Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


-тарау. Қашықтан оқыту технологияларын пайдаланумен бейне сабақтар мен сабақтар



бет49/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

6-тарау. Қашықтан оқыту технологияларын пайдаланумен бейне сабақтар мен сабақтар

56. Жалпы талаптар:

1. Ұйымдастыру

- МЖМБС-ға және оқу бағдарламаларына сәйкес болу;

- дидактикалық қағидаларды іске асыру;

- телевизиялық, ақпараттық-коммуникативтік және мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану.

- сабақ құрылымы:

сабақтың басталуы: титрлар (сынып, пән)

оқыту мақсатын тұжырымдау;

жаңа оқу материалын түсіндіру, сұрақ қою;

қорытынды бөлім: қорытындылар, кері байланыс.

- кері байланыс: электрондық журналдар, интернет-платформалар; электрондық пошта арқылы; мессенджерлер – aitu-чат, Telegram және т.б. арқылы мобильді және стационарлық телефон байланысы арқылы; пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

- оқу материалын өз бетінше оқуға, әрбір білім алушыны белсенді оқуға тартуға баса назар аудару;

- аудиовизуалды құралдар: графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар;

- материалды бекітуге арналған тапсырмалардың оңтайлы көлемі;

- сараланған оқу тапсырмалары;

- оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау үшін нұсқаулықтар, алгоритмдер, ұсынымдар әзірлеу;

- сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, эвристикалық, зерттеу, жоба жұмыстары, зерттеу, чаттарда, әлеуметтік желілерде талқылау, пошта арқылы хат алмасу);

- білім алушыларға кез келген уақытта қарау мүмкіндігі (офлайн режимі).

- білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған жеке консультациялар (қажет болған жағдайда).

2. Сабақтың мазмұны



-Қазастан Республикасының Заңнамасымен таратуға тыйым салынған ақпараттар болмауы;

- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 169-VІ заңы талаптарына қарсы келмейді;

- оқу мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етпейтін ақпаратты қамтымайды;

- сабақ мазмұнын оңтайлы таңдау;

- мәліметтер – ғылыми сенімді, терминология - дәл, ақпарат – нақты құрылымдалған;

- теориялық материалды беру: логикалық, нақты, толық, дәйекті;

- «классикалық» (баяндау) және стандартты емес стильдердің үйлесімі;

- табиғи түсірілім мен символ толтырудың ақылға қонымды арақатынасы (заставкалар, мәтін және т. б.);

- слайдтар саны – бір сабаққа 8-10.

- алынған материалдың авторы және (немесе) атауы көрсетілген.

3. Эмоциялық фон

- педагогтің дауысы сабырлы, мейірімді, дыбысты қабылдауға жеткілікті, сөйлеу анық, дикция жақсы;

- мазмұндау сенімді, еркін, жеткілікті түрде эмоционалды (қатысу әсері), мазмұндау қарқыны асығыс емес;

- психологиялық әсер ету: айтылатын мәтіннің стилі мен тілі, интонация, жеке сөйлемдерді акцептациялау, эмоционалдық жоғарылаулар, үзіліс;

- адекватты (эмоциялық тұрғыдан) музыкалық сүйемелдеу;

4. Сабақ дизайны:

- түс фоны тұрақты – түс гаммасына жақын үш түстен;

- экрандағы мәтін қысқа да нұсқа, анық, шамадан тыс жүктелмеген;

- сутаңбалардың, бөгде жазулардың, жарнамалардың болмауы;

- маңызды ақпаратты таңдау: түспен, қалың қаріппен, басқа қаріппен;

- контраст қаріптердің саны – ең аз;

- дыбыс анық (бөгде дыбыссыз), дыбыс деңгейі бойынша біркелкі;

- видеоқатар – экран ауданының 75-100%.

5. Техникалық талаптар:

Электрондық білім беру ресурстары:

А. Сурет форматы және өлшемі:

- рұқсат етілген пішімдер: JPEG, JPG, PNG, SVG, GIF;

- бір файлдың өлшемі-100 Mb артық емес.

Б. Аудио жазбалар форматы мен пішімі:

- рұқсат етілген пішімдер: MP3, WAV;

- бір файлдың өлшемі: 100 Mb артық емес

В. Бейнежазбалар форматы мен пішімі:

- рұқсат етілген пішім: MP4, MOV;

- бір файлдың өлшемі-200 Mb артық емес;

- бейнежазбаның ұзақтығы-15 минуттан аспайды

6. Педагогтің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Психологиялық-педагогикалық дайындық:

- білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;

- электрондық оқыту ресурстарын әзірлеу және құру талаптарын білу;

Әдістемелік дайындық:

- электрондық білім беру материалдарын әзірлеу және пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін меңгеру;

- сабақтың оқу мақсаттарын стандартты емес жағдайларда жүзеге асыра білу;

IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары:

- IT-құзыреттіліктің болуы;

- электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу және пайдалану дағдылары.

7. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін оқытудың қолжетімділігі

- оқытудың жеке оқу бағдарламаларын қолдану;

- субтитрлердің, сурдоаудармалардың болуы;

- арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету;

- бейімделген сандық ресурстарды таңдау немесе әзірлеу;

- сараланған оқу тапсырмаларын қолдану.

Видеосабаққа қойылатын талаптар

Ұйымдастыру:

- ұзақтығы: 15-20 минут;

- икемді жеке кесте;

- кез келген уақытта қарау мүмкіндігі

- үлгерімді ағымдағы бақылау арқылы:

а) телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы «on-line» режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей қарым-қатынасы;

б) автоматтандырылған тестілеу кешендері;

в) жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру

58. Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы сабаққа қойылатын талаптар

Ұйымдастыру:

- ұзақтығы: 15-30 минут;

- сандық технологияларды қолдану арқылы нақты уақыт режимінде сабақтар:

- видеоконференциялар (вебинарлар, ZOOM конференциялары, Google class rooms, Microsoft Teams, Skype, стрминг);

- Интернет желісінде хабар алмасу арқылы асинхронды форматтағы сабақтар: тапсырмаларды өз бетінше орындауға акцент қою (электрондық пошта, Google диск, т. б.);

- әлеуметтік желі чатында, пошта арқылы топтық хат алмасуда білім алушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндігі;

- педагог білім алушыларға оқулықтан өз бетінше оқу тапсырмаларын орындау үшін оқу материалын ұсынады;

- үлгерімді ағымдағы бақылау арқылы:

а) телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы «on-line» режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей қарым-қатынасы;

б) автоматтандырылған тестілеу кешендері;

в) жазбаша жеке тапсырмаларды тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет