«Қазақ әдебиеті» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
2020-2021 оқу жылында 11-сынып «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын болады. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 10-11-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Назар аударыңыз!
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) 1-тармағында Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарының 2-тармақшасындағы: