Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі



бет172/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


  • 5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

  • 6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

  • 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;

  • 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды;

  • 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды 5 ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады: «Визуалды өнер»; «Сәндік-қолданбалы шығармашылық»; «Дизайн және технология»; «Үй мәдениеті»; «Тамақтану мәдениеті».

«Визуалды өнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімдерінің тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей.

«Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: классикалық және заманауи өнер; қазақстандық суретшілердің шығармашылығы; бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері; сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар); бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері; көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.

«Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері; сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары; Ұлттық ою-өрнек; Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

«Дизайн және технология» (ер балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын; материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін; макеттеуді; ішкі көрініс дизайнын; робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.

«Дизайн және технология» (қыз балалар) бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды; тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын; тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді; тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын; сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технологиясын қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ер балалар) төмендегі бөлімшелерді: тұрғын үйдің экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді; тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.

«Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыз балалар) төмендегі бөлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін; киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

«Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны төмендегі бөлімшелерді: дұрыс тамақтану негізін; дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда ұсынылатын әрекет түрлері, «Өнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу өнері мен көркем еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған.

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, сызулар құру үшін технологиялық құжаттарды орындау дағдыларын дамытумен байланысты оқу мақсаттарына жетуге бағытталған әрекет түрлері қосылған.



«Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Көркем еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет