Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет100/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«Жаратылыстану» оқу пәні

«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» жүйесі аясындағы ғылыми білімдердің қарапайым деңгейін қамтамасыз етеді.

Оқу пәні қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.

«Жаратылыстану» оқу пәні негізгі мектепте «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім берудің негізі және пропедевтикалық курсы болып табылады. Бастауыш мектепте білім алушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми пәндері курстарынан алғашқы түсініктер алады.

«Жаратылыстану» пәнінің бастауыш мектептегі мазмұны зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:

1) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;

2) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;

3) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану ғылымындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;

4) өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;

5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;

6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33 сағатты, 2-сыныпта – аптасына


1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты, 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында –
68 сағатты құрайды.

Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысының оқу мақсаттары «Мен – зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың зерттеушілік білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.



Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан басталады. Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (33-кесте).
33-кесте – «Жаратылыстану» пәні бөлім бойынша жиынтық бағалау саны


Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны



ТЖБ балдары

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

әр тоқсанда

1-сынып

-

-

2

1

-

2-сынып

2

2

2

1

-

3-сынып

2

2

3

1

16 балл

4-сынып

2

2

2

2

18 балл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет