(ҚР МЖБС 51.1-тармағы 05.05.2020 № 182 өзгеріс пен толықтырулары бар).
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім беру саласы аясында келесі пәндер оқытылады: «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», « Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі».
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
2020-2021 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 11-сынып жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасымен оқитын болады.
Тіл де, әдебиет те – ғасырлар бойы жасалған, ұлттың дүниетанымы мен ғылыми-философиялық ойлау жүйесін танытатын құндылықтар.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйтқысы қазақ тілін пән ретінде оқытудың басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен қағидалары мыналар:
1) Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау.
2) Тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және кісілік мәдениетті қатар дамытуға, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру.
3) Тілді оқытуда жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдық беру.
4) Қазақ тілін оқытуда білім мен ғылымның интеграциясын жүзеге асыру. Тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту. Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пәндердің, ғылымның кілті.
Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – танымның, ой мен сезімді білдірудің де құралы және ұлттық ділді сақтаудың кепілі, ұлттық сананы қалыптастырудың тетігі.
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
10-11-сыныпта оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына және «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген Ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылады:
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ сайтынан алуға болады. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты көрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
- жаратылыстану-математикалық бағытта:
1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
|