Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет132/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

6.4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІ


10-11-сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері


Жалпы орта білім берудің мақсаты – білім алушылардың жоғары оқу орнында білім беруді жалғастыруға академиялық дайындығын қамтамасыз ету және кең ауқымдағы дағдыларды дамыту негізінде кәсіптік өзін-өзі анықтау үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру:

  • білімді функционалдық және шығармашылық қолдану;

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолдану;

  • топта және жеке жұмыс істей білу;

  • мәселелерді шешу және шешім қабылдау

Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:



        1. Міндетті оқу пәндері мен таңдау бойынша бейінді оқу пәндерін ұштастыру негізінде жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды жүзеге асыру.

        2. Жоғары оқу орындарына түсу үшін білім алушылардың академиялық дайындығын қамтамасыз ету.

        3. Б ітірушілердің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету.



Қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушы, ауылдық жерлерде 20 және одан да көп білім алушы толтырады:
1) қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарда;
2) орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылмайтын сыныптарда;
3) шет тілі;
4) информатика;
5) дене шынықтыру.
(ҚР МЖМБС 51-тармағы 05.05.2020 № 182 өзгеріс пен толықтырулары бар).




Сыныптарды топтарға бөлуге қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде инвариантты компонент пәндері бойынша сабақтар өткізу кезінде 51-тармақта көрсетілген пәндерден басқа білім алушылар санына қарамастан жол беріледі..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет