Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні



бет140/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні
Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі» және «Әдебиеті» пәндері 5-сыныптан 11-сыныпқа дейін жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пән ретінде оқытылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытудың мақсаты – білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. Білім алушылар әңгіме, поэзия, драма, сондай-ақ, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының(газет-журналдар, т.б.) материалдарын сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол ашады. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетінің тақырыптық және тілдік ортақтығы арасындағы өзара байланыстың күшейтілуі арқылы білім алушылардың қазақ тілінің түрлі стильдерін бір оқу бағдарламасы аясында меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені ортақ тақырып қазақ тілі мен әдебиеттен алынатын білімдердің ерекше синтезін жасайды. Оны меңгерту үшін жаңа деңгейдегі оқу-танымдық процесті ұйымдастыратын әдістер мен тәсілдер жүйесі де айқындалуы керек.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар:

  • сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады;

  • тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;

  • ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;

  • коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді және өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді;

  • қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады, қызығушылығын арттырады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда жаңа әдістемелік логика ұсталынады, сабақты ұйымдастыру, ең алдымен, оқу материалының ерекшелігіне, сынып деңгейіне негізделеді. Жаңартылған коммуникативтік бағыт тек коммуникативтік әдістерді атап қана қоймайды, әрбір коммуникативтік әдісті іштей кіші бөлшектерге бөліп, олар кіші дағдылар – оқу мақсаты түрінде әрбір сыныпқа төменнен жоғары қарай дамып, күрделене түсетін спираль түрінде жүйелі құрастырылады. Өйткені коммуникативтік бағытты ұстану үшін мұғалім мен білім алушылардың және білім алушылардың өзара, жеке, жұпта, топпен, ұжыммен еркін түрде сұхбаттасуына лайықталып құрылған білім берудің жүйелі үдерісі қалыптасуы керек. Бағдарламада көрсетілген оқу мақсаттарының нәтижесіне жету үшін мұғалім мен білім алушының өзара педагогикалық ықпалдасуы жаңа дәрежеге көтерілуі тиіс. Ол дәрежеге өзара сыйластық, іскери ынтымақтастық және сұхбаттасып отыру арқылы қол жеткізуге болады. «Субъекті - субъектілік» дидактикалық қарым-қатынасқа негізделген оқыту жүйесінде әрбір білім алушы жеке тұлға деп танылады және олардың әрқайсысы қазақ тілін оқып-үйренуі барысында өзінің ішкі құндылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болуы міндетті болады. Мұғалім білім алушылардың қазақша еркін сөйлеп, жазып, үйренуі үшін түрлі интерактивтік әдістерді қолданып, бірге коммуникативтік жағдаяттың шешімін іздеп, олармен эмоциялық жақын болуы керек. Ынтымақтастық, достық, сыйластық, түсіністік орнату – басты қағида болады.
10-11-сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.

  2. 11-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды.

  1. Орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B2) негізге ала отырып, айқындалған.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.

  3. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.

  4. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:

1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым;
5) тілдік бағдар.
6.«Тыңдалым»бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) назарын шоғырландырып тыңдау;
3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
4) көркем шығармаларды тыңдау;
5) негізгі ойды анықтау;
6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;
2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;
3) көркем шығармаларды оқу;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;
6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;
2) эссе жазу;
3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;
4) мәліметтерді жинақтау;
5) орфография және пунктуация.
9. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөздік қорының алуандығы;
2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;
4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
10. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөз таптары;
2) сөйлем.
Мұғалімдер сабақ жоспарлауда төмендегілерге назар аударулары тиіс:
1. Дифференциация (саралап оқыту) – оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып оқыту. Қабілеті жоғары немесе төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, сабақ мақсаттары, бағалау нәтижелері, тапсырмалар деңгейі қарапайымнан күрделіге қарай құрастырылуы қажет. Сонымен қатар, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыруда оқушыларды қабілеттеріне қарай араластырып отыру ескеріледі. Орта мерзімді жоспардың «Мұғалімге арналған ескертпелер» бағанында нақты түрлерін практикада жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
2. Сабақ барысында оқушыларға жеке «ойлан», жұппен «талқыла» және топпен «бөліс» әдісін кеңінен қолдану ұсынылады. Бұл өз кезегінде оқушыларға білім, ақпарат, идея, тәжірибе алмасуға, сыни ойлауға мүмкіндік береді.
3. Орта мерзімді жоспарларда әр сынып бойынша әртүрлі лексикалық тақырыптар берілген. Лексикалық тақырыптар белгілі бір салаға байланысты сөздік қорды меңгеруге, ақпараттармен танысуға, танымын кеңейтуге бағыттайды. Сыныптан сыныпқа өткен кезде лексикалық тақырыптар арасында байланыс болу үшін бір тақырыпты әртүрлі мақсатта қарастыру ұсынылған. Бұл байланыс сол тақырыпта қарастырылатын мәселеге, деректерге әртүрлі қырынан келуге мүмкіндік береді.
4. Орта мерзімді жоспарларда әр бөлімге арналған сағат сандары ұсынылған. Пән мұғалімі оқушылар мен сыныптардың ерекшеліктеріне қарай сағат сандарына өзгеріс енгізе алады. Дегенмен, бір тоқсанға берілген лексикалық тақырыптар мен оқу мақсаттары толық қамтылуы тиіс.
5. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқыту ресурстары үлгі болып табылады. Мұғалімдер қажет деп тапқан жағдайда қосымша ресурстар қолдана алады.
6. Бір сабақта оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым бойынша нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін бір немесе екі оқу мақсаты (дағды) ғана алынғаны дұрыс. Үш немесе одан да көп дағдыны алу сабақтың мақсатына жетуге, қажетті дағдыларды терең қалыптастыруға мүмкіндік бермей, оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін.
7. Негізгі орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі және әдебиеті» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының 2-қосымшасындағы лексикалық-грамматикалық минимумда әр бөлім бойынша берілген лексикалық минимум (актив) толық қамтылуы тиіс.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- күнделікті тақырыптар аясында және таңдау тақырыбына байланысты: ғылыми және т.б. белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу;
- ауызша тілдесімді түсіне білу және оны қысқаша мазмұндай білу, оны жалғастыру; - ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай білу және оны жүйелі баяндау;
- әртүрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктерін түсіне білу және бағалау;
- бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну; - тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну; - мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту;
- тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою; -мәтін бойынша жоспар құру; -тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру; - мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
- ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
- жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы, «Бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет?»);
- жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы,«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»); - ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу; - берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни бүгінгі таңдағы газет-журналдар, қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.;
- көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқу, ақпараттарды алу үшін оқу, көркем шығармаларды оқу, автор көзқарасын табу үшін оқу; - кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
-интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);
- мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; - әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
- көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
- мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
- ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
- оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
- әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жаздыру;
- әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
-газетке шағын хабарлама/мақала жазу;
- белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
- әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау; -ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
-сұхбатқа сұрақтар дайындау.
Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс, сонымен бірге оқыту барысында төмендегі бірқатар мәселелерді ескеру керек:
- сабақта бірнеше жаттығу түрлерін жоспарлау;
- қысқа уақыт алатын жаттығу дайындау (әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұрмайды);
- бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, оқушыларға сабақтың басты мақсаты туралы ескертіп отыру;
- сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отыру;
- жеке, жұптық, топтық немесе барлық сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет