Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Тәрбие жүйесінің бірінші бағыты білім алушылардың бойында



бет53/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Тәрбие жүйесінің бірінші бағыты білім алушылардың бойында патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығын; адамаралық және топаралық төзімділік құндылығын; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығын; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет сезімін; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципін қалыптастырады.

2020-2021 оқу жылында тәрбие жұмысының бұл бағытын орындау аясында «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын, «Тарих тағылымы» және «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобаларын, «Қазақстанның киелі орындары – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын қамтитын «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.

Білім алушылар арасында өлкетанулық білімді насихаттау мен тарату келесі материалдарда көрсетілген:



  • Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері;

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): «Әлеуметтік –тарихи тәжірибе» бағытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар;

  • «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдамалар;

  • «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдар;

  • білім беру ұйымдарында «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. (https://www.nao.kz)

Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Жас қыран» (1-4 сыныптар), «Жасұлан» (5-10 сыныптар), «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін қйымдастыру бойынша жұмысты күшейту қажет. Жалпы орта білім беретін мектептерде өзін-өзі басқару органдарының рөліне маңыздық беру және жұмысты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мектеп комитетінің жұмысы үлгісінде құру ұсынылады («Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, https://www.nao.kz.).

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуға жауапты аға тәлімгерлердің біліктілігін арттыру үшін www.zhasulan.kz сайтының «Аға тәлімгерлердің қоржыны» https://www.zhasulan.kz/kz/project/view?id=14. бөліміне аға тәлімгерлердің жұмыстарын ұйымдастыруға арналған авторлық әдістемелік ұсынымдар мен құралдар орналастырылған.

Жаңа оқу жылында патриоттық тәрбие аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған нақты және маңызды патриоттық шаралар бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Тәрбие жұмысының бір түрі – құқықтық тәрбие болып табылады. Білім алушылардың негізгі заңдарды білуі, оларды түсінулері мен міндетті түрде бұлжытпай орындаулары; құқықты, заңды құрметтеулері; алған білімдерін күнделікті өмірде және тәжірибеде өздіктерінен және орынды қолдана білу біліктері; құқыққа қарсы кез келген формадағы әрекеттерге қарсы тұру және нормаға қайшы келмейтін мінез-құлық әдеттерін дағдыға айналдыру сана-сезімдерінің және құқықтық мәдениеттерінің қалыптасқандық критерийлері болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, білім беру ұйымдарында қолданыстағы заңнаманы зерделеу және құқықтық сана-сезім мен құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту жүзеге асырылуы тиіс.

Білім алушыларға құқықтық білім берудің негізгі формалары сынып сағаттары, лекциялар; экскурсиялар; әңгімелер; кино, теледидар; кештер; пікірталастар, фильмдер мен кітаптарды, мақалаларды талқылау; көрнекі үгіт-насихаттар болуы керек. Жоғарғы сыныпта оқушыларды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, заңсыз мінез-құлық үшін жауапкершілік туралы түсіндіру қажет. Білім алушылар «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау бойынша зерттеу мәселесіне айрықша назар аудару маңызды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет