Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке оқу жоспары мен жеке оқу бағдарламасы әзірленеді.
5-9-сыныптарда білім беру ұйымдарынан тыс жеке сабақтар үшін ең жоғарғы оқу жүктемесі: 5-сынып-7,5 сағат; 6 – сынып–7,5 сағат; 7 – сынып-8,5 сағат; 8 – сынып-9 сағат; 9 – сынып-9,25 сағат құрайды.
Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық ұйымда 15 күннен астам емдеуден/оңалтудан өтуі тиіс білім алушылармен жүргізіледі. Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен бастап және баланың денсаулық жағдайына байланысты басталады. Сабақтың ұзақтығы барлығы үшін - 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут (бірінші жартыжылдықта). Аурудың ауырлығына қарай ауру балалар болатын медициналық режимдердің әрқайсысына олармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі педагогикалық бағыттылық сәйкес келеді.
Сынып жиынтықтылығы бір сыныпта 4 және одан да көп бала санынан басталады. Бір сыныпта 3-ке дейінгі балалар саны болған кезде: 5-6-7-сыныптар, 8-9-сыныптар бірігуі мүмкін.
Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бөлімшелерінде бастапқы және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және кірігуіне ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған түзету-дамыту оқытуы жүзеге асырылады. Егер социумға кірігу үшін бөлімшелерде жеке түзету-дамыту сабақтары жүргізілсе, кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін.
Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептің жалпы білім берудің базалық компонентін 80%-ы сақтау, сондай-ақ қаржыландыру шеңберінен шықпай, емдеу мекемесінің ерекшелігін ескере отырып, оқу жоспарын 20% сағатқа дейін қайта бөлу көзделуге тиіс.
Үлгілік оқу бағдарламаларында көзделген сағаттар саны сараланған тәсілді ескере отырып алынуы және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келуі тиіс. Пәндер арасында сағаттарды қайта бөлуге және мектепте жекелеген сабақтарға баруға жол беріледі.
Бөлімшелерде емдік дене шынықтыру (емдік дене шынықтыру) және музыкатотерапия сабақтары өткізілетін жағдайларда мектепте музыка және дене шынықтыру сабақтары жүргізілмейді.
Еңбекке және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына қарай айқындалады және мынадай профильдердің негізінде жүзеге асырылады: ағаш, тігін бағыты, Шаштараз өнері, сәндік-қолданбалы өнер.
Информатика және көркем еңбек және технология бойынша сағат саны артады. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын игеруге ерекше мұқтаж балалардың қажеттілігімен байланысты. Бейнелеу өнері пәні кеңірек, пластикалық массалармен, басқа да көркем жұмыстар түрлерімен жүргізіледі, өйткені бұл іс-әрекет қолдың ұсақ моторикасын дамытады, назарын бекітеді, балаларды шығармашылыққа үйретеді.
Қажет болған жағдайда түзету көмегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (оңалту орталығында) белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Қазақ және орыс тілдері мен әдебиеті үшін бөлінген сағаттар 1 сағатқа қысқартылуы және басқа оқу пәнінің сағаттарын жүргізу үшін қайта бөлінуі мүмкін, сөйлеу тілін дамыту мен түзету клиникалық бөлімшелерде логопедия сабағын толықтырады.
Үйде оқитын баланы сыныптан тыс, үйірме жұмыстарына және мектептің басқа да тәрбие іс-шараларына тарту маңызды.
Үйде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қосымша ақпаратты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан» (www.nao.kz сайтынан) табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |