Пәндік бақылау бойынша ұсынымдар
Сабақ уақытын негізінен ауызша сөйлеу дағдылары мен біліктерін дамыту және жетілдіру үшін қолданылады.
Жаңа лексикалық және грамматикалық материалды коммуникативтік жағдайларда енгізу және бекіту ұсынылады. Сабақта жұппен, топтармен жұмысты ұйымдастыру есебінен әрбір білім алушының сөйлеу белсенділігі уақытын ұлғайту.
Міндетті түрде мәтін алдындағы, мәтіндік және мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңдерін сақтай отырып, оқылым мен тыңдалымға үйрету.
Жазба жұмыстарын жүргізу кезінде оқу бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін тексеру кезінде басымдылық бақылаудың ауызша түрлеріне берілуі тиіс.
Тапсырмалардың әр түрлі: ауызша, жазбаша, міндетті, таңдау бойынша, жалпы, сараланған, жеке, аралас, шығармашылық түрлерін кезектестіру және үйлестіру ұсынылады. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар білім алушылардың қалауын ескере отырып беріледі, бұл ретте нәтиже алу үшін тапсырманың көлемі мен күрделілігін ескеру қажет.
Әдістемелік бірлестіктің отырыстарында талқылауға арналған тақырыптар:
1. Жалпы орта мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері.
2. «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ЖМБ пәндерінің педагогтері және ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.
3. Ағылшын тілі мұғалімдерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуы үшін 2019-2020 оқу жылында өзара сабаққа қатысуын ұйымдастыру.
4. Білім беру үдерісін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді жүзеге асыру мәселелері.
5. Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды талқылау.
6. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өткізу ерекшеліктері.
7. Құрылымдық кері байланыс және рефлексия.
8. Ағылшын тіліндегі сабақтан тыс қызмет және т. б.
По завершению уровня общего среднего образования, предполагается достижение обучающимися языкового уровня В2 по английскому языку, языкового уровня В1 по немецкому и форанцузскому языку.
При обучении английскому языку на уровне В2
особое внимание следует уделять:
- овладению разговорными нормами изучаемого языка, навыками самостоятельной работы с иноязычными источниками информации;
- подготовке обучающихся к самообразованию, а также приобретению личного опыта иноязычного общения;
- развитию качеств личности, востребованных в процессе межкультурной коммуникации. Это позволить обучающимся решать проблемные задачи на основе более глубоких социокультурных и/или энциклопедических знаний.
Достарыңызбен бөлісу: |