Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Әдістемелік бірлестіктің отырыстарында талқылауға арналған тақырыптар



бет194/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Әдістемелік бірлестіктің отырыстарында талқылауға арналған тақырыптар:

1. Жалпы орта мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері.

2. «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ЖМБ пәндерінің педагогтері және ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.

3. Ағылшын тілі мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы үшін 2019-2020 оқу жылында өзара сабаққа қатысуын ұйымдастыру.

4. Білім беру үдерісін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді жүзеге асыру мәселелері.

5. Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды талқылау.

6. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өткізу ерекшеліктері.

7. Құрылымдық кері байланыс және рефлексия.

8. Ағылшын тіліндегі сабақтан тыс қызмет және т. б.

Жалпы орта білім беру деңгейін аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В2 тілдік деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу пәндері бойынша В1 тілдік деңгейіне жетуі тиіс.

Ағылшын тілін В2 деңгейінде оқыту кезінде:

- оқытылатын тілдің сөйлеу нормаларын, өзге тілдегі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге;

- білім алушыларды өз бетімен білім алуға дайындауға, сондай-ақ өзге тілді қарым-қатынастың тәжірибесін өздігінен меңгеруге;

- мәдениетаралық коммуникация процесінде талап етілетін жеке тұлғалық дамуға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл білім алушыларға неғұрлым терең әлеуметтік-мәдени және/немесе энциклопедиялық білім негізінде проблемалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім беру деңгейіне арналған «Ағылшын тілі» оқу пәнінің бағдарламасы ағылшын тілін меңгерудің әлемдік стандарттарына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде әзірленген. Білім беру деңгейін аяқтағаннандағы ағылшын тілін меңгеру деңгейі ағылшын тілді елдердің стандарттарына сәйкес келеді (салыстыру үшін шетел тілін меңгеру деңгейлерінің жалпыеуропалық жүйесі алынды (Common European Framework of References, CEFR).

Ағылшын тілін үйрену CEFR сәйкес тілді меңгерудің жеткілікті деңгейін меңгеруге мүмкіндік береді (бір деңгейді меңгеруге 150-200 сағат).



В2-10-11 сыныптар (204 сағат)
79-кесте. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының сыныптары бойынша деңгей шкаласы


Тілдің Еуропалық деңгейлер шкаласы (CEFR)

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының сыныптары бойынша деңгей шкаласы

В2 
Орта

Ортадан жоғары


(Vantage)

10-сынып

В2 low –mid

(ортадан төмен)



11- сынып


В2 high (жоғары)

Деңгейлердің еуропалық шкаласына сәйкес 10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптар В2 деңгейімен шектеледі. В2 деңгейі ағылшын тілі бойынша тіл және кәсіби даярлық бойынша мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын аяқтау үшін талап етілетін деңгей болып табылады.

Төменде оқу, есту, ауызша және жазбаша сөйлеу кезінде білім алушыларда болуы тиіс білім мен білікті сипаттайтын деңгейлер берілген.
80-кесте. Жаңартылған білім мазмұнындағы «Ағылшын тілі» оқу пәні бағдарламасында әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет