Бағалау нормасы
2-сынып
«5» деген баға, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінетін, дыбыстарды, сөздерді дұрыс анық айтатын, сөздегі әріптер мен буындар орналасуының ауыстырмайтын, буындап оқып сөзді толық оқуға біртіндеп көшетін; 2-жартыжылдықта күрделі сөздерді толық оқитын; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерге сәйкес сөздегі екпінді, дауыс ырғағын қоя білетін, мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере алатын және мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып бере алатын; тақпақтың мәтінін жатқа білетін және оны мәнерлеп оқитын оқушыға қойылады.
«4» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын түсінетін; буындап оқитын және жеке сөздерді толық оқитын; сөйлемнің соңында дауыс ырғағын сақтауда, оқуда сөзде 1-2 қате жіберетін; мәтіннің мазмұнын дұрыс жеткізіп, мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап қайтаратын, бірақ тілі анық емес, оны өзі немесе мұғалімнің аздаған көмегімен түзейтін; өлеңді жатқа білетін, оқуда бірлі-жарым қате жіберетін және оларды өзі түзететін оқушыға қойылады.
«3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын тек мұғалімнің көмегімен меңгеретін; оқуда әріп пен буындарды тастап кету, ауыстыруда 3-5 қате жіберетін; сөйлемдер мен сөздерде кідірісті сақтамай оқитын; мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұнын айтып, тілдік қателерді тек мұғалімнің көмегімен түзететін, өлеңді жатқа біледі бірақ анық айтпайтын оқушыға қойылады.
«2» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын түсінбейтін; мұғалімнің сұрағы бойынша мәтінді айта алмайтын; жатқа оқу барысында бірізділікті бұзатын, оқылған мәтінді толық жеткізе алмайтын оқушыға қойылады.
3-сынып
Оқушыға «5» деген баға егер ол оқыған мәтіннің мазмұнын түсінген; мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағын сақтаған; өздігінен мәтіндерді бөліктерге бөле алған; бастысын бөліп көрсететін, оқытылған мазмұнды жеткізе алатын, тілін грамматикалық дұрыс қоя білетін, контекстегі сөз мағынасын түсінетін, өздігінен мәтіннен бейне үшін автормен қолданылған әрекеттігі тұлға мен табиғатты сипаттауды сөз бен сөйлемді таба алатын, өлеңді жатқа айтатын және мәнерлеп оқыған жағдайда қойылады,
Оқушыға «4» деген баға мәтінді саналы түрде мәнерлеп оқыған; оқуда және кішігірім қажет оқиғаларды табуда 1-2 өрескел емес қателер болған; оқығаннан негізгі мәнін дұрыс түсінген, бірақ анық жеткізе алмайтын, тақпақты жатқа білген, оны мәнерлеп оқитын, бірақ шамалы қателер жіберген (қайталаулар, ұзақ кідіріс және тағы басқа) жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын дәйекті түрде жеткізген, негізгі ойды көрсетіп, мұғалімнің көмегімен жетелеуші сұрақтар арқылы мәтінді бөліктерге бөле алған, мазмұндау барысында мәтіннің мазмұнын сақтамай қателесіп, оны мұғалімнің көмегімен түзеткен; мәтінді жатқа айтатын, бірақ оны толық білмейтін, тақпақ мәтінін бірсарынды оқитын жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға сөздерді толық оқыған; 6 және одан да көп қате жіберген; негізгі ойды көрсете алмайтын және қосымша сұрақтар арқылы мәтінді бөліктерге бөле алмайтын; тақпақ мәтінін жатқа толық білмейтін сөздерді нақты айтпайтын жағдайда қойылады.
4- сынып
Оқушыға «5» деген баға егер ол жылдам, түсінікті оқыған; әдеби сөздерді дұрыс оқудың барлық нормаларын орындаған, ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, толық, қысқаша және өзінің қалауымен айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын, оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтайтын, белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға мәтінді жылдам әрі мәнерлі оқыған, оқуда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, мәтінді мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы қателер жіберілген жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарыңды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберілген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген, мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (2-жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құрастыра алмайтын, жатқа айту барысында мәтінді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.
11-кесте. Оқу жылдамдығының нормасы
Сыныптар
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1 тоқсан
|
25-30
|
50-54
|
75-78
|
2 тоқсан
|
31-40
|
55-60
|
78-82
|
3 тоқсан
|
41-45
|
61-69
|
82-90
|
4 тоқсан
|
46-50
|
70-75
|
90-95
|
Үй жұмысын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқумен салыстырғандағыдан жоғары талаптар қойылады.
Оқу үшін баға оқушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады. Бағаға оқу көлемі: 2-сыныпта оқулықтың 1/4 беті; 3-сыныпта – 1/3 беті; 4- сыныпта – 1/4 беті болуы керек.
Оқушының қорытынды оқу дағдысын тексеру жылына үш рет жүргізіледі; І және ІІ жартыжылдықтың соңында қорытынды бақылау жұмысы алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |