Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет20/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Сабақтың бақылауынан кейінгі рефлексия

1. Сабақтың бақылау парағындағы барлық негізгі сәттерді талқылау басталғанға дейін белгілеу.


2. Сабаққа қатысқаннан кейін тікелей бақылауды белгілеуге болады.
3. Сабаққа қатысу қорытындысы бойынша талқылау өткізу. Талдау сабақ/сабақ үзіндісінің оң аспектілерінен бастау қажет және одан кейін сабаққа дайындалу кезінде ескеру маңызды сәттерді атап өту қажет. Мұғалімнің жеке қасиеттеріне емес, сабақтың табысты немесе керісінше, үлгермеген нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аудару қажет.
4. Талқылау кезінде барлық белгіленген сәттерді маңызды бөлшектерді жіберіп алмау үшін жазып отыру ұсынылады.
5. Талқылау кезінде мұғалімге кері байланыс беру үшін сабаққа негізгі түсініктемелер беру керек.
6. 1 сабақты немесе сабақтың фрагментін талқылау уақыты-15 минуттан аспайды, өйткені барлық сабаққа қатысқан сабақтарды талқылау қажет.
7. Сабаққа қатысты кері байланыс барысында, ең алдымен, мұғалімге ол өткен сабақ бойынша не ойлайды, яғни сабақта жақсы өтті және тиімді оқыту үшін не жақсартуға болады деген сұрақ қойыңыз.
Мұғалім өз пікірін білдіргеннен кейін, сабақтың оң сәттерінен бастап, жақсартуға болатын немесе қажет болған сәттерді талқылаумен диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет.
Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту, мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық кеңестердің отырыстарында ұдайы тыңдалуға тиіс.


Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңының 61-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес» білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында білім беру ұйымдарының басшылары Қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, оқу жылы аяқталғаннан кейін кездесулер өткізуді (қаржылық-шаруашылық қызметі туралы хабардар ету) қамтамасыз ету қажет.
Бұдан басқа, 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарының басшылары өздерінің ресми интернет-ресурстарында «білім беру және ғылым ұйымдары қызметіндегі ашықтық қағидатын іске асыру туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына қосымшаға сәйкес қыркүйек пен қаңтарда (өзгерістер енгізілген жағдайда) тарификация мен штаттық кестенің жариялануын қамтамасыз етсін.
Облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, сондай-ақ білім бөлімдерінің басшылары ата-аналар мен жұртшылықтың сұрақтарына жедел жауап беру үшін Call-орталығының жұмысын қамтамасыз етуі қажет.
Аталған материалдарды интернет-ресурстарда орналастыру мониторингін қамтамасыз ету көзделіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет