Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет65/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

«Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару; қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын, тұлғаның құндылықтар жүйесін қалыптастыру; білім алушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру.
Бастауыш мектеп білім алушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып пәннің негізгі базалық мазмұны төмендегі тарауларға сәйкес келеді: «Ғасырлар даналығы», «Ынтымақты отбасы», «Адам болам десеңіз...», «Әсемдік әлемінде!» 4-сыныпта 25-26 сабақтардың тақырыбы «Табиғаттың жандандыратын күші», 27-28 сабақтардың тақырыбы «Жанды су».
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, бір жылға 1-сыныпта 33 сағат, 2-4 сыныптарда – 34 сағат.
Оқушылардың білімін бағалау. Пән бойынша оқушылардың білім сапасын бағалау 1-4 сыныптар бойынша «Өзін-өзі тану» пәніне арналған оқу бағдарламасында берілген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» негізінде жүргізіледі.
Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» бағасы қойылады. «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ қоюдың критериі қызметін атқарады. Егер оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптар орындалса, оқушыға «сынақ» қойылады.


«Технология және өнер» БІЛІМ САЛАСЫ

«Технология және өнер» білім саласының мазмұнына «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндері енгізіледі.




«Музыка» оқу пәні
«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерде шығармашылықпен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат,
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі.
Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «Музыка» пәнін оқыту нәтижесі бойынша «есептелінді»/«есептелінген жоқ» қойылады. Алынған нәтижелер («есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет