Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет102/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Экологиялық жағдаят

Жерге тасталынған банан қабығы біздің климатта шамамен 2 жылда ыдырайды.

Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақытта ыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?


- пакеттіңшіруіне неше жыл қажет екенін біледі;

- табиғатты қорғау жөніндебіледі



6

«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті

Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.



- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының

пайдаланылатынын біледі;

- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамыры мықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;

- қандай өсімдіктің сол жерде жақсы жерсінетінін біледі;

- өз жауабын түсіндіре біледі


7

«Жасыл досқа» хат

Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конвертке хат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.



- қандай да бір жағдаятқа ене алады;

- хат жаза біледі



8

«Экологиялық мамандық» коллажы

Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т.б.) туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.



- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;

- осы мамандықтың таныстырылымын жасай біледі



9

Табиғаттың «Шағым кітабы».

Білімалушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады.

Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер)жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу. Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу. Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру. Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.


- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;

- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;

- өсімдіктер мен жануарлар атынан әңгіме жаза алады;

- өзінің шағын кітапшасын жасай алады




Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің жүргізуді көздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан басталады. Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген (35-кесте).
35-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

ТЖБ




І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

1-сынып

-

-

2

2

-

2-сынып

2

2

2

2

-

3-сынып

2

2

2

2

-

4-сынып

2

2

2

2

-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет