6.4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІ
10-11-сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
Жалпы орта білім берудің мақсаты – білім алушылардың жоғары оқу орнында білім беруді жалғастыруға академиялық дайындығын қамтамасыз ету және кең ауқымдағы дағдыларды дамыту негізінде кәсіптік өзін-өзі анықтау үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру:
білімді функционалдық және шығармашылық қолдану;
сын тұрғысынан ойлау;
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолдану;
топта және жеке жұмыс істей білу;
мәселелерді шешу және шешім қабылдау
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
Міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейінді оқу пәндерін ұштастыру негізінде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды жүзеге асыру.
Жоғары оқу орындарына түсу үшін білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету.
Б ітірушілердің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету.
Қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушы, ауылдық жерлерде 20 және одан да көп білім алушы толтырады:
1) қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарда;
2) орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;
3) шет тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру.
(ҚР МЖМБС 51-тармағы 05.05.2020 № 182 өзгеріс пен толықтырулары бар).
Сыныптарды топтарға бөлуге қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде 51-тармақта көрсетілген пәндерден басқа білім алушылар санына қарамастан жол беріледі..
Достарыңызбен бөлісу: |