Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет10/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

10. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығы



Конкурсты өткізу шарты кәсіби қызметті бағалау критерийлерімен толықтырылды.

2.4. «Үздік педагог» атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.       Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:

     - білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;

      - Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.


1-параграф.

Конкурстың I кезеңі – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ауданның (қаланың) "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік табыс етіледі.

2-параграф. Конкурстың II кезеңі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.

«Үздік педагог» атағының иегеріне «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар «2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төлейді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.

3-параграф. Конкурстың III кезеңі – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.

48. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде «Үздік педагог» атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.

49. «Үздік педагог» атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағымен белгіленген мөлшерде және тәртіпте сыйақы төленеді.



2-тарау. 3-параграф. 43-тармақ. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидалардың «Үздік педагог» атағын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары

 4-қосымшасына сәйкес бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет