Оқу пәндері
|
Сыныптар
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
1
|
Қазақ тілі (Т1)
|
Оқыту тілі
|
2
|
Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)
|
В1-В2
|
3
|
Орыс тілі (Я1)
|
Оқыту тілі
|
4
|
Орыс тілі және әдебиеті (Я2)
|
В1-В2
|
5
|
Ағылшын тілі (L3)
|
А2
|
В1
|
6
|
Француз тілі (L3)
|
А1
|
А2
|
7
|
Неміс тілі (L3)
|
А1
|
А2
|
Тілдерді деңгейлік оқыту төрт қызмет түрі бойынша: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуды көздейді.
Үш мақсатты тілді оқытудағы әдіснамалық көзқарас келесіге негізделген:
1. Коммуникативтік тәсіл грамматикалық ережелерді өзге тілде қарым-қатынасқа түсу барысында ғана қолдануға бағыттайды. Коммуникативтік құзыреттілік тілді әртүрлі мақсаттар мен функциялар үшін қолдана білу, әр түрлі типтегі және сипаттағы мәтіндерді оқи алу, түсіну және құрастыра білу, лексикалық және грамматикалық база шектеулі болса да қарым-қатынасқа түсіп, сөйлесе алу дегенді қамтиды.
Коммуникативтік тәсіл, ең алдымен, тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты дамытудың ықтимал нұсқаларын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, бейнелеп айту дағдысын дамыту сияқты параметрлерге негізделеді. Мұндай оқытуда мұғалім көмек беруші ретінде болады.
Осылайша, білім алушы тіл туралы білімді ғана емес, сонымен қатар қоғамда өзін үстауды, оқытылатын тіл елінің мәдениетінің нормалары сияқты әлеуметтік-мәдени компонентті де меңгереді. Бұл оған тіл тасымалдаушыларымен сөйлесу барысында оларды дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.
2. Мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Тілдерді оқыту барысында тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Бұл тәсіл бірнеше міндетті шешуге:
оқытылатын тіл елінің өзіндік ерекшелігі, мәдениеті, дәстүрлері туралы түсінік қалыптастыруға;
білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтіп, құндылықтық бағдар жүйесін қалыптастыру үшін қажетті, өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті, ұлттық мәдениетке, тілге деген құрметті тірбиелеуге;
оқытылатын тілде өз өлкесінің мәдениеті, дәстүрі, тарихы туралы ақпаратты тарату үшін жағдай жасауға;
мәдени-білім беру кеңістігінде өзін-өзі тұлға ретінде көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін педагогтерге төмендегідей ұсынымдар беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: |