Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет150/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 54-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
54-кесте. «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

3

1

3

3

6-сынып

2

2

3

3


«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

«Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда сәйкесінде 2 және 3 бөлім бойынша жиынтық бағалаулар ұсынылған.



Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 55-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
55-кесте. «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

2

2

1

1

8-сынып

1

1

3

1

9-сынып

2

2

3

2


«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 56-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
56-кесте. «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

1

1

1

1

8-сынып

1

1

1

1

9-сынып

1

1

1

1

«Информатика» оқу пәні

7-8 сыныптарда «Информатика» пәнінің базалық мазмұны өткен оқу жылындағыдай, өзгеріссіз.

5-6, 9 сыныптарда «Информатика» пәні жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқытылады.

5-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) "Компьютердің құрылғылары". Ақпараттың цифрлық тасымалдаушылары;

2) "Компьютерлік желілер". Ортақ файлдармен жұмыс (орналастыру, редакциялау, жүктеу);

3) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпаратты әртүрлі нысандарда ұсыну. Байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштары. Мәтіндік ақпаратты кодтау. Ақпараттың екілік көрінісі;

4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Мәтіндік редактор: беттің параметрлері, алдын ала қарау. Компьютерлік графика: растрлық кескіндерді жасау және өңдеу, векторлық суреттер жасау және өңдеу, растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктері;

5) "Программалау". Роботтың бұрыштық бейімділігін анықтау. Роботты көрсетілген градусқа бұру. Робот қозғалысын ұйымдастыруға арналған түс датчигі. Объектіні табу үшін ультрадыбыстық датчик;

6) "Робототехника". Роботты анықтау. Робот түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салалары. Робототехника саласындағы адамзаттың техникалық жетістіктерінің мысалдары. Гироскопиялық датчик, жұмыс істеу принципі;

7) "Эргономика". Қауіпсіздік техникасының ережелері.

8) "Ақпараттық қауіпсіздік". Біреудің жұмысын көшірудің заңсыздығы. Құжаттарға арналған пароль.

6-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) "Компьютердің құрылғылары". Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі;

2) "Программалық қамтамасыз ету". Операциялық жүйелердің негізгі функциялары. IDE (ай ди и) (Integrated Development Environment (интегрейтед девелопмент энвайронмент)) интерфейсінің мүмкіндіктері;

3) "Компьютерлік желілер". Сымсыз байланыстың артықшылықтары;

4) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. Мазмұны. Реферат құру;

5) "Модельдеу". 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны баптау;

6) "Алгоритмдер". Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдер.

7) "Программалау". Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер типтері;

8) "Эргономика". Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен тиімділік үшін);

9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Интернетке тәуелділіктің проблемалары. "Авторлық құқық", "плагиат" ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты сақтау.

7-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) "Ақпаратты өлшеу және компьютер жады". Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру. Компьютердің жады түрлері (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады). Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару;

2) "Жүйелер және қауіпсіздік". Қызметі, компьютерлік желілердің жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай). Компьютерді зиянды программалардан қорғау;

3) "Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу". Мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу, пішімдеу. Электронды кестелер, электронды кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу, өңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері. Мәлімет типтері. Формулаларды енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;

4) "Шешімдерді программалау (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)". Программалау жүйесі. Программалау тілдері. Мәлімет типтері. Жобаның интерфейсі. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Кірістірілген және құрамды шарттарды программалау;

5) "Нысандар мен оқиғаларды модельдеу". Үшөлшемді нысандар, 3D – редакторлар. Редакторға кірістірілген нысандар. Нысандардың үшөлшемді модельдері. Оқиғалардың үшөлшемді модельдері.

8-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) "Компьютер мен жүйелердің техникалық сипаттамалары". Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби) тәсілін қолдану. Процессордың негізгі сипаттамалары. Желінің өткізу қабілеті;

2) "Денсаулық және қауіпсіздік". Адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері, электронды құрылғылардың жағымсыз әсерінен қорғану тәсілдері. Желі қолданушыларының қауіпсіздігі: интернеттегі алаяқтық пен агрессия;

3) "Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу". Электронды кестелердегі мәліметтердің пішімдері. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер. Берілген функция графигін құру. Кірістірілген функцияларды қолдану: математикалық (қосынды, көбейтінді, дәреже), статистикалық (егер, минималды, максималды, орташа мәні, есептеу), логикалық (егер);

4) "Программалар жасаудың кіріктірілген орталары (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)". Программалық жасақтаманың міндетіне қарай жіктелуі. Программа құрудың кіріктірілген ортасының құрамдас бөліктері. Таңдау операторы. Цикл операторы (параметрлі цикл, алғы шартты цикл, соңғы шартты цикл). Алгоритмнің трассировкасын орындау;

5) "Программа құрудың кіріктірілген ортасында тапсырмаларды шешу". Қолданбалы есептерді программа құрудың кіріктірілген ортасында модельдеу.



9-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:

1) "Компьютердің құрылғылары". Мақсатына байланысты компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау;

2) "Программалық қамтамасыз ету". Пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау;

3) "Компьютерлік желілер". Бұлтты технологияларды қолдану арқылы құжаттармен ортақ жұмыс істеу;

4) "Ақпаратты ұсыну және өлшеу". Ақпарат қасиеттері (өзектілігі, дәлдігі, анықтығы, құндылығы);

5) "Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру". Дерекқор, өріс, жазба. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Деректерді іздеу, сұрыптау және сүзгілеу;

6) "Модельдеу". Процесс моделдерін (физикалық, биологиялық, экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру;

7) "Программалау". Бір өлшемді массив. Екі өлшемді массив. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері: массив элементтерін іздеу, сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame (пайгейм) кітапханасы. Ойынның артқы фоны. Ойынға арналған дайын кейіпкерлер. Кейіпкер қозғалысы. Дайын сценарий бойынша ойын программмалау. Ойын нәтижелерін есептеу;

8) "Эргономика". Компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеу тәуекелін бағалау;

9) "Ақпараттық қауіпсіздік". Желіде жұмыс істеудің этикалық және құқықтық нормаларын бұзу салдарлары.

5-9-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын білім алушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Білім алушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».

Бағдарламалау тілінің ағылшын тілі екенін атап өту маңызды, көптеген компьютерлік интерфейстер ағылшын тілінде ұсынылған. Пән мұғалімдері жоғары сыныптарда «Информатика» пәні білім алушылардың қалауы бойынша ағылшын тілінде оқылуы мүмкін екендігін үнемі есте сақтауы тиіс. Мұғалім білім алушылардың назарын информатика бойынша лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аудару қажет (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon сондай-ақ информатика саласында жұмыс істеу үшін қажетті тілдік дағдыларға, мысалы, метафорлар мен аналогияларды пайдалана отырып, күрделі жүйелерді түсіндіру.

Сонымен қатар, мұғалімдер білім алушыда бай академиялық тілді қалыптастыру мақсатында диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын ұйымдастырылған және жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.

Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындау бойынша есептер жинағы әзірленді (сайт www.nao.kz).


«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»

«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау тек бөлім бойынша өткізіледі (БЖБ) және қорытынды баға жартыжылдық бойынша қойылады.

3 тоқсанда 6,7,8,9-сыныптарда бір ғана бөлім – «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.

Төменде 57-кестеде аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны берілген.


57-Кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»


Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

5 сынып

2

1

2

1

6 сынып

1

2

2

1

7 сынып

2

1

2

1

8 сынып

2

1

1

1

9 сынып

2

1

1

1

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген:



14-4. Оқу жүктемесі кезінде аптасына 1 сағат БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, төрттен екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.     

Осылайша, «Информатика» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет