Деңгей
|
Тілдің Еуропалық деңгейлер шкаласының сипаттамасы (CEFR)
|
Жаңартылған білім мазмұнының «Шетел тілі» оқу пәні бағдарламасындағы әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер
|
A1
|
Нақты міндеттерді орындау үшін қажетті таныс фразалар мен сөз тіркестерін түсінемін және қолдана аламын. Өзімді/өзгелерді таныстыра аламын, тұрғылықты жері, таныстары, мүлкі туралы сұрақ қоя аламын/жауап бере аламын. Әңгімелесуші баяу және анық сөйлесе және қиналған кезде көмек көрсетуге дайын болса, күрделі емес әңгімеге қатыса аламын.
|
1-сынып
Білім алушы:
- негізгі сұрақтарды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпы аттарды және орын атауларын біледі және түсінеді;
- адамдар мен объектілер туралы сөйлесудің қарапайым дағдыларына ие
|
2-сынып
Білім алушы:
- түсі мен саны, қысқаша негізгі сұрақтар мен әңгімелер сияқты қысқа, баяу сөйлесулердің негізгі сәттерін таниды;
- жеке ақпаратқа, адамдар мен объектілерге қатысты негізгі ұсыныстарды айта алады, негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін сұрақтар қоя алады.
|
3-сынып
Білім алушы:
- қысқа әңгімелердің мазмұнын, жеке ақпаратты сұрайтын қысқа нұсқаулықтар мен сұрақтарды таниды;
- адамдар мен объектілер туралы қысқаша ақпарат береді;
- өте қысқа қарапайым көркем және ғылыми-танымал мәтіндерді оқи бастайды
|
4 -сынып
Білім алушы:
- өзі және қоршаған орта жайлы әңгімелесуді түсінеді және қолдайды;
- адамдар мен объектілерді қысқаша сипаттай алады;
- сұрақтарға жауап береді және ұнататындығы мен ұнатпайтындығын білдіреді
|