Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ



бет114/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат
Криминология, Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20-1, Қазақ тіілі БЖБ мен ТЖБ, Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ:

«Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ әдебиеті», «Русская литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Родной язык», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі ».


Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер

Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.

Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:


  1. қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

  2. тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  3. тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

  4. тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ сайтынан алуға болады. Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет