ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48

16 тамыздағы № 611 бҧйрығы. 

Осы  «Білім  беру  объектілеріне  қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  

Объект  салынатын  жер  учаскесін  таңдауға, 

жобалауға,  реконструкциялауға,  пайдалануға, 

сумен  жабдықтауға,  су  бұруға,  жылумен 

жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны 

баптауға,  жӛндеуге  және  күтіп-ұстауға,  тұру, 

тамақтану,  оқыту  жағдайларына  және  ӛндірістік 

практикаға,  ӛндірістік  бақылауға,  персоналдың 

еңбек  және  қызмет  кӛрсету  жағдайларына,  білім 

алушылар  мен  тәрбиеленушілерді  медициналық 

қамтамасыз  етуге  қойылатын  санитариялық-

эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 

 

Білім  беруде  инклюзивтік  үдерістерді  дамыту  мектеп  ортасының 



техникалық  немесе  ұйымдастырушылық  ӛзгеруін  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

білім беру философиясының ӛзгеруін де болжайды. 



Инклюзивті білім алуға сүйенетін негізгі құндылықтар: 

 

371 


 

- әр бала – жеке тұлға; 

- барлығы оқи алады

-  әр  баланың  қызығушылықтары,  қабілеттері  мен  оқу  қажеттілігінің 

бірегей ерекшеліктері бар; 

- кез келген нысанда кемсітуге тыйым салу; 

- әркімнің қоғам ӛміріне қатысу құқығы; 

- бір-біріне тӛзімділік; 

-  «Алуан  түрліліктегі  үйлесім»  деп  түсінілетін  толеранттылық  рухында 

тәрбиелеу  (Толеранттылық  принциптерінің  декларациясы  //  ЮНЕСКО,  1995 

ж.). 

Инклюзивті мектептің принциптері: 

-  барлық  қызметкерлер  инклюзияның  құндылықтарын  бӛліседі,  оң  кӛңіл-

күймен және ӛз міндеттерін түсінеді; 

- кемсітпеушілік; 

- адамның тәуелсіздігі мен жеке дербестігін құрметтеу; 

- қол жетімділік; 

- қоғамға толық қосу және тарту; 

-  мұғалімнің,  арнайы  педагогтың,  психологтың,  мектеп  әкімшілігінің, 

басқа  да  мамандардың,  ата-аналардың  және  оқушының  ӛзінің  бірлескен 

(командалық) жұмысы. 

Білім  беру  ұйымдарында  кедергісіз  ортаны  қамтамасыз  ету  (физикалық 

қолжетімділікті  қоса  алғанда)  және  білім  беру  процесін  оқу  барысында 

қиындықтарға тап болған оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге 

асыру  үшін  қажетті  материалдық  база  құрылуы  тиіс  (пандустарды,  лифттерді, 

дәретханаларды, ойын аймақтарын жабдықтау, мамандар кабинеттерін қажетті 

жабдықтармен және дидактикалық материалдармен жабдықтау). 



Тосқауылсыз  білім  беру  ортасын  жобалау  және  модельдеу  кезінде  келесі 

ерекше принциптерді ескеру қажет: 



1.  Қауіпсіздік,  баланың  сенімсіздік  пен  қорқыныш  сезімін  азайтуға 

мүмкіндік 

беретін 

ортаның 


белгілі 

бір 


пәндік 

және 


кеңістіктік 

ұйымдастырылуын болжайды. Ол қол жетімді ережелер мен қорғау құралдарын 

пайдалана  отырып,  еркін  бағдарлануға,  қозғалуға  және  қажетті  әрекеттерді 

орындауға мүмкіндік алады. 



2. Мәдени маңызы бар нысандардың қанықтығы. Білім беру ортасы балаға 

үнемі  әртүрлі  ақпарат  тасымалдаушылармен  қарым-қатынасты  қамтамасыз 

етеді  (қоршаған  орта  туралы  белгілі  бір  мәлімет  береді),  бұл  оның  танымдық 

белсенділігін,  еріксіз  және  ерікті  назарын,  іс-әрекетін  айтарлықтай 

ынталандырады. 

3.  Ортаның  қолжетімділігі,  физикалық  кедергілерді  жоюға  бағытталады 

(кең ойықтар, пандустар, тұтқалар). 



4.  Полисенсорлық  қабылдау  үшін  қол  жетімділік,  ол  білім  беру  ортасы 

жеке  нысандарды,  сондай-ақ,  олардың  арасындағы  қарым-қатынастарды 

қабылдау  кезінде  түрлі  сезім  органдарынан  ақпаратты  кеңінен  тарту 

мүмкіндігін  ынталандыруын  және  қамтамасыз  етуін  болжайды.  Бұл  ӛте 

маңызды,  себебі  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сенсорлық  бұзушылықтары 


 

372 


 

бар. 


5.  Мағыналық  реттеу.  Білім  беру  ортасындағы  қарым-қатынастардың 

барлық  түрлері  белгілі  бір  ережелер  жүйесіне  сәйкес  ұйымдастырылады, 

оларды  түсіну  және  орындау  баланың  ӛмірлік  іс-әрекетінің  тиімділігін  едәуір 

арттырады. 

6. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне ену. Білім беру ортасын ұйымдастыру 

балаға  оқиғалық  қауымдастықты  қамтамасыз  етеді,  оның  белсенді  ӛзара 

әрекеттесуін және қоршаған адамдармен қарым-қатынасын ынталандырады. 

7.  Дамыту  сипаты.  Баланың  ӛз  бетінше  немесе  айналасындағылардың 

кӛмегімен  жеңе  алатын  ойластырылған  кедергілер  жүйесінің  болуын 

болжайды. 

8. Нақты және әлеуетті танымдық мүмкіндіктерді қорғау мен дамытуға 

бағдарлау.  Білім  беру  ортасын  ұйымдастыру  баланы  ӛзекті  және  жақын  даму 

аймағында  жұмыс  істеу  қажеттілігінің  алдына  қояды.  Бұл  принцип  арнайы 

білім беруде маңызды болып табылады. 

Психологиялық қолайлы жағдай жасау  білім беру ұйымдарында ЕБҚ бар 

білім  алушылардың  бейімделуі  үшін  пәндік-практикалық  қоршаған  ортасын 

орнатудан  басталады.  Бұл  ретте  бала  үшін  психологиялық  жайлылықтың 

маңызды  компоненттерінің  бірі  оның  сыныптағы  оқу  орны  болып  табылады. 

Сыныптағы  оқушыларды  отырғызу  мәселесін  шешу  кезінде  ұстануы  қажет 

кейбір ережелер бар.  

ЕБҚ бар балаларға қолайлы отырғызу орындарын ұсыну қажет: 

- оларды ынталы және жақсы үлгеруші оқушылардың жанында немесе оң 

рӛлдік модельді тасымалдаушылардың жанында отырғызу керек; 

- назар аударатын заттардың жанында отырғызудан аулақ болу; 

-  қауіпсіз,  кедергілерден  бос  ортаны  және  жүріп-тұру  үшін  барабар 

кеңістікті қамтамасыз ету; 

- тақталарды бӛгде заттармен үймеуге; 

- ЕБҚ бар бала отырған жерде тыныштық және жайлы аймақ құру

-  оқу  орындарын  оқушылар  үшін  икемді  топтарда  сабақта  жұмыс  істеуге 

және ӛзара іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін етіп ұйымдастыру. 

Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  елдері 

мектеп  оқушыларда  оқуға  қиындық  туғызатын  себептердің  үш  тобын,  соның 

салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерін қарауды ұсынады: 

- бала дамуының бұзылуы; 

- мінез-құлық және эмоциялық мәселелер; 

ӛмірдің 



қолайсыз 

жағдайлары 

(әлеуметтік, 

психологиялық, 

экономикалық, лингвистикалық және т.б. мәселелер). 

Ерекше білім беру қажеттілігі – бұл әр оқушыны оқытуда табысты болуын 

қамтамасыз  ету  мақсатында  психологиялық-педагогикалық  әдістермен  жүзеге 

асырылатын оқу үдерісінде кӛмек пен қызмет кӛрсету қажеттілігі. 

Жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципін негізге ала отырып, 

білім беру процесінің барлық қатысушылары: 

1) кедергілер мен мәселелер емес, ресурстар ретінде мүмкіндіктердің алуан 

түрлілігін  қарастыру.  Мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігін  жетілдіру  және 



 

373 


 

оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толерантты мінез-

құлық мәдениетін тәрбиелеу ресурстары. Бір оқушының қиындықтарын жеңуге 

қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; 

2)  оқудағы  жоғары  жетістіктері  бар  оқушыларға  ғана  емес,  сыныптың 

барлық оқушыларына бағдармен оқу үдерісін құру; 

3)  Ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  оқушыларды  тек  мамандармен 

(логопед,  арнайы  педагог,  психолог,  жеке  кӛмекші)  ғана  емес,  барлық  білім 

беру процесіне қатысушылар тарапынан қолдауды қамтамасыз ету; 

4)  оқу  үдерісінде  оқушыларға  кӛмек  кӛрсету  мәселелерін  шешуге 

командалық тәсілдемені қолдану; 

5) оқушыларға қолдау кӛрсету және ұйымдастыру кезінде «таңбашаларды» 

ілуден  бас  тарту.  Кӛмек  оқушыларға  –  «инклюзивщиктерге»,  «ерекше», 

«дағдарыстық», 

«инклюзияға 

жататын» 

балаларға 

емес, 


оқушылар 

қауымдастығының  толық  құқылы  мүшелеріне  кӛрсетіледі.  Таңбашаларды  ілу 

кемсітушіліктің кӛрінісі болып табылады. 

ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  (бастауыш, 

негізгі  орта  және  орта)  сәйкес  «ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  білім 

алушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында 

арнайы жағдайлар жасалады». 

Қазіргі уақытта ҚР Білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігінің 

қатарына қажеттіліктер жатады: 

1) оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ӛзгертуде (қысқартылған немесе 

жеке бағдарлама бойынша оқыту); 

2)  оқыту  нәтижелерін  бағалау  тәсілдерін  (оқушының  жетістіктерін) 

ӛзгертуде; 

3) оқытудың вариативті, арнайы және балама әдістерін қолдануда; 

4)  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  таңдауда,  жеке  оқу  материалдарын 

пайдалануда; 

5) оқыту нысанын таңдауда; 

6) кедергісіз орта құру және оқу орнын бейімдеу; 

7) орнын толтырушы және техникалық құралдарда

8)  арнайы  психологиялық-педагогикалық  кӛмекте  (психолог,  логопед, 

арнайы педагог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог); 

9) педагог-ассистенттің кӛмегінде; 

10)  әлеуметтік-педагогикалық  кӛмекте  (әрбір  қажеттілікті  жүзеге 

асырудың толық сипаттамасы ТП ҰҒПО әдістемелік құралында берілген). 

Оқыту қиындықтарының сипаты мен айқындылық дәрежесіне байланысты 

білім  алушыда  біреуден  бірнеше  ерекше  білім  алу  қажеттілігі  айқындалуы 

мүмкін.  Оқушылардың  ерекше  білім  алу  қажеттілігі  білім  алудың  кез  келген 

кезеңінде пайда болуы мүмкін. 

Арнайы жағдайлар жасау бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі 

және  оқу  үрдісінде  оқушыға  психологиялық-педагогикалық  қолдау  кӛрсету 

келесідей болып табылады: 

а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарға жағымды кӛзқарасы;  

б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі 


 

374 


 

академиялық табыстылық;  

в) оқушының әлеуметтік бейімделуі. 

Білім  алушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдау  ерекше  білім 

беру  қажеттілігін  бағалау  негізінде  жүзеге  асырылады.  Ерекше  білім  беру 

қажеттіліктерін  бағалау  –  бұл  анықталған  оқыту  қиындықтары  мен  олардың 

пайда  болу  себептері  негізінде  оқу  үрдісінде  оқушының  қолдау  түрлерін, 

формалары мен кӛлемін анықтау. 

Қажеттіліктерді  бағалау,  білім  алушыларды  қолдау  секілді  деңгейлік 

сипатқа  ие.  Бір  деңгейді  қолдаудан  қолдаудың  қарқындылығын  арттыру 

жағына  да,  қолдауды  азайту  жағына  да  басқа  деңгейді  қолдауға  кӛшу 

мүмкіндігі бар. 



Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың бірінші деңгейі. 

Бағалау  мен  қолдауды  тікелей  мұғалім  жүзеге  асырады.  Мұғалім  бірінші 

болып  формативті  бағалау  барысында  оқытудың  қиындықтарын  анықтайды. 

Оның  міндеті  –  қиындықтар  сипатын,  олардың  пайда  болу  себептерін  ӛзіндік 

анықтау,  оқушының  қалыптасатын  білімдеріндегі  олқылықтарды  анықтау.  

Алынған  ақпарат  негізінде  мұғалім  сыныпта  оқушыны  сабақта  қолдауды 

ұйымдастыруы керек (жеке тәсілдеме). 

Мұғалім  тарапынан  оқушыны  қолдау  тәсілі  келесі  іс-шаралар  болуы 

мүмкін: 

1) оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану: «кішкентай қадамдар» 

әдісі,  пәндік  іс-әрекетке  және  кӛрнекілік  құралдарына  сүйену,  «сӛйлеу 

дағдыларын  дамыту»  («оречевление»)  пәндік  және  ақыл-ой  әрекеттерін,  «алға 

жүгіру»,  үздіксіз  қайталауды  үйрену,  оқылатын  ұғымдарды  салыстыру  және 

қарсы қою тәсілдерін қолдану және т.б.; 

2)  сабақта  жеке  оқу  материалдарын  қолдану:  кӛрнекілік  құралдарды, 

жаднамаларды, алгоритмдік нұсқамаларды, жеңілдетілген оқу тапсырмаларды, 

оқу  және  жазу  үшін  мәтінді  қысқарту,  тапсырмаларды  орындау  үшін  қысқа 

және  кезең-кезеңмен  нұсқаулықтар  беру,  жатқа  білу  қажет  ақпарат  санын 

азайту және т.б.; 

3)  оқыту  нәтижелерін  бағалау  тәсілдерінің  (процедураларының)  ӛзгеруі: 

қысқа,  баяу,  қайталау,  мұғалімнің  ауызша  нұсқауы  (жазбаша  нұсқаудың 

орнына);  жұмысты  орындау  үшін  қосымша  уақыт  беру;  тапсырмаларды  тек 

ауызша/жазбаша  орындауға  мүмкіндік  беру;  планшетті,  ноутбукты  пайдалана 

отырып, жазбаша бақылау тапсырмасын орындау мүмкіндігі; 

4) бақылау материалдарын ӛзгерту: нұсқаулық тұжырымдарын бейімдеу – 

тапсырманы орындау кезеңдеріне сәйкес оны бірнеше бӛліктерге бӛлу; бақылау 

тапсырмаларының 

санын 


азайту; 

барлық 


сынып 

үшін 


бақылау 

тапсырмаларынан  ерекшеленетін  жеке  бақылау  тапсырмалары  (жеке  оқу 

мақсаттарына  сәйкес);  бақылау  тапсырмасын  орындауды  жеңілдететін 

иллюстрациялық  және  басқа да  тірек  материалдарын  (кестелерді,  сызбаларды, 

үлгілерді, анықтамалық материалдарды) пайдалану және т.б.; 

5) сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу (бірінші партада, беделді 

оқушының жанында, соңғы партада, біреуі партада, оқу тапсырмаларының бір 

бӛлігін конторкада тұрып орындау мүмкіндігі бар және т. б.); 



 

375 


 

Егер  баланың  барлық  күш-жігеріне  және  мұғалімнің  жеке  кӛмегіне 

қарамастан,  бір  және  одан  да  кӛп  негізгі  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасын 

меңгеруде  қиындықтар  бір  тоқсан  ішінде  сақталса,  онда  мұғалім  мектептің 

психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  қызметі  (психолог,  логопед, 

мұғалім-дефектолог) кӛмегіне сұратым жасайды. 



Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың екінші деңгейі. 

Қажеттіліктерді  бағалау  мен  қолдауды  тек  мұғалім  ғана  емес,  сонымен 

қатар  психологиялық-педагогикалық  сүйемелдеу  қызметі  мамандарының 

командасы (психолог, логопед, дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог) жүзеге 

асырады.  Оқушының  мамандардың  кӛмегіне  қажеттілігін  бағалауды  жүргізу 

үшін  оқушының  ата-анасының  жазбаша  келісімін  алу  қажет.  Әрбір  маман 

қажетті  әдістер  мен  әдістемелерді  қолдана  отырып,  оқушыларды  оқытудың 

қиындықтарын  тудыратын  себептерді  анықтау  мақсатында  психологиялық, 

логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді. Зерттеу барысында маман 

оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ оқудағы табысты болуы 

үшін  оқушының  қолда  бар  ресурстарын  да  анықтайды.  Тексеру  нәтижелері 

бойынша мамандар келесідей анықтайды: 

- оқушының оқу бағдарламасын қысқарту қажеттілігі; 

-  қандай  мамандардың  кӛмегі  оқушыға  оқу  қиындықтарын  жеңуге 

мүмкіндік береді (психолог, логопед, әлеуметтік педагог); 

-  оқытудың  қандай  әдістері  мен  тәсілдері  неғұрлым  тиімді  болып 

табылады; 

- оқушының оқу орнына қалай бейімдеу керек. 

Психолог,  логопед,  мұғалім-дефектолог,  әлеуметтік  педагог  анықтаған 

білім  берудегі  қиындықтар  себептерінің  негізінде  оқушының  психологиялық-

педагогикалық  сүйемелдеуінің  жеке  бағдарламасының  мазмұнын  сүйемелдеу 

мамандары  мен  мұғалім  анықтайды.  Мамандардың  кӛмек  бағыттары 

мұғалімнің  сабақтағы  жеке  тәсілдемесі  мазмұнымен,  ата-аналар  тарапынан 

оқушыға  кӛмек  мазмұнымен  келісіледі.  Мамандардың  кӛмегі  жеке  немесе 

топтық сабақтарда кӛрсетіледі. 

Мұғалім  мен  мамандардың  кӛмегі  қысқартылған  оқу  бағдарламасын  (1-3 

оқу тоқсан бойы) табысты меңгеруіне әкелмеген жағдайда, сүйемелдеу қызметі 

оқушылардың ата-аналары ұсынымдар алу үшін психологиялық-медициналық-

педагогикалық  консультацияға  жіберу  туралы  шешім  қабылдауы  мүмкін  (ата-

аналардың келісімімен). 



Оқушының қажеттіліктері мен қолдауын бағалаудың ҥшінші деңгейі. 

Оқушының 

қажеттілігін 

бағалау 


психологиялық-медициналық-

педагогикалық 

консультацияның 

мамандарымен 

анықталады. 

ПМПК 


қажеттілігін  бағалау  нәтижелері  бойынша  оқушыға  дефектолог-мұғалімнің, 

мұғалім ассистентінің кӛмегі ұсынылуы мүмкін, білім алу нұсқалары ұсынылуы 

мүмкін:  тұрғылықты  жері  бойынша  жалпы  білім  беру  сыныбында,  арнайы 

сыныпта, арнайы мектепте. ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабына сәйкес білім 

беру ұйымын таңдау оқушының ата-аналарына қалады. Ата-аналар тұрғылықты 

жері бойынша мектепті таңдаған жағдайда, мектеп ПМПК-ның ұсынымдарына 

сәйкес (ҚР БҒМ № 595 п.25 бұйрығына сілтеме). 


 

376 


 

Оқушының  қажеттілігін  бағалау  алгоритмі  (ПМПК  ұсынымы  бар)  және 

оның  психологиялық-педагогикалық  қолдауын  қамтамасыз  ету  ҚР  БҒМ 

«Түзету  педагогикасының  ұлттық  ғылыми-практикалық  орталығы»  ММ 

сайтында 

http://special-edu.kz/

  орналасқан  «Жалпы  білім  беретін  мектепте 

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу» әдістемелік ұсынымдарында ұсынылған. 

Ол  тӛмендегі  кестеде  ашылған  12  қадам  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Әдістемелік  ұсынымдарда  мұғалімдер  мен  мамандар  кестеде  кӛрсетілген 

құжаттардың  формаларын  және  мектеп  жұмысын  ұйымдастырудың  нақты 

нұсқауларын,  мамандар  сүйемелдеуге  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар 

шеңберінде табады (127 кесте). 

 

127  –  кесте.  Мҧғалімнің,  психологиялық-педагогикалық  сҥйемелдеу 

қызметі  мамандарының,  ата-аналардың  оқушының  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  және  бағалау  кезеңдеріндегі  ӛзара  іс-

әрекет алгоритмі 

 

Мҧғалімнің,  ата-аналардың  іс-



әрекеттері 

Психологиялық-педагогикалық 

сҥйемелдеу  қызметі  мамандарының 

іс-әрекеттері 

1.  Мұғалім  ЕБҚ  бар  оқушымен 

танысады.  ПМПК  қорытындысы 

мен ұсынымдарын зерделейді. 

(қыркүйектің бірінші аптасы) 

1. 


Мамандар 

ЕБҚ 


бар 

мектеп 


оқушыларының тізімін жасайды. ПМПК 

қорытындысы 

мен 

ұсыныстарын 



зерделейді 

(қыркүйектің 

бірінші 

аптасы). Форма 1. 

2.  Мұғалім  ата-аналармен  әңгіме 

ӛткізеді,  оқушы  туралы  мәлімет 

жинайды, оларға сауалнама (Форма 

1а)  және  коммуникативтік  паспорт 

(Форма  1в)  толтыруды  ұсынады. 

(қыркүйектің 1-2-ші аптасы) 

2. Ата-аналармен әңгіме ӛткізеді, оқушы 

туралы мәліметтер жинайды, әңгімелесу 

хаттамасына 

мәліметтерді 

енгізеді. 

Форма 1б. 

(қыркүйектің 1-2-ші аптасы) 

3.  Мұғалім  ЕБҚ  бар  оқушыны 

бірнеше  күн  бақылайды,  «сабақта 

оқушыны 


бақылау 

хаттамасы» 

ағымдық  формасын  толтырады 

(Форма 2а).  

(қыркүйектің 1-3-ші аптасы) 

3.  ЕБҚ  бар  оқушыны  бірнеше  күн 

бақылап  отырады,  «сабақта  оқушыны 

бақылау 


хаттамасы» 

ағымдық 


формасын толтырады (Форма 2а).  

(қыркүйектің 1-3-ші аптасы) 

4.  «Сабақта  оқушыны  бақылау 

хаттамасы» (Форма 2б) қорытынды 

формасына  бақылау  нәтижелерін 

жинақтайды. 

(қыркүйектің 2-3-ші аптасы) 

4. 


«Сабақта 

оқушыны 


бақылау 

хаттамасы»  (Форма  2б)  қорытынды 

формасына 

бақылау 


нәтижелерін 

жинақтайды. 

(қыркүйектің 2-3-ші аптасы) 

Форма  2  б  жылдың  басында,  бірінші  жарты  жылдықтан  кейін  және 

жылдың  аяғында  толтырылады,  сонымен  қатар,  оқушыны  оқытудың 

табыстылығы мен дамыту динамикасы мониторингінің құралы болады. 


 

377 


 

Мұғалім 



оқушының 

оқу 


жетістіктеріне 

критериалды 

бағалауды жүргізеді. Бағдарламаны 

меңгерудегі 

олқылықтар 

мен 


қиындықтарды анықтайды. 

5. 


Оқушыны 

оқытудағы 

қиындықтардың 

нақты 


себептерін 

зерттеуге  бағытталған  (психологиялық, 

педагогикалық,  логопедтік,  әлеуметтік) 

жеке тексеру жүргізеді. 

Хаттамаларды толтырады. 

6. 


Ата-аналардың 

бақылау, 

әңгімелесу 

және 


сауалнама 

нәтижелерін  жинақтайды  және 

оқушының 

оқу 


жетістіктерін 

«оқушының  сипаттамасы»  (Форма 

3) формасында зерделейді. 

6.  Ата-аналардың  бақылау,  әңгімелесу 

және 

сауалнама 



нәтижелерін 

жинақтайды 

және 

«оқушының 



сипаттамасы»  (Форма  3)  формасында 

тереңдетіліп зерттеледі. 



Форма  3  жылдың  басында,  бірінші  жарты  жылдықтан  кейін  және  жыл 

соңында  оқушыны  оқытудың  табыстылығы  мен  дамыту  динамикасы 

мониторингінің нәтижелерін тиянақтау ретінде толтырылады. 

7.  Оқушының  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктерін 

алқалық 


(мамандармен  және  ата-аналармен) 

талқылауға  және  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  мазмұнын 

анықтауға қатысады. 

7. 

Оқушының  ерекше  білім  алу 



қажеттіліктерін  талқылауды  алқалық 

(мұғаліммен 

және 

ата-анасымен) 



ұйымдастырады 

және 


ӛткізеді, 

оқушының 

психологиялық-

педагогикалық 

қолдау 

мазмұнын 



анықтайды. 

8.  Оқушы  туралы  барлық  мәліметтерді  талқылау  нәтижесінде  оқушыны 

оқытудағы  қиындықтар,  олардың  пайда  болу  себептері  мен  механизмі 

белгіленеді. «Оқушының жиынтық сипаттамасы» құрастырылады. (Форма 4) 

Бұл  форма  маманның  жеке  жұмысының  тиімділігінің  мониторингі  ретінде 

жылдың  басында,  бірінші  жартыжылдықтан  кейін  және  жылдың  аяғында 

толтырылады 

9.  Психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеудің жеке бағдарламасын 

(оның ішінде қысқартылған немесе 

жеке 

оқу 


бағдарламаларын) 

жасауға қатысады. (Форма 5) 

9. 

Психологиялық-педагогикалық 



сүйемелдеудің  жеке  бағдарламасын 

(оның ішінде қысқартылған немесе жеке 

оқу 

бағдарламаларын) 



жасауға 

қатысады. (Форма 5) 

10. 

Жеке 


тәсілдемелер 

және 


оқытудың  арнайы  әдістері  мен 

бағалау  тәсілдерін  қолдануымен 

қысқартылған  немесе  жеке  оқу 

бағдарламасына сәйкес оқытады. 

10.  Маманның  оқушымен  жеке  жұмыс 

бағдарламасына  сәйкес  оқушымен  жеке 

(кіші  топтық)  дамыту  жұмыстарын 

жүргізеді. 

11.  Оқушының  оқу  жетістіктеріне 

мониторинг 

жүргізеді 

және 


нәтижелерін жинақтайды. 

11. 


Оқушының 

дамуы 


мен 

жетістіктеріне  мониторинг  жүргізеді 

және оның нәтижелерін жинақтайды. 

12. 


Қажеттіліктер 

мен 


қол 

жеткізілген 

нәтижелерді 

қайта 


талқылауға  қатысады.    Келесі 

12.  Қажеттіліктер  мен  қол  жеткізілген 

нәтижелерді 

командалық 

талқылау 

қайта  жүргізеді.  Сүйемелдеудің  жеке 



 

378 


 

тоқсанға 

қысқартылған 

немесе 


жеке  бағдарламалардың  мазмұнын 

талқылайды 

(қажет 

болған 


жағдайда). 

бағдарламасына  ӛзгерістер  енгізеді, 

келесі тоқсанға (қажет болған жағдайда) 

жеке  оқу  бағдарламаларын  қысқартуға 

немесе жасауға қатысады. 

 

Қазіргі  мектепте  білім  беру  үдерісін  жетілдіру  тек  оқылатын  пәндердің 



мазмұнын  ӛзгертумен  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сабақ  барысында  білім 

алушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен оқыту әдістеріндегі тәсілдемелерді 

ӛзгерту  қамтылады.  Білім  алушыларға  пассивті  әсер  ету  нысаны  болмауы 

маңызды. Сондықтан білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ой-

ӛрісін  кеңейту  және  олардың  жалпы  мәдениетін  арттыру  үшін  сабақта 

қолданылатын  оқытудың  ең  оңтайлы  түрлерін,  әдістер  мен  тәсілдерді, 

технологияларды анықтау қажет. 

Инклюзивті  білім  беру  –  бұл  жеке  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  жеке 

тұлғаға  бағытталған  оқыту  әдістерін  қолдану  негізінде  білім  беру  іс-әрекетін 

ұйымдастыру  арқылы  сапалы  оқытуға  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  етудің 

кешенді процесі. 

Инклюзивтік  тәсілдеме  –  ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  оқушыларды 

жаппай  мектепте  оқыту  қиындықтарына  бейімдеу  емес,  бүкіл  мектепті 

реформалау  және  осындай  білім  алушылардың  ерекше  білім  беру 

қажеттіліктерін ескеру және әрбір баланы оқу процесіне тарту үшін оқытудың 

ӛзге де педагогикалық тәсілдемелерін іздеу. 

Мектептің  әрбір  педагогы  инклюзия  –  жалпы  білім  беретін  мектепте 

ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  баланың  физикалық  жағынан  ғана  емес 

екенін  түсінуі  және  қабылдауы  тиіс.  Бұл  мектептің  ӛзін,  мектеп  мәдениетін 

және  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың  қарым-қатынас  жүйесін  ӛзгерту, 

педагогтар  мен  мамандардың  тығыз  ынтымақтастығы,  ата-аналарды  баламен 

жұмыс істеуге тарту. 

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үдерісінде педагогтар 

мен  ата-аналар  арасындағы  ӛзара қарым-қатынас  маңызды  рӛл  атқарады.  Ата-

аналар  ӛз  баласын  жақсы  біледі,  сондықтан  педагог  бірқатар  мәселелерді 

шешуде  олардан  құнды  кеңес  ала  алады.  Мұғалімдер  мен  ата-аналардың 

ынтымақтастығы  әр  жағынан  жағдаятты  қарауға  кӛмектеседі,  демек, 

ересектерге  баланың  жеке  ерекшеліктерін  түсінуге,  оның  қабілетін  анықтауға 

және дұрыс ӛмірлік бағдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі  мектептің  негізгі  міндеті  –  баланың  даралығын  ашу,  оған 

кӛмектесу,  әлеуметтік  әсерлерге  тұрақтылық  және  таңдауын  табу, 

тұрақтандыру,  нығайту.  Оқыту  процесінде  әр  баланың  даралығын  ашу 

заманауи мектепте инклюзивті білім беруді құруды қамтамасыз етеді. Мұндай 

оқытудың мақсаты бірыңғай сынып ұжымында «орташаланған» оқушыға емес, 

жеке-жеке  танымдық  мүмкіндіктерін,  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын 

ескере  отырып,  жеке-жеке  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  психологиялық-

педагогикалық жағдайлар жүйесін құру болып табылады. 

Мұғалім  сабаққа  дайындалуда  заманауи  технологиялар  мен  әдістерді 

қолдану  және  сабақ  берудің  тәсілдемелерін  ӛзгертуге  ұмтылуда,  білім 


 

379 


 

алушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  түсінуде  диагностикадан  т.б.  бастауы 

маңызды.  Әсіресе,  бұл  бастауыш  мектепте  маңызды,  ӛйткені  оқушылардың 

практикалық біліктері мен дағдылары арқылы оқу, жазу, есеп, рефлексия және 

т.б. пәндік тапсырмалар ерекшеліктері мен негізгі оқу дағдылары концептуалды 

түсіну қалыптасады. 

Білім  алушылардың  білім  алу  қажеттіліктерін  зерттеу  үшін  жоғарыда 

сипатталған  кӛптеген  тәсілдемелер 

https://nao.kz/

  сайтында  әдістемелік 

ұсынымдарда ұсынылады. 

Педагог  балалардың  білім  беру  қажеттіліктерін  зерттеген  және  түсінген 

кезде  оқытуды  саралау,  оқу  бағдарламасының  шеңберін  кеңейту  мүмкіндігі 

пайда болады, тіпті үлгермеген оқушының беделі де кӛтеріледі. Сабақ түрлері 

мен оқыту әдістері әр түрлі болуы мүмкін және бұл нақты сабақтың мақсатына, 

тақырыптың  ерекшелігіне  байланысты,  бірақ,  ең  бастысы  білім  алушыларда 

қандай білім алу қажеттілігі бар екендігін білуі шарт. 

Оқыту технологиясын таңдаудың тиімділігі және оның ЕБҚ бар балаларға 

бейімделуін рефлексия технологиясының кӛмегімен анықтауға және ӛлшеуге 

болады. 


Оқытуддағы  рефлексия  –  оқыту  субъектісінің  ӛз  іс-әрекетін  ой  әрекеттік 

немесе  сезіну  үдерісі.  Рефлексия  субъектінің  пәндік  білімі  мен  іс-әрекетінің 

мазмұнына жатады, оның нәтижелерін бекіту және одан әрі оның нәтижелілігін 

арттыру мақсатында жүзеге асырылған іс-әрекетті зерттеуді білдіреді. 

Сабақта  оқушының  рефлексиясын  ұйымдастыру  технологиясы  келесі 

кезеңдерден тұрады: 

- пәндік іс-әрекетті орнату

- орындалған іс-әрекеттердің бірізділігін қалпына келтіру; 

- іс-әрекеттердің жасалған реттілігін зерделеу; 

- нәтижелерді қалыптастыру; 

- келесі іс-әрекетте гипотезаларды тексеру. 

Оқыту  үдерісінде  ӛз  іс-әрекетінің  нәтижесінде  оқушы  рефлексия  арқылы 

білім алуға ӛзгеретін тәжірибеге ие болады. Бұл білімдер ӛзі алған ақпараттан 

оқушының ақпараттың мағынасын түсінетін, оған белгілі бір қарым-қатынасты 

қалыптастыратын,  осы  ақпаратқа  қатысты  ӛзін-ӛзі  анықтайтын  ақпараттармен 

ерекшеленеді.  Оқушы  ӛзінің  бастапқы  білім  деңгейін  және  түсінігін  түсінеді, 

оны  соңғы  деңгеймен  салыстырады,  оның  ӛзгерісінің  не  екенін  және 

қаншалықты (сапалық және сандық) болғанын анықтайды. 

Рефлексия  қойылған  мақсаттарға  жету  тәсілдерін  түсіндіруімен,  яғни 

мақсатты  тұжырымдауымен  байланысты.  Сондықтан  да,  ол  оқушыға  қатысты 

тәрбиелеу функциясын орындайды. 

Егер  мұғалім  оқушының  рефлекциясын  сабақ  мақсатында  және  күтілетін 

нәтижелермен  байланыстырса,  онда  кері  байланыс  педагогикалық  жұмыстың 

кӛптеген мәселелерін түсіндіреді. Ал, дәлірек айтқанда, оқушы оқу материалын 

түсінеді ме және мұғалімнің жоспарлауы баланың білім алуына кӛмектесті ме? 

Мұғалім  ӛз  сыныбындағы  жұмыстың  тиімді  әдістерін  қаншалықты 

пайдаланды? 

Сонымен  қатар,  мұғалімнің  рефлексиясы  зор  маңызға  ие  және  ол  сабақта 



 

380 


 

оқыту әдістерін іздестіру, таңдау, қолдану мен нәтижелілігін анықтайды. 

Рефлексивті  үдерістер  педагогикалық  міндеттерді  шешудің  әр  кезеңінде 

ӛздерін  әртүрлі  кӛрсетеді.  «Ақпарат  беру  бойынша  сарапшы»  рефлексиялық 

позициясында  мұғалім  ӛзінің  жоспарланған  іс-әрекеттерін  талдау  пәні  ретінде 

жасайды,  яғни  оның  санасының  рефлексиялық  процестері  алдағы  сабақтың 

мазмұнына  қарайды  және  құрастырушы  сипатқа  ие  болады.  Мұғалім  ӛзінің 

жобалық  іс-әрекеттерін  рефлексивті  бағалауды  оқушылардың  нақты  жеке 

ерекшеліктеріне,  олардың  даму  мүмкіндіктеріне  сәйкес  жасайды.  Бұл  оған 

күрделіні  жайға  айналдыруға,  қызықсызды  ынталандыруға  мүмкіндік  беретін 

мұғалімнің  ең  маңызды  кәсіби  біліктерінің  бірі  болып  табылады.  Педагогтің 

рефлексивтік  іс-әрекетінің  жүйесі  тӛменде  берілген  2-ші  сызбада  айқын 

кӛрсетіледі. 

 

 



 

                                                                          

 

 

                 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет