Аңдатпа зерттеу тақырыбы: Жаратылыстану-математика бағытындағы жоғары сыныптарда физика курсындағы «Электр және магнетизм»



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі23,94 Kb.
#186862
түріДиссертация
  1   2   3
Байланысты:
АННОТАЦИЯ (каз) (Автосохраненный)


Абдраимов Рахымжан Турисбековичтің
6D011000 (8D01504) – Физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынған диссертациясына


АҢДАТПА
Зерттеу тақырыбы: Жаратылыстану-математика бағытындағы жоғары сыныптарда физика курсындағы «Электр және магнетизм» бөлімін бейінді оқытудың әдістемесі
Зерттеу мақсаты: Жаратылыстану-математика бағытындағы жоғары сынып оқушыларына «Электр және магнетизм» бөлімін бейінді оқытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жаратылыстану-математика бағытындағы жоғары сынып оқушыларын физика курсын бейінді оқыту мәселесінің жай-күйін анықтау.
2. «Электр және магнетизм» бөлімін бейінді оқытудың әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеу.
3. Жаратылыстану-математикалық бағытындығы жоғары сынып оқушыларына "Электр және магнетизм" бөліміне бейінді оқытудың әдістемсін жасау.
4. Жаратылыстану-математика бағытындағы жоғары сынып оқушыларының «Электр және магнетизм» бөлімі және «Қолданбалы электродинамика» элективті курсты бейінді оқыту әдістемесін әзірлеу.
5. Әзірленген әдістеменің тиімділігін дәлелдеу үшін педагогикалық эксперимент нәтижелерін көрсету.
Зерттеу әдістері :
- - жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып оқушыларының "Электр және магнетизм" бөліміне бейінді оқытудың әдістемесіне қатысты зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- жаңартылған мазмұн бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған "Физика" пәні бойынша оқулықтардың мазмұнын талдау;
- математикалық статистиканы қолдана отырып, бейінді оқытудың әзірленген әдістемесінің тиімділігі бойынша педагогикалық эксперимент нәтижелерін бағалау
Қорғауға шығарылатын қағидалар:
1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып оқушыларын "Электр және магнетизм" бөліміне бейінді оқытудың әдістемесі әзірленді. Осы жүйе оқыту мақсаттарын, оқыту әдістері мен құралдарын анықтайды және физика заңдары мен "Қолданбалы электродинамика" элективті курсын практикалық қолдануға сүйенеді.
2. Жоғары сынып оқушыларының "Электр және магнетизм" бөліміне бейінді оқытудың әдістемелік құрлымы пәндік, мазмұнды және процедуралық компоненттерді қамтиды.
3. Зертханалық және компьютерлік эксперименттердің нұсқаулықтары мен сипаттамалары жасалды, осы эксперименттерге арналған бақылау тапсырмаларының нұсқалары дайындалды.
4. Педагогикалық эксперименттің нәтижелері «Электр техникасы және энергетика» білім беру бағдарламаларының тобын таңдаған жоғары сынып оқушыларына физика бойынша бейінді оқытудың ұсынылған әдістеменің тиімділігін растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет