2020-2021 оқу жылында кітаптың пайдасын арттыру мен кітап оқуды қолдау мақсатында («Кітап оқу сәні») оқушылар арасындағы кітап оқу сағаттары сақталады. Тиімді нұсқалардың бірі ретінде педагогтарға сабақтың басында әдеби кітапты күнделікті оқыту тәжірибеге айналдыру ұсынылады.
Кітап алмасу үшін арнайы орындар – буккросинг, білім аулшылар мен ересектердің (кітапханашы, мұғалім, ата-аналар мен білім алушылар) кітапқа деген жалпы қызығушылығы негізінде, кітап көрмелері мен кітап өнімдеріне қоғамдық шолу жасау үшін арнайы орындар ұйымдастыру; «Оқымысты мектеп» конкурстары, кітапханаларға кітаптарды өз еркімен тапсыруға арналған қайырымдылық акциясы; білім алушылардың кітапхана қызметкерлерімен кездесулері, сонымен қатар отбасылық оқуға арналған кітаптардың тізімін жасау, ата-аналармен қосылып кітап оқу және талқылау, альбомдар, буклеттер, кино және бейне материалдар дайындау және т.б. маңызды.
Мектеп кітапханадан ескі кітаптарды сатуды ұйымдастыруы мүмкін. Кітапханалар – балалар мен отбасылық оқу бағдарламаларын қолдауда мектептің тұрақты серіктесі болып табылады. Мектеп кітапханасы кітап оқу апталығын өткізу үшін «Жазғы оқылым», «Кітап бәйгесі», «Отбасымен қосылып оқу» және т.б. сияқты бағдарламаларды белсенді түрде дамытуы керек, мұнда бірінші күн «Оқу және жазу мәдениеті күні» деп аталады.
Мектептің сайтында ең жақсы балалар мен мектеп әдебиеттеріне арналған түрлі қызметтер, балалар мен жасөспірімдердің оқуын белсендіру үшін ресурстар (Интернет-викториналар, ұсыныс қызметтері, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек.
Кітаптарды электронды форматта оқу мүмкіндіктерін, соның ішінде мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы балаларға әдебиет ағынын жақсы басқаруға көмектесетін және өзге балаларды кітап оқуға тартуға мүмкіндік беретін жаңа электрондық ресурстарды дамыту қажет.
3) Ұлттық тәрбие: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, үлкендерді құрметтеу, табиғатқа ұқыпты қарау; ұлт, интернационализм; тарихты есте сақтау; патриоттық рух; Қазақстан ұлттары мен халықтарының гуманистік құндылықтары; ұлттық сана-сезім.
Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу, әрбір мектепте музейлер ашу, атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер, сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағыт шеңберінде: «Менің Отаным – Қазақстан» балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту, экспедициялар, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру, «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетанулық білімін және мектеп туризмін, тарихи-археологиялық қозғалысты арттыру, туған өлкенің тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін терең зерттеу) «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және аялап қарау) жобаларын жүзеге асыру ұсынылады
Мұғалімдер әдістемелік көмек ретінде Академияда әзірленген «100 жаңа есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» ұсынымдамаларын пайдалана алады. https://www.nao.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |