Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Оқу қорытындысы бойынша осы тұйықтарға сәйкес үйде оқитын бітіруші колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге құқылы



бет68/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Оқу қорытындысы бойынша осы тұйықтарға сәйкес үйде оқитын бітіруші колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге құқылы.
Үйде оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін ұсынылады:
1. мектептің ішкі актілерімен оқу процесін сүйемелдеу:
- үйде оқытудың жеке жұмыс оқу жоспары;
- жеке жұмыс оқу бағдарламалары;
- жеке оқыту кестесі;
- Жеке оқу үлгерімі журналы.
2. мұғалімнің, психологтің, мектеп директорының орынбасарының функцияларын нақты анықтау.
3. мектеп директорының орынбасары жанында айына 1 рет үйде оқитын оқушылардың оқу жетістіктерін тыңдау және қол жеткізілген нәтижелер мен жіберілген олқылықтарды ескере отырып, олардың жеке оқыту бағдарламасын түзету.
4. үйде оқитын оқушылардың мектептің білім беру ресурстарына: кітапханаларға, мерзімді басылымдарға, оқу құрал-жабдықтарына, ЦБР-ге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану)
Үйде білім алушы өзін сынып және мектеп ұжымының бір бөлігі ретінде сезінуі үшін үйде оқитын баланы сыныптан тыс, үйірме жұмыстарына және мектептің басқа да тәрбие іс-шараларына тарту маңызды.
Үйде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қосымша ақпаратты «Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан» табуға болады (www.nao.kz сайты).


Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беру
Педагог алдында сыныптағы барлық білім алушыларды олардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін ескере отырып қамту міндеті заманауи мектепте инклюзивті білім беру жағдайында оқыту әдістемесі мәселесінде назар аударуды қажет етеді.
Осыған байланысты, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары оқыту процесінде саралау және дараландыру принциптерін іске асыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндіктен, қолайлы фактіні атап өту қажет.
Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс-әрекетінде жағымды мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кезекті меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қарым-қатынас тәжірибесінің, шығармашылық өзін-өзі іске асыруының, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білім беру процесін мұғалімнің кез келген ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушы, соның ішінде жоғары интеллектуалды білім алушы өз әлеуеттерін тиісті деңгейде және толық көлемде жүзеге асыра алатындай етіп құруы маңызды.
Бастауыш сынып мұғалімі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының командасымен бірге:
- мектепке қабылданатын балалардың оқуға дайындығын, қолдау қажеттілігін анықтау мақсатында кешенді зерттеу жүргізеді;
- физикалық, интеллектуалдық және эмоциялық дамуында қажеттіліктері бар, оқу мен мектепке бейімделуде қиындықтарға ұшыраған білім алушыларды уақытылы анықтауға, қажет болған жағдайда ПМПК-ға консультацияға жіберуге қатысады;
- ПМПК қорытындысы бар білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің даму деңгейі мен ерекшеліктерін (сөйлеу, есте сақтау, зейін, жұмыс қабілеттілігі және басқа да психикалық функциялар) анықтайды, оқудағы табыстылықты қамтамасыз ететін алдын алу, түзету психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларын анықтау үшін олардың эмоциялық-ерік және тұлғалық дамуын зерттейді;
- жалпы білім беретін сынып жағдайында ЕБҚ бар білім алушыларға жеке және сараланған тәсілдемені қамтамасыз етеді;
- физикалық, интеллектуалдық және эмоциялық жүктемелер мен кедергілердің алдын алуды қамтамасыз етеді.
Оқытуда қиындықтары бар балалар үшін мұғалімдер жалпы білім беретін мектептің оқу жоспарларымен қиылысатын тақырыптар бойынша арнайы мектеп бағдарламасының мазмұнын негізге ала отырып, әрбір сабақтың жеке мақсаттары мен міндеттерін жазады.
Жеке тәсілдеме – әр баланың жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес білім беру процесін реттейтін психодиагностикалық принцип. Жеке тәсілдеме баламен адамгершілік қарым-қатынастан, оның құқықтарын жоғары құндылық ретінде қабылдаудан көрініс табады. Бұл тұрғыда әрбір бала білім беру процесінің белсенді қатысушысы болуы тиіс. Әр бала өзіндік ерекшеліктерге ие және оқыту мен дамытудың кешенді процесіне ол өзінің тәжірибесін, оқу стилін, әлеуметтік моделін, өзара іс-әрекетін, жеке ритмін, тәсілдемесін енгізеді.
Жеке тәсілдеме инклюзивті білім берудің квинтэссенциясы болып табылады және білім беру ұйымдары мен мектеп қоғамдастығы деңгейінде инклюзивті практика базасында іске асырылады.
ЕБҚ бар балаларға жеке тәсілдеменің заманауи тенденциялары қалыптасқан дәстүрлі тәсілдемелерден ерекшеленеді. Олар баланы жалпы оқу ортасына қосуды, қосымша білім беру құрылымдары мен қолдау қызметтерін құруды, білім беру процесінің икемділігі, дидактикалық тәсілдер мен әдістерді бейімдеу арқылы мектеп бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді көздейді.
Мұғалім мен баланың өзара әрекеттесуінде кіші жастағы балаларға жағымды эмоционалдық қолдауды қамтамасыз етудегі педагогтің әлеуеті мен тәжірибесі бастауыш мектептегі табыстылықтың күшті факторы болып табылады. Балалар өзара қарым-қатынас арқылы дамиды. Мейірімді мұғалім жағымсыз өмірлік жағдаяттардан қорғайды және кездесетін қиындықтармен баланың күресе алуына ықпал етеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың барлығында дамуында ерекшеліктер болады. Олар өз назарын бір дағдыларды игеруге жұмсайды да және осы уақыт ішінде дамудың басқа салаларында үлгермеуі мүмкін. Бұл ретте барлық балалардың салыстырмалы түрде «мықты жақтары», жеке қабілеттері мен қызығушылықтары, сондай-ақ «әлсіз жақтары» болады. Оқытудың жеке стратегиялары педагогтерге әр балаға бағдар бере отырып, білім беру іс-шараларын тиімді шоғырландыруға көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет