Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



бет147/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Математика» – 5, 6-сыныптар; «Алгебра» – 7-9-сыныптар; «Геометрия» – 7-9-сыныптар; «Информатика» – 5-9 сыныптар.

2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 5, 6 және 9-сыныптарында «Информатика» оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына сәйкес жаңартылған мазмұны бойынша 5-9-сыныптарға арналған «Информатика» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады (№9 қосымша).

2020-2021 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 7 және 8-сыныптарында «Информатика» оқу пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 (12-қосымша), 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 (200-қосымша) бұйрықтарына сәйкес оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.



Осы оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі 53-кестеде көрсетілген.
53-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі


Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Апталық

Жылдық

5

Математика

5

170

5

Информатика

1

34

6

Математика

5

170

6

Информатика

1

34

7

Алгебра

3

102

7

Геометрия

2

68

7

Информатика

1

34

8

Алгебра

3

102

8

Геометрия

2

68

8

Информатика

1

34

9

Алгебра

3

102

9

Геометрия

2

68

9

Информатика

1

34


Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде білім алушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту.

Оқу пәнін оқытудың мақсатына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- «Сандар», «Алгебра», «Геометрия», «Статистика және ықтималдықтар теориясы», «Математикалық модельдеу және анализ» бөлімдері бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

- әртүрлі мәнмәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге мүмкіндік беру;

- есептерді шешу мақсатында білім алушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді түсіндіруге бағыттау;

- өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті физика, химия, биология және басқа да теориялық облыстарда зерттеулер мен есептерді шешу үшін және практикалық іс-әрекеттерінде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

- практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен анықтылығын орнатуда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әртүрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

- өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, бастамашылдық, табандылық, шыдамдылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

- математиканың даму тарихымен, математикалық ұғымдардың пайда болу тарихымен таныстыру;

- математиканы оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

«Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқыту барысында математикалық сауаттылықты қалыптастыру мақсатымен: білім алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу; математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру; игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу; дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру іскерліктерін үйрету ұсынылады.



«Информатика» оқу пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.

Оқу мақсаттарына сәйкес келесі міндеттер анықталған:

- білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлін, адамзат қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;

- ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдану дағдыларын дамыту;

- білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеуде, программалық қосымшаларды дайындауда және өз өнімдерін бағалауда компьютер жұмысының негізгі қағидаларын меңгеру;

- талдау, абстракция, модельдеу және программалау арқылы әр түрлі міндеттерді шеше білулерін дамыту;

- білімалушылардың тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын логикалық, алгоритмдік, есептеу сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, ойлауды дамыту;

- білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;

- білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.

Білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында жобалық жұмыс арқылы ғылыми - зерттеу қызметін жүргізуге ерекше назар аударылуы тиіс. Жобамен жұмыс істейтін оқушылар жеке немесе топта жұмысты жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеу, гипотезаны ұсыну және дәлелдеу, эксперимент жүргізу, атқарылған жұмыс туралы нәтижелерді ұсыну, талдау және бағалау жұмыстарын орындау, сондай-ақ өз жобасын шебер қорғау керек.

Сонымен қатар, білім алушылар Интернет - қол жетімді ақпарат көздерінің бірі болып табылатынын, оларға қол жеткізе және әр түрлі көздерден деректер жинай алатынын, сондай-ақ интернет-кеңістікте жұмыс істеу ережелерін, киберқауіпсіздік негіздерін, сондай-ақ жұмыс барысында этикалық нормаларды сақтау ережелерін ұстануы тиіс екенін біледі.

Білім алушыларда когнитивті қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттілікті, бағдарлама компоненттерін өз бетінше қолдану және оқу курсының мазмұны арқылы өз білімдерін толықтыру қабілетін дамытуға, проблемалы - бағытталған оқыту технологиясын пайдалануға, өнертапқыштық тапқырлық біліктерін дамытуға назар аудару қажет.

«Математика және информатика» білім саласының пәндерін оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.



Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсыну және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.

Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген. Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер:дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктертүрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген.

Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларында барлық пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы тоқсандарға бөлініп көрсетілген.

Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.

1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет