Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет219/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бөлімі: Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу – Қауіптердің негізгі ұғымдары мен жіктелуі. Техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі; Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі – Физикалық, химиялық және биологиялық факторлар арқылы адам денсаулығына әсер ету; Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Электрлік және тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Тұрмыстық химия құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары; Техногендік сипаттағы қауіптілік – Өнеркәсіптік апаттар (авариялар), олардың қысқаша сипаттамасы және ықтимал салдары. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандардағы апаттар (авариялар). Гидродинамикалық апаттар; Экологиялық қауіпсіздік – Ауа және су құрамының ластануы. Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану. Топырақтың ластануы; Табиғи жағдайда автономды өмір сүру-ерікті және мәжбүрлі автономия. Өмір сүру тәсілдері. Қажетті авариялық қор; Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері – Көшедегі қауіпсіздік. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік. Адамдар көп жиналатын жерлердегі қауіпсіздік; Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Жарылыс қаупі пайда болған жағдайдағы тәртіп ережелері. Кепілдікке алынған жағдайда; Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері – Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Әлеуметтік желілерде қауіпсіз қарым-қатынас жасау ережелері. Ашық қол жетімді Wi-fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері; Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету – Алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері. Көмектің түрлері. Зардап шеккендерді зақымдану ошақтарынан эвакуациялау тәртібі; Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу – Жұқпалы аурулардың жіктелуі және оның алдын алу. Уланудың негізгі түрлері. Уланудың жалпы алгоритмі. Уланудың негізгі түрлері. Интоксикация кезіндегі көмек; Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету – Автомобильдегі дәрі қобдишасында болатын дәрілік препараттардың тізбесі мен мақсаты. Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері. Жүрек қызметі мен тыныс алудың кенеттен тоқтаған кездегі алғашқы көмек көрсету. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – 40 минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және білім алушыларды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – 60 минут.

Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз 80 минут ішінде өткізуге рұқсат етіледі.

Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері білім алушылармен жеке жүргізеді.

Зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін иллюстрациялық және зерттеушілік жоспарда жүргізіледі.

Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан өтеді.

Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі. Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі.



Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2020-2021 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.



Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2020 жылғы 21сәуірдегі №154 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘТД) оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған;

2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет