Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар
5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығы
Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады: алайда 5-9-сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.
5-сыныпта бастауыш сыныптардағыдай оқу жылдамдығын тексеруді бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес түсініп оқу болатынын ескерген жөн.
5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар
Мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу. Оқу барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойы дұрыс жеткізіледі.
38-кесте. 5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығының нормасы
Сыныптар
|
Міндетті деңгей
|
Мүмкіндік деңгейі
|
5-сынып
|
105 – 115 сөз
|
110 – 120 сөз
|
6-сынып
|
115 – 125 сөз
|
120 – 130 сөз
|
7-сынып
|
125 – 135 сөз
|
130 – 140 сөз
|
8-сынып
|
135 – 145 сөз
|
150 – 160 сөз
|
9-сынып
|
145 – 155 сөз
|
170 – 180 сөз
|
Жаңартылған білім мазмұнына орай оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама өзгерді:
39-кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар
Сынып
тар
|
Тыңдалым
|
Оқылым
|
Жазылым
|
Айтылым
|
тыңдалым ұзақтығы
|
мәтіндегі сөз саны
|
диалог
|
монолог
|
5
|
3-5 минут
|
200-300 сөз
|
300-400 сөз
|
150-200 сөз
|
6-8 сөйлем
|
8-10 сөйлем
|
6
|
3-7 минут
|
300-500 сөз
|
300-500 сөз
|
200-250 сөз
|
8-10 сөйлем
|
10-12 сөйлем
|
7
|
5-9 минут
|
300-700 сөз
|
500-700 сөз
|
250-300 сөз
|
10-12 сөйлем
|
12-14 сөйлем
|
8
|
5-11 минут
|
500-900 сөз
|
500-800 сөз
|
300-350 сөз
|
12-14 сөйлем
|
14-16 сөйлем
|
9
|
5-13 минут
|
500-1000 сөз
|
500-900 сөз
|
350-400 сөз
|
12-14 сөйлем
|
14-16 сөйлем
|
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:
ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары арқылы оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;
мұғалім сынып ерекшелігін ескере отырып, бір тарау барысында оқу мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын өзі таңдап жоспарлай алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс;
бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса оқушыға қиын тиеді және оны жүзеге асыру мүмкін болмайды;
қалыптастырушы және жиынтық бағалау оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;
күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;
бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни оқушы тыңдаған не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң сақтау қажет;
жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама, мақала, т.б.);
грамматика коммуникативтік контексте оқытылады, яғни грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, оқушылардың тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән беріледі;
лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының сол тақырып бойынша тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы өмірмен байланыс орнату, пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқушылардың академиялық сөздерді орынды қолдана білуіне ықпал ету.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |