Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Әдістемелік ұсынымдардың қосымшасында (ҚР БҒМ 13.08.20ж №345 бұйрығына қосымша) келесі үлгілер бар



бет50/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Әдістемелік ұсынымдардың қосымшасында (ҚР БҒМ 13.08.20ж №345 бұйрығына қосымша) келесі үлгілер бар:


  1. Ата-аналардың өтініш беру үлгілері (1,2-қосымшалар);

  2. 1-4 кезекші сыныптар үшін оффлайн (штаттық) және қашықтан режимде оқытуға ұсынылған пәндер тізімі (3-қосымша);

  3. сыныптар және пәндер бойынша ҚО кезіндегі бірінші тоқсандағы БЖБ және ТЖБ саны (4-қосымша).

Әдістемелік ұсынымдарға сілтеме www.nao.kz.

3. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПЕДАГОГ
Педагог мәртебесін Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңы айқындайды және педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін, шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.



Педагог кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға, білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.

«Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына сәйкес, педагог бес еңбек қызметін жүзеге асырады: :



Оқытушылық: оқу ақпаратын таратады, өз бетімен оқуды үйретеді

Тәрбиелік: білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тартады

Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады

Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, білім ортасын зерттейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет