Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет129/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Назар аударыңыздар!


«Көркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу өнері және технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу өнері, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай құрастырған. «Көркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады.
Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерге жетекшілік жасайтын мұғалімдер сағаттарын жоғалтуы негізсіз болып табылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
5-9-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде дене шынықтыру білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды.
Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін (мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттық-спецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы бойынша білімді қалыптастыру; негізгі физикалық қасиеттерді жетілдіру, арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, атап айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған.
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы бойынша өзгеруі мүмкін.
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  2. 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  3. 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  4. 8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;

  5. 9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Негізгі мектептің 5-сыныбынан бастап дене шынықтыру сабақтары ер балалар және қыз балалар топтарына бөлу негізінде жүргізіледі. Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерлерде – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде – 5 ұл (қыз) баладан кем емес болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1.«Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттері» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және үйлесімділікті дамыту; түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі; арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде қимыл-қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу ретін түрлендіру; қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындауды жақсарту үшін өзінің және өзгелердің біліктіліктерін бағалау; бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау; қиындықты жеңе білу және қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қауіп-қатерлерге жауап қайтара білу.
2. «Шығармашылық қабілеттер және қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білуге бейімделу; көшбасшылық, сондай-ақ, команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету; дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін сыни тұрғыдан бағалау және оны шешудің балама жолдарын ұсыну; жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін білу; жарыс кезінде таза ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету; түрлі қимыл-қозғалыстармен шарттастырылған рөлдерді орындау және олардың айырмашылықтарын сезіне білу.
3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: жеке бас денсаулығы және салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау; түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу; денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану; басқалардың дене жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және дағдыларды қолдану.
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018.–89 б.» (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)» әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына орналастырылған (nao.kz).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет