«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
«Тізбектер», «Тригонометрия» бөлімдерінің көлемінің үлкендігіне қарай екінші және үшінші тоқсанда сәйкесінде 2 және 3 бөлім бойынша жиынтық бағалаулар ұсынылған.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 48-кестеде оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
48-кесте. «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
7-сынып
|
2
|
2
|
1
|
1
|
8-сынып
|
1
|
1
|
3
|
1
|
9-сынып
|
2
|
2
|
3
|
2
|
«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 49-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
49-кесте. «Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
7-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
8-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
9-сынып
|
1
|
1
|
1
|
1
|
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау тек бөлім бойынша өткізіледі (БЖБ) және қорытынды баға жартыжылдық бойынша қойылады.
3 тоқсанда 6,7,8,9-сыныптарда бір ғана бөлім – «Phyton программалау тілінде программалау» бөлімі оқытылады. Аталған бөлім бойынша екі жиынтық бағалау өткізу ұсынылады.
Төменде 50-кестеде аталған ұсынысты ескере отырып оқу жылының тоқсандары бойынша жиынтық бағалау саны берілген.
50-Кесте. «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны»
Сынып
|
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
|
1 тоқсан
|
2 тоқсан
|
3 тоқсан
|
4 тоқсан
|
5 сынып
|
2
|
1
|
2
|
1
|
6 сынып
|
1
|
2
|
2
|
1
|
7 сынып
|
2
|
1
|
2
|
1
|
8 сынып
|
2
|
1
|
1
|
1
|
9 сынып
|
2
|
1
|
1
|
1
|
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына 14-4 пункті енгізілген:
14-4. Оқу жүктемесі кезінде аптасына 1 сағат БЖБ бөлімдерді біріктіре отырып, төрттен екі реттен артық өткізілмейді, қорытынды баға жарты жылда қойылады.
Осылайша, «Информатика» оқу пәні бойынша 5-9 сыныптарда бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Жаратылыстану» білім саласында келесі пәндер оқытылады: «Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-9-сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар.
Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады.
Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:
5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»;
7, 8,9 -сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика».
Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын.
«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық кезеңде зерделенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |