апробациядан ӛткізу ҥшін пилоттық мектептердің тізімі
№
Ӛңірдің атауы
Пилоттық мектептің атауы
1.
Астана қаласы
№ 13 орта мектебі
2.
Алматы қаласы
М. Мәметова атындағы №28 орта
мектебі
3.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы
Н.Крупская атындағы орта мектебі
4.
Ақтӛбе облысы, Ақтӛбе қаласы
№ 51 мектеп-гимназиясы
5.
Алматы облысы, Кӛксу ауданы
К. Жалайыри атындағы мектеп-
гимназиясы
6.
Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 33 орта мектебі
7.
Шығыс Қазақстан облысы,Ӛскемен қаласы
№ 4 орта мектебі
8.
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы
№ 34 мектеп-гимназиясы
9.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№ 49 мектеп-гимназиясы
10. Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы
№101 мектеп-лицейі
11. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Ж. Қизатов атындағы № 23 орта мектебі
12. Қостанай облысы, Қостанай қаласы
№5 орта мектебі
13. Маңғыстау облысы, Жаңаӛзен қаласы
№ 21 орта мектебі
14. Павлодар облысы, Павлодар қаласы
№ 41 орта мектебі
426
15.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл
қаласы
№ 40 орта мектебі
16. Шымкент қаласы
Қ. Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі
17.2 1-сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
бағдарламаларының апробациясы
2019-2020 оқу жылында пилоттық мектептердің бірінші сыныптарында
«Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер апробациядан
ӛткізіледі (тізім қоса беріліп отыр).
Оқу жүктемесінің кӛлемі: 1 сынып – аптасына 2 (екі) сағат, оқу жылында
66 сағат. Бұл оқу пәндерін мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу
бағдарламасымен оқытады.
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары «Білім
берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелді).
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары:
1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын
қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау;
2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккӛздердің сан алуан түрлері;
3) қызықты және уәждеуші пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың
тілді А1 деңгейінде меңгеруіне жету мақсатын кӛздейді.
Бастауыш мектеп бағдарламасының мазмұны оқушылардың күнделікті
қарым-қатынаста неміс және француз тілдерін қолдана білуін дамытуға және
одан әрі оқыту үшін берік негіз құруға бағытталған.
Бастауыш мектептің «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу
бағдарламалары оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруға және
дамытуға, олардың қызығушылығы мен ӛзіне деген сенімділігін арттыруға,
сондай-ақ неміс және француз тілдерін оқуға деген оң кӛзқарасты
қалыптастыруға бағытталған. Кең спектрлі дағдылармен органикалық бірлікте
жеке қасиеттерді дамыту білім алушылардың бойына білім берудің базалық
құндылықтарын: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік",
«құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «ӛмір
бойы білім беру» сіңіру үшін негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім
алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын тұрақты
тұлғалық бағдар болуға бағытталған.
«Неміс тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым (Hörverstehen/хѐрферштэен): сабақтағы бірқатар іс-әрекет
427
түрлерін орындауға қатысты баяу және анық айтылатын қысқаша қарапайым
нұсқауларды тыңдау, баяу және анық айтылатын сұрақтар, кӛпшілікке таныс
есімдер және жер-су атаулары, жалпы және оқу лексикасының кейбір сӛздері,
Бұл не? түріндегі қысқаша негізгі сұрақтар, фонемалар және олардың
тіркесімдерінің дыбысталуы, әліпби әріптері;
2) айтылым (Sprechen/шпрэхэн): сабақ барысында адамдар, заттар және
іс-әрекеттер туралы қарапайым сӛйлем құрастырады, ӛздерін таныстыра алады,
сабақтағы шағын әңгімелесу кезінде адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы
сұрақтар қояды, таныс сӛздер мен сӛздер тізбегін анық айтады;
3) оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): әліпбидің әріптерін таниды
және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды, кейбір
таныс сӛздерді біледі, әліпби әріптерін дұрыс реттілікпен орналастырады;
4) неміс
тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): атау
септігіндегі зат есімдерді жекеше түрде қолданады, адамдар мен орындар
туралы айтады (2-3 сӛйлем), есептік сан есімдер - 1-ден 12-ге дейін санайды,
адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, ein/айн, der/дэр,
ein/айн, das/дас, eine/айнэ, die/ди артикльдерін, қарапайым сұрақтар құрастыру
кезінде was/вас, wer/вэр, wo/во, wie/ви сұрау сӛздерін қолданады, атау
септігіндегі ich/их, du/ду жіктеу есімдіктерін, (Präsens/прэзэнс) осы шақты
қолданады.
«Француз тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
5) тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сабақтағы
бірқатар іс-әрекет түрлерін орындау бойынша баяу және анық айтылған қысқа
қарапайым нұсқауларды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпыға мәлім есімдер мен
елді-мекен атауларын тыңдау, жалпы және оқу лексикасының кейбір сӛздерінің
(айтылуы), «Бұл не?» түріндегі қысқа негізгі сұрақтар, фонемалар мен олардың
тіркестерінің, әліпби әріптерінің дыбысталуы;
6) айтылым (production orale/продюксион ораль): сабақта адамдар, заттар
және іс-әрекет түрлері туралы бірінші жақтан қарапайым сӛйлем құрастырады,
сабақтағы қарапайым әңгімелесу барысында адамдар, заттар және іс-әрекет
түрлері туралы сұрақтар қояды, таныс сӛздер мен фразаларды анық айтады,
ӛзге адамдармен қарапайым әңгімелесу барысында ӛздерін таныстыра алады
және сұрақтар қоя біледі;
7) оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): әліпбидің әріптерін
дыбыстайды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді
таниды кейбір кӛзге таныс сӛздерді таниды, сӛздерді әліпбилік ретпен
орналастыру үшін әріптерді (бірінші әріп бойынша) қолданады;
8) француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ):
жекеше және кӛпше түрдегі зат есімдерді қолданады, адамдар мен елді-
мекендер туралы айтады, 1-ден 20-ға дейінгі есептік сандар, адамдар мен
заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, заттың орналасуын кӛрсету үшін
sur/сюр, sous/су, dans/дан кӛмекші сӛздерінің қолданылуы, қарапайым
сұрақтарды құрастыру кезінде qui’est-ce que c’est/кэс кѐ сэ?, qui est-ce, où est/ки
эс? у э? сұрау есімдіктерін, заттарды кӛрсету үшін ce/сѐ, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ
сілтеу есімдіктерін, c’est/сэ, ce sont/сѐ құрылымдарын, ӛзі туралы негізгі
428
ақпаратты беру үшін жіктеу есімдіктерін қолдану, қарапайым командаларды
немесе нұсқаулықтарды құрастыру үшін бұйрық райды Lisez/Лизэ, ouvrez/уврэ,
fermez/фэрмэ (болымды түрде) қолданады, ӛзі туралы негізгі ақпаратты беру
үшін осы шақты (Présent/Прэзан) (болымды, болымсыз және сұраулы
формаларын) қолданады.
Оқу бағдарламалары бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына
арналған «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған
мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы Ұзақ мерзімді
жоспарға сәйкес жүзеге асады.
17.3 8-сыныпқа арналған «Қоғам және дін» курсының оқулықтары
мен оқу-әдістемелік кешендерінің апробациясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
27 тамыздағы №390 бұйрығына сәйкес 2019-2020 оқу жылында 31 пилоттық
мектепте 8-сыныптардың «Қоғам және дін» факультативтік курсының
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері апробациядан ӛткізіледі.
Оқу курсы бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі аптасына 1 сағатты, оқу
жылында – 34 сағатты құрайды. «Қоғам және дін» курсын Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25 » қазандағы №
545 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбына
арналған «Қоғам және дін» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тарих
және қоғамдық пәндер мұғалімдері жүргізеді.
«Қоғам және дін» факультативтік курсы – зайырлы қоғамның негізгі
құндылықтары мен даму тенденцияларын түсінетін, дін және оның тарихи
процестегі рӛлі туралы ғылыми білімді жүйелеуге қабілетті, ғылыми
дүниетаным мен ұлттық санаға ие, ӛркениеттің тарихи-мәдени тәжірибесі
негізінде ойлай алатын рухани тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік беретін
кіріктірілген әлеуметтік-гуманитарлық курс болып табылады.
Пәннің базалық білім мазмұны Қазақстан Республикасы Президентінің
2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020
жылдарға арналған Тұжырымдамасы негізінде әзірленді.
Факультативтік курсты оқытудың мақсаты:
- білім алушыларға әлемдік тарихи процестегі діннің орны, оның ӛзара
байланысы мен қарым-қатынасы туралы, дін туралы ғылыми білім негізінде
зайырлылық және мемлекет пен қоғамның зайырлы негіздері туралы түсінік
қалыптастыру;
- ӛзге халықтардың діни мәдениетіне құрметпен қарауды, діни экстремизм
мен фанатизмнің радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Факультативтік курсты оқытудың міндеттері:
- мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз ету
принципін жүзеге асыру;
- білім алушылардың діндердің тарихы және олардың ӛзіндік
ерекшеліктері туралы ғылыми білімін қалыптастыру;
429
- білім алушылардың зайырлы қоғам дамуының қазіргі кезеңін талдау
мен жеке ӛмірін болжау үшін дін туралы қажетті білімді адамзат ӛркениетінің
құбылысы ретінде меңгеруі;
- қоғам дамуының зайырлы принциптерінің ӛзіндік құндылықтары мен
әлем халықтарының діни мәдениеттерінің бірегейлігін ұғыну;
- білім алушылардың азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет
дамуының зайырлылық принциптеріне негізделген жеке ұстанымдары мен
құндылықтық бағдарын қалыптастыру;
- қазіргі қоғам мен жеке тұлға ӛміріндегі діннің рӛлін анықтау;
- әртүрлі діндер мен діни ұстанымдар құндылықтарының арасындағы
байланыстарды анықтау;
- түрлі діни мәдениеттер мен дәстүрлерге тӛзімділікпен қарауды
қалыптастыру;
- дін және оның тарихы туралы білімнің негізінде діни сауаттылыққа
тәрбиелеу;
- Қазақстан халқының тарихи қалыптасқан дәстүрлерін қастерлеу
қабілетін арттыра отырып, қоғамдағы әр түрлі жат діни ағымдарға қарсы
иммунитет қалыптастыру;
- білім алушылардың діни әдебиет, электронды ресурстар мен БАҚ
материалдарын талдауға қатысты сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың коммуникативтік байланыс дағдыларын, дін
саласындағы ӛзекті мәселелер бойынша сұхбаттастық қабілетін дамыту.
«Қоғам және дін» курсы негізінен ақпараттық-ағартушылық, сондықтан
білім берудегі негізгі педагогикалық тәсілі – зайырлы, конфессиялық емес
болып табылады.
«Қоғам және дін» курсының зерттеу объектісі ежелгі заманнан қазіргі
кезеңге дейінгі адамзаттың діни мәдениетінің даму барысындағы оқиғалар,
құбылыстар мен үрдістердің алуантүрлілігі болып табылады.
Оқу бағдарламасы дінді ӛркениеттердің рухани мәдениетінің бӛлігі
ретінде, ал адамды жалпыадамзаттық және діни мәдениеттің негізін қалаушы
ретінде қарастырады. «Ӛнер ӛркениеттердің рухани әлемінің кӛрінісі ретінде»,
«Ӛнердегі діни бейнелер» тақырыптары білім алушыларға қоғамның
дамуындағы мәдениет пен діннің тығыз ӛзара байланысын түсінуге мүмкіндік
береді.
Білімалушылардың
жоғары
рухани-адамгершілік
қасиеттерін
қалыптастыруда: адам ӛмірі - басты құндылық, махаббат пен отбасы
құндылықтары, бәсекеге қабілетті қоғам және мемлекеттің қалыптасуы мен
дамуындағы еңбектің рӛлі сияқты тақырыптарды зерделеу ӛте маңызды.
Осы негізде қоғам мен мәдениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан
Батыс пен Шығыстың кӛрнекті ойшылдарының мәдени және рухани мұрасы
оқытылады.
Діни наным-сенімдер мен діндердің пайда болуы, нығаюы және дамуы
туралы тарихи шолумен қатар, «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбы
берілген. Бұл білім алушылардың
мемлекеттің зайырлы
сипатын
Республиканың табысты дамуының маңызды шарты ретінде бағалай білуіне
430
мүмкіндік береді. «Қазақстан - дінаралық диалог пен келісім елі». «Діни
тӛзімділік, толеранттылық және келісім – мемлекеттер мен қоғамдардың
үйлесімді ӛмір сүруінің негізі ретінде» мазмұндық желілері курстың басты
жолы болып табылады.
Білім алушылардың экстремизм мен терроризмді қазіргі әлемнің
жаһандық қауіпі ретінде түсінуіне ерекше кӛңіл бӛлінген. Сондықтан, жүйелі
алынған білім бір жағынан білім алушыларды Қазақстан Республикасының
толыққанды азаматы ретінде ӛз халқының рухани мәдениетін сақтау және
қорғау қабілетін қалыптастыруға, екінші жағынан, діни сананы және дінге
деген кӛзқарасты анықтауға, оларға құрметпен қарауға мүмкіндік береді .
Курс мазмұнында білім алушылардың ӛз бетімен зерттеу әрекетін
ұйымдастыратын шығармашылық жобалар қарастырылған. Сонымен, «Қоғам
және дін» курсы білім алушыларға қоғам, мәдениет және дін туралы, Қазақстан
Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты мен мәні туралы қажетті
білім береді. Бұл курс білім алушылардың гуманистік дүниетанымға,
жалпыадамзаттық құндылықтар мен толеранттылыққа қайшы келмейтін
принциптер туралы түсінігін қалыптастырады.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік ұсыныстар
«Қоғам және дін» курсы бойынша оқу процесінде оқытудың келесі:
құндылыққа бағдарланған тәсіл, тұлғаға бағдарланған тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл,
саралап оқыту тәсілі, коммуникативтік тәсілдерін қолдану ұсынылады.
Курсты оқытуда Қазақстандық патриотизмді, толеранттық сананы,
тарихқа, ата-баба дәстүрі мен мәдениетіне құрмет кӛрсетуді, басқа
халықтардың діни дәстүрлеріне сыйластықпен қарауды және экстремизм мен
фанатизмнің радикалды идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыруда
құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру ұсынылады.
Тұлғаға бағдарланған тәсіл білім алушылардың жеке мүдделері мен
қабілеттерін, дербес оқиғаларды талдау және бағалау үшін қоғамдағы діннің
орны мен рӛліне қатысты кешенді мәселелерді талқылау процесінде қолдану
ұсынылады. Сонымен қатар, білім алушылардың қорытындылары мен
тұжырымдарын, пайымдауларын және мәдени құбылыстар мен процестерді
талқылауда жеке пікірі болуын, ӛз ұстанымын анықтау, қорғау қабілетін, іске
асыруды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттік тәсіл білім алушылардың ӛзекті сұрақтарды бірлесіп
талқылауға, рӛлдік ойындар және басқа да шығармашылық білім беру
түрлеріне белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Саралап оқыту тәсілі білім алушылардың жеке қабілеттерін ескеру
мақсатына олардың әр түрлі топтарының оқу қызметін, пәннің арнайы
жасақталған құралдарының кӛмегімен ұйымдастыру және сараланған
тапсырмаларды қолдануды қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік тәсіл білім алушылардың дұрыс сӛйлеуін, түрлі
жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бӛлісу және
алмасу қабілеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тапсырмаларды,
сондай-ақ шынайы коммуникативтік қарым-қатынасты (жұптық және топтық
жұмыс) дамытуға бағытталған.
431
«Қоғам
және
дін»
курсын
оқыту
барысында
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану ақпаратты іздеу, сұрыптау және
фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен айырмашылықтарды
анықтау, салыстыруға байланысты ӛзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамытуға,
білім алушылардың білімін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды
пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «27» тамыздағы
№ 390 бұйрығына қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің
8-сыныбына арналған «Қоғам және дін» курсының оқулықтары мен оқу-
әдістемелік кешендерін сынақтан ӛткізетін эксперименттік білім беру
ҧйымдарының тізімі
№
Областар атауы
Мектептер атауы
Мектеп
типі
Оқыту
тілі
1
Ақмола облысы
Кӛкшетау қаласы, №14 орта мектебі
қала
аралас
Бурабай ауданы, Оқжетпес орта мектебі
ауыл
аралас
2
Ақтӛбе облысы
Темір ауданы, Шұбарқұдық елді-мекені
№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
№1
ауыл
қазақ
Ақтӛбе қаласы, № 25 жалпы орта білім
беретін мектебі
қала
аралас
3
Алматы облысы
Кӛксу ауданы, Ақшатоған ауылы, №5
орта мектебі
ауыл
орыс
Талдықорған қаласы,
М. Жұмабаев атындағы
№19 орта мектеп-гимназиясы
қала
қазақ
4
Атырау облысы
Атырау қаласы, Ж. Қаражігітов атындағы
№ 16 мектеп-лицейі
қала
аралас
Индер ауданы, «Кӛктем» қазақ орта
мектебі
ауыл
қазақ
5
Шығыс-Қазақстан
облысы
Ӛскемен қаласы, Меновное орта мектебі
қала
аралас
Ӛскемен қаласы, Шоқан Уәлиханов
атындағы №3 мектеп-лицейі
қала
қазақ
6
Жамбыл облысы
Тараз қаласы, №40 мектеп-гимназиясы
қала
орыс
Меркі ауданы, №5 Ақарал мектеп-
гимназиясы
ауыл
қазақ
7
Батыс-Қазақстан
облысы
Орал қаласы, №24 жалпы орта білім
беретін мектебі
қала
орыс
Теректі ауданы, Подстепное ауылы,
Теректі
аудандық
лингвистикалық
гимназиясы
ауыл
қазақ
8
Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданы,
Қарқаралы
қаласының
академик
қала
қазақ
432
О.А. Жәутіков атындағы жалпы білім
беретін № 1 қазақ орта мектебі
Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы,
№15 жалпы орта білім беретін мектебі
қала
аралас
9
Қостанай облысы
Қостанай ауданы, Озерная орта мектебі
ауыл
аралас
Лисаковск қаласы, Лисаковск қаласы
әкімдігінің білім бӛлімінің мектеп-
гимназиясы
қала
орыс
10
Қызылорда облысы Қызылорда
қаласы,
Сақтапберген
Әлжіков атындағы №144 орта мектебі
қала
қазақ
Арал ауданы, Н.К.Крупская атындағы
№14 мектеп-лицейі
ауыл
орыс
11
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы,
№17 жалпы білім беретін
орта мектеп
қала
аралас
Түпқараған ауданы, Баутин ауылы,
М.Горький атындағы мектеп-лицейі
ауыл
орыс
12
Павлодар облысы
Павлодар қаласы,
М.Әуезов атындағы
№42 жалпы орта білім беретін мектебі
қала
аралас
Аққулы ауданы, С.Сатыбалды атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі
ауыл
қазақ
13
Солтүстік
Қазақстан облысы
Ақжар ауданы, Алқатерек орта мектебі
ауыл
қазақ
Петропавл қаласы, №44 орта мектебі
қала
орыс
14
Түркістан облысы
Түркістан қаласы, М.Жұмабаев атындағы
№15 мектеп-гимназиясы
қала
аралас
Созақ ауданы, Созақ» жалпы орта мектеп
– гимназиясы
ауыл
қазақ
15
Нұр-Сұлтан қаласы № 53 мектеп-лицейі
қала
аралас
16
Алматы қаласы
Медеу ауданы, №19 жалпы орта білім
беретін мектебі
қала
аралас
17
Шымкент қаласы
Жамбыл
атындағы
№26
мектеп-
гимназиясы
қала
қазақ
Достарыңызбен бөлісу: |