Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет98/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

2021-2022 оқу жылында Республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 1, 3 және 4-сыныптарында «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (188-2к қосымша) сәйкес жүргізілетін болады.


1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:

      1) «Компьютер»: Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;

      2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

      3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;

      4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).

3-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:

      1) «Компьютер» компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;

2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру.; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

4-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.

Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;

2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу».

Мәтін: мәтіндегі кестелер.

Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.

Мультимедиа: бейнеролик жасау.

3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.

4) «Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.

Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.

5) «Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.

«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шектік көлемі:

1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағат;

2) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағат;

3) 4-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат.

Оқыту процесінде белсенді оқыту стратегияларын қолдану (тапсырмаларды орындау арқылы практикалық дағдыларды іске асыру); кері байланыс алу (оқушылар арасында немесе мұғалім мен оқушы арасында); оқуға ынталандыруға ықпал ету (оқушыға сенімділік беру); оқыту сапасын жетілдіру (сараланған тапсырмалар) ұсынылады.

Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту негізгі мектептегі информатиканың базалық курсын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді.

«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың әдістемелік ерекшелігі бастауыш мектепте білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу процесіне кіріктіру болып табылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыра және оқыту формаларының, әдістерінің, тәсілдерінің әр түрлерін пайдалана отырып көрсету ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет