Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«Білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы»



бет7/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

5. «Білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. 


Мұғалімдер үшін келесі құжаттарды жүргізу белгіленген:

- сынып журналы;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар;

- сабақ жоспарлары (қысқа мерзімді жоспар);

- критериалды бағалау бойынша құжаттар (жиынтық және формативті бағалау);

- сынып жетекшілерге арналған құжаттар нысандары.



Сынып журналы мектептің әрбір мұғалімі үшін жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады.

Сынып журналы орта білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек қана электрондық форматта толтырылады, оны қағаз нұсқасында толтыруға жол берілмейді.

Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2018 № 47 бұйрығының редакциясында).

Оқу жылының, төрттің қорытындысы бойынша электрондық журнал басып шығарылмайды, білім беру ұйымында электрондық журналды электрондық тасымалдағышта (флеш, диск) сақтау көзделуі тиіс.

6. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бұйрығы

9(10), 11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау жазбаша түрде, жаңа форматта өткізіледі(37-85 тт.).

Ұйымдастыру шарттары белгіленді.

14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.

20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.

50-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

52-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген) Экстернат нысанында оқыту қағидаларына сәйкес білім алушы балалар қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып БЖБ нысанында қорытынды бітіру емтиханын тапсырады.

53-1.Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары ұйымдастырылады.

54-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан 10 (11) сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет