Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Деңгей Еуропалық деңгейлер шкаласының сипаттамасы (CEFR)



бет195/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Деңгей

Еуропалық деңгейлер шкаласының сипаттамасы (CEFR)

Жаңартылған білім мазмұнындағы «Ағылшын тілі» оқу пәні бағдарламасында әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер

B2

Абстрактілі және нақты тақырыптарға берілген күрделі мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінемін, оның ішінде арнайы тақырыптық мәтіндер. Тіл тасымалдаушылармен үнемі қарым-қатынас жасау үшін кез келген тараппен қиындықсыз және тез сөйлей аламын. Мен әртүрлі тақырыптарға нақты, егжей-тегжейлі хабарлама жасай аламын және негізгі мәселеге өз көзқарасымды баяндай аламын, түрлі пікірлердің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсете аламын.


10-сынып

Білім алушылар:

- еркін талқылаудың негізгі мазмұнын, нақты ақпаратты және дәлелнің егжей-тегжейін түсінеді;

- сөйлеудің формальды және формальды емес стилдерін қолданады, өзінің және басқаның көзқарасын түсіндіреді және негіздейді, басқа адамдардың пікірін бағалайды және түсіндіреді;

- көлемді мәтіндердің негізгі идеясын түсінеді, түрлі стильдер мен жанрлардың көлемді мәтіндерінен алынған арнайы ақпараттар мен бөлшектерді таниды. Мәтіннің мазмұнын анықтау мақсатында ұзын мәтіндерді қарап оқу қолданылады. Көркем және ғылыми әдебиеттің әртүрлі мәтіндерін таныс және бейтаныс тақырыптарға, сондай-ақ оқу бағдарламасындағы тақырыптарға оқиды;

- тиісті формальдылыққа жету үшін сөйлеу стилін қолдана отырып, грамматикалық дұрыс хат жазады. Қисынды дәлелдерді және қажет болған жағдайда мысалдар мен себептерді келтірумен тұжырымдайды



11 -сынып

Білім алушы:

- оқу бағдарламасының әртүрлі тақырыптарына еркін талқылау кезінде негізгі идеяны, ерекше ақпаратты, дәлелнің мағынасының егжей-тегжейін түсінеді;

- талқылауда ресми және бейресми сөйлеу стилін қолданады. Өзінің және басқаның көзқарасын түсіндіреді және негіздейді, басқа адамдардың пікірін бағалайды және түсініктеме береді, таныстарына және кейбір бейтаныс жалпы және оқу мақсаттарына гипотезалар ұсыну және баламалы ұсыныстарды бағалау мақсатында құрдастарымен өзара іс-қимыл жасайды, талқылау барысын басқарады және қайта сөз сөйлеуді пайдаланады.

- күрделі және абстрактілі идеяларды, көлемді мәтіндер контекстіндегі арнайы ақпараттар мен бөлшектерді түсінеді;

- жалпы және оқу тақырыптарына сәйкес жазбаша жанрлар шеңберінде тиісті дәрежеде шартты жету үшін сөйлеу стилін пайдалана отырып, грамматиканы сақтап жазады, жеке жоспарлайды



Әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер жаңартылған білім беру мазмұнының ағылшын тілі оқу бағдарламасы бойынша тілді білу мен меңгеру талаптары ағылшын тілін меңгерудің халықаралық талаптарына сәйкес келетіндігін растайды.

Жалпы орта білім беру деңгейінде мақсатты тілдерді оқыту CEFR тілдерін оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте сөйлеу қызметінің төрт түрі: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу бойынша дағдыларды дамытуға баса назар аударылады.


81-кесте. Жалпы орта білім беру деңгейінде күтілетін нәтижелер




Оқу пәндері

Сыныптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет