3. Педагогикалық кеңес:
1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;
2) оқу жұмыс жоспарларын бекіту;
3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;
4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оларды аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;
7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;
8) экстернаттық оқыту нысанындағы білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды аттестаттау жүргізу;
9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;
10) сабақ кестесін құрастыру;
11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;
12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеу;
13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтарға шалдығатын балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;
14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.
4-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«4. Педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымдарының барлық педагогтары кіреді».
Педагогикалық кеңесте қысқартылған жүктеме бойынша Типтік оқу жоспарларын таңдау, топтарға бөлу, жоғары сыныптарда физика, химия, биология, информатиканы ағылшын тілінде оқыту және білім беру ұйымдары қызметінің басқа да мәселелері бойынша өз бетінше шешім қабылдауға болады.
|