Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Мектеп пен ата-аналар балалардың қоғамға қайшы әрекеттерден бас тарту мәдениетін тәрбиелеі тиіс



бет54/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Мектеп пен ата-аналар балалардың қоғамға қайшы әрекеттерден бас тарту мәдениетін тәрбиелеі тиіс.

Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және өзінің құрамына түрлілікке және ерекшеліктерге шыдамдылық құрметі құндылықтарын қабылдауды қамтиды. Форумдар, арнайы семинарлар, міндетті түрде әр түрлі көрнекіліктер, сонымен қатар ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар (бұдан әрі – ЕББҚ) табысты адамдар туралы презентациялар көрсете отырып («Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары – Серік Есматов, Шахан Жолдасбаев, Зульфия Раухатовна, сонымен қатар Пабло Пинед, Ника Вуйчиче, Стивен Хокинг және басқалар) ұйымдастыру білім алушылардың, ата-аналардың, педагогтердің бойында және жалпы қоғамда инклюзивті мәдениет қалыптастыру бойынша жұмыстардың неғұрлым тиімді түрлері болып табылады.

Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасарына жұмыстың іс-шаралар жоспарына Дүниежүзілік диабетпен күрес күні, Дүниежүзілік мүгедектер күні, Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні, Дүниежүзілік Даун синдромы бар адамдар күні, Дүниежүзілік аутизмі бар адамдар күні және т.б. «ерекше даталар» күнтізбесі әзірлемесін кіргізу ұсынылады. Білім алушылар өздіктерінен әр датаға қажетті тақырыптық материалдарды (атаулы датаның тарихы, оның белгісі, осы күн туралы статистикалық деректер мен қызықты фактілер, бұзылыстардың сипаттамасы және олардың пайда болу себептері, «ерекше» адамдардың өмірбаяны және олардың жетістіктері, осы ауруға байланысты ғылыми-көпшілік және әдістемелік әдебиеттер тізімі, Интернет-ресурстар, көркем фильмдер, кітаптар, денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар және басқалар) іріктейді.

Инклюзивті мәдениетті инклюзивті білім беруді табысты іске асыру факторы ретінде ғана емес, сонымен қатар негізінен ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалардың әлеуметтенуіне және жалпы қоғамның тұтастай өзгеруінің негізі ретінде қарау керек.

Бұл бағытта тәрбие жұмысын оңтайлы ұйымдастыру үшін Академия білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, бұл материалдар https://www.nao.kz. сайтында орналастырылған.

Білім алушылардың психикалық денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, мектептердегі зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің (бүгінгі таңда бұл проблема жасөспірімдер ортасында кездеседі) алдын алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл бағытта «Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген видеоматериалдар (сайттарға сілтеме: https://zhastar.org/application/ parentspage https://zhastar.org/ application/studentspage#1) педагогтар мен ата-аналардың зор қызығушылығын тудырады.

Ұсынылған материалдардың құндылығы олардың қазіргі жастар мен білім алушы жастардың арасында жиі кездесетін мәселелерді көрсетеді және түбегейлі шешуді қажет ететіндігінде. Бұл жасөспірімдер арасындағы «буллинг», «кибербуллинг», психикалық денсаулықтың, репродуктивті денсаулықтың, ментальды денсаулықтың және т.б. бұзылуы. Бейнежазбалардың мазмұны, форматы мен ұзақтығы, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімділігі, шынайы өмірдегі жағдаятттық мысалдар, көпаспектілігі бейнематериалдардың тартымды жақтары болып табылады. Бейнежазбалар білім беру процесінің барлық қатысушыларына: ұстаздарға, білім алушыларға және ата-аналарға, сонымен қатар білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтері мен мектептердің татуластыру қызметтеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Бұл бейнематериалдар 2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ мазмұнында өзекті болып табылады. Мұнда буллингтің жолын кесу, «тәуекел тобына» кіретін балаларды анықтау және оларға дер кезінде көмек көрсету мақсатында психологиялық қызмет күшейтіле түседі.

Девиантты мінез-құлық пен суицидке бейім, сонымен қатар зорлыққа ұшыраған балалармен жұмыс жасауға арналған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі (оралмандар балалары; мигранттар-балалары; өмірдің қиын жағдайын көрген балалар) әдістемелік ұсынымдамасы Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет