«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні
2020-2021 оқу жылынан бастап бастауыш сыныптардағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгерді.
Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету болып табылады. 2020-2021 оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» бірінші рет 1-сыныпта 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақтан өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |