ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Практикаға 

бағытталған, 

зерттеушілік 

және 


шығармашылық 

тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек. 

4. 8-сынып, «Алгебра» оқу пәні. 

Оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен 

салыстырғанда  елеулі  өзгерістер  жоқ.  Курстың  базалық  мазмұнына 

«Статистика  элементтері»  тарауы  (Жиілік.  Жиіліктер  кестесі.  Интервалдық 

кесте. Гистограмма.  Жинақталған жиілік.  Орта  мән. Дисперсия. Стандартты 

ауытқу. Алқап.) қосылған. Бұл тараудың кейбір материалдары қолданыстағы 

оқу бағдарламасы бойынша 9-сыныпта қарастырылған болатын.  

5. 8-сынып, «Алгебра» оқу пәні. 

9-сыныпта қолданыстағы оқу бағдарламасындай  

 «Екі  айнымалысы  бар  теңдеулер,  теңсіздіктер  және  олардың 

жүйелері»,    «Тізбектер»,  «Тригонометрия»  бөлімдері  қарастырылады.  Оқу 

бағдарламасының  мазмұны  комбинаторика  мен  ықтималдықтар  теориясы 

бойынша  материалдармен  толықтырылған.  Атап  айтқанда  «Комбинаторика 

элементтері»  бөлімінде  келесі  тақырыптар  берілген:  Комбинаториканың 

негізгі  ұғымдары  мен  ережелері  (қосу  және  көбейту  ережелері).  Санның 

факториалы.  Қайталанбайтын    «орналастыру»,  «алмастыру»  және  «теру» 

ұғымдары.  Комбинаториканың  негізгі  формулалары.  Комбинаторика 

формулаларын  қолдану  арқылы  есептер  шығару.  Ньютон  биномы  және 

қасиеттері, ал «Ықтималдықтар теориясының элементтері» бөліміне «Оқиға, 

кездейсоқ  оқиға,  ақиқат  оқиға,  мүмкін  емес  оқиға.  Элементар    оқиғалар. 

Қолайлы  нәтижелер.  Тең  мүмкіндікті  және  қарама-қарсы  оқиғалар. 

Ықтималдықтың  классикалық  анықтамасы.  Статистикалық  ықтималдық. 

Геометриялық  ықтималдық»  тақырыптары  енгізілген.  Қолданыстағы  оқу 

бағдарламасы бойынша бұл бөлім 10-сыныпта қарастырылған болатын. 

6. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні. 

7-сыныпта  білім  алушылар  «Геометрия»  оқу  пәнін  оқуға  енді  ғана 

кіріседі,  сондықтан  қолданыстағы  оқу  бағдарламасымен  салыстырғанда 

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.  

7. 8-сынып, «Геометрия» оқу пәні. 

«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

8. 9-сынып, «Геометрия» оқу пәні. 

«Геометрия»  оқу  пәнінің  базалық  білім  мазмұнында  қолданыстағы  оқу 

бағдарламасымен салыстырғанда өзгерістер жоқ. 

7-8-сыныптарда  «Геометрия»  пәнін  оқытуда  пәннің  практикалық 

бағыттылығы күшейтіледі. 

«Информатика»  оқу  пәнінің  базалық  мазмұнында  2013  жылғы  оқу 

бағдарламаларымен салыстырғанда келесідей өзгерістер бар. 

5-8  сыныптарда  мектеп  пәнінің  негізгі  мазмұны  2018-2019  оқу 

жылындағыдай өзгермейді. 

2019-2020  оқу  жылындағы  9  сыныпта  базалық  білім  берудің  5-9 

сыныптары үшін «Информатика» пәні бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес 

жаңартылған  мазмұндағы  (Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 


180 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



министрінің  бұйрығына  9-қосымша)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша 200). 

«Информатика»  пәнінің  9-сыныпқа  арналған  негізгі  мазмұны  мынадай 

бөлімдерден тұрады: 

1) 

«Компьютердің 



құрылғылары». 

Мақсатына 

байланысты 

компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдау; 

2) 

«Программалық 



қамтамасыз 

ету». 


Пайдаланушының 

қажеттіліктеріне байланысты бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау; 

3) «Компьютерлік желілер». Бұлтты технологияларды қолдану арқылы 

құжаттармен ортақ жұмыс істеу; 

4)  «Ақпаратты  ұсыну  және  өлшеу».  Ақпарат  қасиеттері  (өзектілігі, 

дәлдігі, анықтығы, құндылығы); 

5)  «Ақпараттық  объектілерді  құру  және  түрлендіру».  Дерекқор,  өріс, 

жазба.  Электрондық  кестеде  деректер  базасын  құру.  Деректерді  іздеу, 

сұрыптау және сүзгілеу; 

6)  «Модельдеу».  Процесс  моделдерін  (физикалық,  биологиялық, 

экономикалық) электрондық кестеде зерттеу және құру; 

7)  «Программалау».  Бір  өлшемді  массив.  Екі  өлшемді  массив. 

Массивтерді  өңдеудің  негізгі  алгоритмдері:  массив  элементтерін  іздеу, 

сұрыптау, орнын ауыстыру, жою және қою. PyGame (пайгейм) кітапханасы. 

Ойынның  артқы  фоны.  Ойынға  арналған  дайын  кейіпкерлер.  Кейіпкер 

қозғалысы.  Дайын  сценарий  бойынша  ойын  программмалау.  Ойын 

нәтижелерін есептеу; 

8)  «Эргономика».  Компьютерде  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу  тәуекелін 

бағалау; 

9)  «Ақпараттық  қауіпсіздік».  Желіде  жұмыс  істеудің  этикалық  және 

құқықтық нормаларын бұзу салдарлары. 

Сыныпты  2  топқа  бөлу  қалалық  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  24 

және одан да көп оқушыларды, ал ауылдық жерлерде  - 20 және одан да көп 

оқушыларды,  ал  шағын  мектептерде  кемінде  10  оқушы  қамтитын  сыныпта 

өткізіледі.

 

 «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  бағалау  процесін  өткізу 



үшін 

мұғалімге 

көмек 

ретінде 


(

http://smk.edu.kz

сайтқа 


келесі 

материалдарды: 

Критериалды 

бағалау 


бойынша 

нұсқаулық, 

Қалыптастырушы  бағалау  тапсырмаларының  жинағы,  Жиынтық  бағалау 

бойынша  әдістемелік  ұсынымдамалар,  Тоқсанға  арналған  жиынтық  бағалау 

спецификациясы  орналастырған  және  еркін  түрде  кіруге  мүмкіншілік 

жасалған. 

5-9-сыныптарда  «Информатика»  пәнін  оқыту  кезінде  үштілділік 

саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын 

білім  алушылардың  академиялық  тілін  дамыту  ұсынылады.  Бұл  процесс 

әрбір  сабақ  үшін  білім  алушылардың  тілдік  дағдыларын  дамыту  жолдарын 

анықтауды  қамтиды.  Мысалы:  «Білім  алушылар  әлеуметтік  желіні 

пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».  

Программалау  тілі  ағылшын  тілі  болып  табылатынын,  көптеген 



181 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



компьютерлерлік  интерфейстер  де  ағылшын  тілінде  берілгенін  айта  кету 

керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы 

бойынша  ағылшын  тілінде  оқып  игеруіне  болатынын  пән  мұғалімдері 

әрдайым  естерінде  сақтаулары  керек.  Мұғалімдер  білім  алушылардың 

назарын, 

информатика 

бойынша 

(

http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon



лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-

ақ  ұқсастықтар  мен  метафораларды  пайдалана  отырып  күрделі  жүйелерді 

түсіндіру  мүмкіндігі  сияқты  информатика  саласындағы жұмыстарға  қажетті 

тілдік  дағдыларға  аудартулары  керек.  Одан  бөтен,  мұғалімдер  білім 

алушылардың  бойында  бай  академиялық  тіл  қалыптастыру  мақсатында, 

диалог/жазу  үшін  пайдалы  сөздерді  пайдалануды  қамтитын  мұқият  және 

жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.  

Мұғалімдерге  көмек  ретінде  TIMSS  және  PISA  халықаралық 

зерттеулерге  білім  алушыларды  дайындауғаарналғанесептер  жинағы 

әзірленді, ол Академия сайтында (

www.nao.kz

) орналастырылған. 

 

«Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

44 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны  


 

Сынып 


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

5-сынып 




6-сынып 




 

«Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

 «Тізбектер»,  «Тригонометрия»  бөлімдерінің  көлемінің  үлкендігіне 

қарай  екінші  және  үшінші  тоқсанда  сәйкесінде  2  және  3  бөлім  бойынша 

жиынтық бағалаулар ұсынылған.   

45 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны 

Сынып 


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау 

рәсімдерінің саны  



182 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

7-сынып 



8-сынып 





9-сынып 






 

«Геометрия» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

46 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны 


Сынып 

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

7-сынып 



8-сынып 





9-сынып 






 

«Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалау 

рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

47 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны 


Сынып 

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау 

рәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

5-сынып 




6-сынып 




7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 






 

2019-2020  оқу  жылында  жаратылыстану-математикалық  циклінің 

(математика, 

биология,  химия,  география)  мұғалімдерімен 

бірге 

кіріктірілген  тақырыптық  онкүндіктер  өткізу  ұсынылады.  Онкүндіктер  үш 



кезеңде:  бастауыш,  одан  кейін  орта  және  жоғары  сынып  білім 

алушыларымен өткізіледі.  Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар 

мен  мұғалімдерді  жаңа  жаңалықтарға  ынталандырып  қана  қоймайды; 

мұғалімдердің  өзара  тәжірибе  алмасуы,  қолданылатын  әдістердің 

жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол 


183 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



елдің  мәдениеті  мен  тарихын  терең  зерделеу  мақсатында  маңызды  күндері 

мен  мерейтойларына  назар  аудару  ұсынылады,  ол  өз  кезегінде,  білім  беру 

ұйымы  базасында  өткізілетін  тақырыптық  іс-шараларда  тікелей  көрініс 

табуы тиіс. 



 

 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

Жаратылыстану  ғылымын  оқыту  білім  алушылардың  бойында  табиғи 



құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты 

танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде 

адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын 

сезінуге  бағытталған  және  жеке  тұлғалық  құндылық  қасиеттер  жүйесін 

тәрбиелеуге,  жеке  тұлғаның  дүниетанымдық,  мәдени,  тәжірибеге 

бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. 

«Жаратылыстану»  пәнін  география,  биология,  физика  және  химияның 

кіріктірілген  курсы  ретінде  география  пәнінің  мұғалімі  сияқты  биология 

пәнінің  мұғалімі  де,  немесе  физика  немесе  химия  пәні  мұғалімі  жүргізе 

алады. 


Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша 

келесі пәндер оқытылады: 

5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»; 

7, 8,9 -сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика». 

Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан 

бастап  бір  мезгілде  «Физика»,  «Химия»,  «Биология»,  «География»  пәндері 

оқытылады,  мектептегі  жаратылыстану  ғылымдарын  оқытудың  үздіксіздігін 

және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.  

Бұл  5-сыныпта  оқыған  «Жаратылыстану»  пәнінен  кейінгі  үзілістің 

болуын  жояды,  өйткені  қолданыстағы  оқу  бағдарламалары  бойынша 

«Физика»  пәні  7-сыныптан,  ал  «Химия»  пәні  8-сыныптан  бастап 

оқытылатын. 

«Физика»,  «Химия»,  «Биология»,  «География»  пәндерінің  синхронды 

оқытыла  басталуы  әр  пәннің  мазмұны  басқа  пәнде  жалғасын  табуға  ықпал 

етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық 

кезеңде зерделенеді. 



«Жаратылыстану»  оқу  пәні  бастауыш  мектепте  оқытылған 

«Жаратылыстану»  пәні  бағдарламасының  логикалық  жалғасы  болып 

табылады.  5-6  сыныптың  білім  алушыларына  жаратылыстану  бағытында 

білім  беру,  олардың  жаратылыстану  ғылымына  деген  қызығушылығының 

артуына,  осы  жастағылардың  мүмкіндігіне  қарай  зерттеулер  жүргізудің 

қарапайым  дағдыларын,  әлем  туралы  ой-өрістерін  кеңейтуге,  ғылымды 

ұғыну  мен  қоршаған  әлемді  тұтастай  қабылдауларының  дамуына,  қоршаған 

әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.  

5-6-сыныптарда  «Жаратылыстану»  курсын  оқудың  мақсаты  білім 

алушылардың  бойында  жаратылыстану  ғылымы  білімін,  табиғат  пен 

қоғамның  өзара  байланысы,  табиғаттағы  заңдылықтардың  біртұтастығы 


184 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



туралы  түсінігін  қалыптастыру  және  күнделікті  өмірде  кездесетін  табиғат 

құбылыстарының  зардабы  мен  процесін  сипаттау,  болжау  үшін  қолдану 

біліктігін  дамыту  болып  табылады.  Пәннің  мазмұнын  меңгерудегі  жүйелік-

әрекеттік  тәсіл зерттеу дағдыларын (іздеуді,  іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты 

талдауды 

және 


бағалауды, 

зерттеу 


нәтижелерін 

ұсынуды 


қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді. 

Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. 

Адам»,  «Заттар  және  материалдар»,  «Тірі  және  өлі  табиғаттағы  процестер», 

«Энергия  және  қозғалыс»,«Экология  және  тұрақты  даму»,  «Әлемді 

өзгертетін  жаңалықтар».  Бағдарлама  білім  алушыларға  қоршаған  әлемнің 

көптүрлілігін,  табиғи  құбылыстар  мен  процестердің  өзара  байланысын,  тірі 

және  өлі  табиғатта  болатын  табиғи  құбылыстар  мен  процестердің  себептері 

мен  салдарын,  табиғаттағы  нысандар  мен  процестердің  көптүрлілігін 

жүйелеу  принциптерін,  адамның  көптеген  іс-әрекеті  үшін  ғылыми-

жаратылыстану  білімінің  маңыздылығын  түсінуге  мүмкіндік  беретіндейетіп 

құрылған. 

Сабақ  уақытында  білім  алушылардың  байқау,  ғылыми  зерттеуді 

жоспарлау,  деректерді  алу  және  ұсыну,  нәтижелерді  түсіндіру  тәрізді 

зерттеушілік, 

ойлау, 

сөйлеу 


және 

коммуникативтік 

дағдыларын 

қалыптастыруға  ерекше  назар  аудару  қажет.  Мысалы,  түрлі  тақырыптарды 

зерделеу  арқылы,  білім  алушы  зерттеу  жоспарын  құрастыруды,  бақылауды, 

эксперименттер  жүргізуді,  нәтижелерді  ауызша  және  жазбаша  сипаттауды 

және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім 

алушының  үйде,  мектепте,  табиғатта  бақыланған  нысандар  мен 

құбылыстарды  түсінуі  үшін,  алынған  білім  мен  дағдыларды  күнделікті 

өмірде қолдану біліктерін дамытады. 



«Жаратылыстану»  сабақтарында  жергілікті  компонент  деректерін 

тартуғаерекше назар аудару қажет. 

Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті 

өмірде  практикалық  маңызы  бар  төмендегідей  оқыту  мақсаттарына  назар 

аудару ұсынылады: 

5.6.3.1  -  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  проблемаларын 

атау; 

5.6.3.2 - өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу; 



5.6.3.3 - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын 

анықтау; 

5.7.1.1 - әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру; 

5.7.2.1  –ғылымдағы  болашақ  зерттеулер  үшін    зерттеу  идеяларын 

ұсыну; 

6.3.3.3 - Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану 



салаларын анықтау; 

6.3.3.4  -  Қазақстандағы    пайдалы  қазбаларды  өндеудің 

ірі 

орталықтарын атау және көрсету; 



6.3.3.5  -  пайдалы  қазбалардың  өндірілуі    мен    өңделінуінің  қоршаған 

ортаға әсерін түсіндіру; 



185 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру; 

6.4.2.5  -  азық-түлік  өнімдеріндегі  органикалық  заттардың  болуын 

тестілеу; 

6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу;  

6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну; 

6.6.3.1  -  өзінің  аймағындағы  кейбір  экологиялық  мәселелердің 

себептерін талдау; 

6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну 

6.7.1.1 - әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау; 

6.7.1.2  -  жаратылыстану  ғылымдарын  дамытуда  қазақстандық 

ғалымдардың үлесін талқылау; 

6.7.1.3  -  ғылыми  зерттеулер  бағыттарының  болашақтағы  дамуына  

болжам жасау. 

«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге 

құмарлықты, ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи 

және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.  

Ол  білім  алушының  қоршаған  әлемнің  түрлі  нысандары  мен 

құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және 

зерттеушілік  іс-әрекеттер  арқылы  алынған  білімнің  күнделікті  өмірмен 

байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.  

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

5-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

6-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

Жаратылыстану  пәндері  мұғалімдерінің  тамыз  отырысында 

қарастыруға төмендегідей тақырыптар ұсынылады: 

1.Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (7-9-сыныптарда)  жаратылыстану  

пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері. 

2. STEM – білім беру – проблемасы және келешегі. 

3. Жаратылыстану-ғылыми білім беру және clil - технологиялар. 

Жаратылыстану  мұғалімдерінің  оқу  жылы  ішінде  әдістемелік 

құрылымдарының  (әдістемелік  бірлестіктер,  жас  маман  мектебі, 

педагогикалық  шеберлікті  жетілдіру  мектебі,  шығармашылық  топтар 

және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар

1. 


Жаратылыстануциклыпәндерін 

оқыту 


жәнеSTEM-білімінің 

артықшылығы 

2. 

Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері. 



3.  Жаратылыстану-ғылыми  цикл  пәндерін  ағылшын  тілінде  кіріктіріп 

оқыту  әдістемесі:  ерекшеліктері,  артықшылықтары,  әдістері,  жүзеге  асыру 

тәсілдері. 

 

«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау  



рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

186 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

48 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны  

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

5-сынып 




6-сынып 






 

«Физика» 

 

«Физика»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  білім  алушылардың  ғылыми 

дүиетанымдық  негіздерін,  әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесін 

тұтастай  қабылдауын,  өмірде  маңызды  практикалық  мәселелерді  шешуде 

табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.  

«Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

7-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

8-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды; 

9-сыныпта –  аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 

7-9-сыныптарда  «Физика»  оқу  пәнінің  мазмұны  8  бөлімді  қамтиды: 

Физикалық шамалар мен өлшеулер; Механика; Жылу физикасы; Электр және 

магнетизм;  Геометриялық  оптика;  Кванттық  физика  элементтері; 

Астрономия негіздері; Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.  

7-сыныпта «Физика» оқу пәнінде табиғат құбылыстарын қарастырады, 

физиканың  негізгі  заңдарымен  танысады  және  осы  заңдарды  техникада, 

күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. Физика мен оның заңдары 

барлық жаратылыстану саласының өзегі екендігіне басты назар аударылады. 

7-сыныптың  кіріспе  бөлімінде  «атом»,  «материя»  және  «физикалық 

термин»,  «гипотеза»  және  «эксперимент»,  «өлшем»  және  «өлшеу  қателігі» 

«Халықаралық  бірліктер  жүйесі(SI)»,  «скаляр  және  векторлық  шамалар» 

физиканы зерттеу үшін негіз болып табылады.  

«Физика»  пәнін  оқыту  бойынша  тақырыптың  оқу  күрделілігі  және 

тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет: 

-  «7.1.1.7-  күштерді  берілген  масштабта  графикалық  түрде  көрсету. 

Білім  алушыларға  күрделі  емес  есептер  ұсыну  және  әртүрлі  денелердің 

қозғалысының  нақты  мысалында  меңгеру  үшін  «вектор»  бастапқы  ұғымын 

енгізу ұсынылады; 

-  7.2.2.8 күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету; 

-  7.2.2.9денеге  әсер  ететін  және  бір  түзудің  бойымен  бағытталған 

күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау.  

Осы  оқу  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  практикалық  бөлігіне 

графикалық  деректермен  жұмыс  істеудің  әртүрлі  нұсқалары  берілген 

тапсырма карталарды енгізу ұсынылады. 



187 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет