2020-2021 оқу жылында 5-9 сыныптар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні мазмұнының сабақтастығын сақтау және хронологиялық кезеңділікті сақтау мақсатында:
9-сыныпта 8-9-сыныптардың (қазіргі заман тарихы) мазмұнын қамтитын жаңартылған мазмұндағы өтпелі кезең оқу бағдарламасы енгізіледі.
Назар аударыңыз!
2020-2021 оқу жылында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша келесі оқулықтар қолданылады: 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр);
6-сынып – 7(6)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары немесе 6-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
7-сынып – 8(7)-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);
8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың біріншіжартысы)
9-сынып – 8-9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (1-бөлім) және 8-9-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (2-бөлім), (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың біріншіжартысынан бүгінгі күнге дейін)