Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет218/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді.

Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс.

Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі.

10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады.

«Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды.

«Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.

Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.

Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып.

Бөлімдер:

1. «Тактикалық дайындық».

2. «Атыс дайындығы».

3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары».

4. «Саптық дайындық».

5. «Әскери топография».

Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.

5. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып.

Бөлімдер:

1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері».

2. «Атыс дайындығы».

3. «Саптық дайындық».

4. «Технологиялық дайындық».

5. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері».

11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.



«Технологиялық дайындық» бөлімі: Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері мен ережелері – Қазақстан Республикасының жол жүру саласындағы заңдары мен өзге де құқықтық актілері. Көлік құралдарының санаттары. Жүргізушінің жұмыс орны; Жол қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінде қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттары; Бағдаршамдар мен реттеушінің сигналдары – Бағдаршам мен реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды қолдану. Авариялық сигнал беру және авариялық тоқтату белгісін қолдану. Маневрлеу. Көлік құралдарын жолдың жүру бөлігіне қою; Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салу белгілері. Алдын ала жазылатын белгілер. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар); Жол таңбалары және олардың сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. Көлденең және тік таңбалардың талаптарына сәйкес жүргізушілердің іс-әрекеті. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелері; Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Басып озу, алда кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ. Қиылыстардан өту. Жаяу жүргіншілер өтпелері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары; Әртүрлі жағдайдағы қозғалыстар – Теміржол жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдар бойынша қозғалыс. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы. Сыртқы жарық құралдарын және дыбыс сигналдарын пайдалану; Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік құралдарын тіркеп сүйреу. Оқу жүргізулері. Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбалардың (шаналардың) қозғалысына, сондай-ақ жануарларды жолдан айдап өтуге қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет